11 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинағын емделу үшін қалай пайдалануға болады?

06 январь 2021, 17:42
Зейнетақы жинағын емделу үшін қалай пайдалануға болады?
Алдымен зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін азаматтар өз жинағын тексеріп, олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс. Қордың enpf.kz корпоративтік сайтындағы жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасы арқылы онлайн режимінде жеткіліктілік шегі мен нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі берілген,деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қордың корпоративтік сайтындағы жеке кабинетте және ұялы қосымшада авторланудың екі тәсілі қолжетімді: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану.

Сондай-ақ, ұялы қосымшаға кейіннен қайта кіретін болсаңыз, ұялы құрылғыңызда бар болса Touch ID немесе Face ID пайдалануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсетудің қазақ немесе орыс тілдерін таңдай алады.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын тексергеннен кейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделуге пайдалану туралы шешім қабылдаған салымшылар уәкілетті операторға жүгінуі тиіс. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй бойынша да, емделу бойынша да уәкілетті оператордың функцияларын орындайды. Ол электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болған жағдайда азаматтардың өтінімдерін арнайы интернет-порталда электрондық форматта қабылдайды.

Салымшының құжаттарын тексергеннен кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

Салық төлеу мерзімі қандай?

Салымшы зейнетақы жинағын мақсатты қажеттілігіне алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау құқығы берілген. Жарналар аударылған кезде ЖТС алынбайды. Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыра алады немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

Айта кетерлігі, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде қазіргі заңнамаға сәйкес, бәріміз 10 пайыз табыс салығын төлеуіміз керек. Осы мәселеге байланысты жаңа тәсіл ұсынылған. Мәселен, келесі жылдан бастап азаматтар өзінің зейнетақы қорынан 1 миллион теңгесін алатын болса, ол 10 пайыз салықты, яғни 100 мың теңгені бірден төлемей, зейнетке шыққаннан кейін 16 жылдың ішінде бөліп төлей алады.

Төлем 5 жұмыс күні ішінде аударылады

Электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап төлем 5 жұмыс күні ішінде аударылады. Одан кейін уәкілетті оператор аударылған зейнетақы жинағын азаматтардың арнайы шоттарына 1 жұмыс күні ішінде есептейді. Зейнетақы жинағының шотта жату мерзімі 45 күн. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға не салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс.

Қордағы қаражатты емделуге жұмсаудың шарттары қандай?

Зейнетақы қорында жеткілікті сомасы бар азаматтар өзіне ғана емес сондай-ақ ата-анасының, туған және асырап алған балаларының, ата-анасы бір немесе бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, сондай-ақ ата-әжесі, немерелері денсаулығын жақсартуға қолдана алады. Жинақ алушының қолына ақша түрінде берілмейді. Қызмет көрсеткен клиникаға аударылады. Зейнетақы қоры есебінен ақысы төленетін медқызмет түрлерінің тізбесіне бірінші кезекте орфандық ауруларды емдеу енгізілген. Бұған қоса, медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, пластикалық операцияларға да зейнетақы жинағының қаржысын пайдалануға болады. Бұл тізімге радионуклидті және радиойодты терапияны талап ететін аурулар да еніп отыр. Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін аурулар медқызмет тізбесіне енгізілді. Бұған қоса, отандық медициналық ұйымдарда, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайларда медициналық оңалту үшін зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалануға болады.

Бұл тізімнің қатары әлі де толығуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі қаңтар айының аяғында барлық нормалар жарияланатынын мәлімдейді.

Қандай қадамдарды орындау керек?

Біріншіден, зейнетақы жинағына емделгісі келетін адам өзі тіркелген медициналық ұйымға – емхана-клиникаға жүгініп, өтініш жазуы керек.

Екіншіден, өтініш бойынша медұйымның басшысы өз бұйрығымен дәрігерлік комиссия құрады. Оның құрамына емхананың құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, кем дегенде 3 дәрігер-маман кіреді. Сондай-ақ оған басқа да медұйымдардың мамандарын, ЖОО, ҒЗИ, зерттеу орталықтары кафедраларының қызметкерлерін тартуға жол ашық. Азаматқа өз жинағына емделуіне келісім беру немесе одан бас тарту жиналғандардың көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссияның шешімі отырыс өткен күннен бастап 3 күн ішінде өтініш иесіне табысталуы тиіс.

Үшіншіден, алушы электронды цифрлы қолтаңбасымен уәкілетті оператордың интернет ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашады. Өтініш толтырады, оны ЭЦҚ-сымен растайды. Комиссия қорытындысын қоса тіркейді.

Төртіншіден, электронды өтініш БЖЗҚ-ға келіп түседі. БЖЗҚ өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сұратылған соманы уәкілетті операторға аударады. Оператор ол соманы алушының арнайы шотына жолдайды.

Соңында тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады. Айта кетерлігі, алушы соңынан қаражаттың емделуге жұмсалғанын құжат жүзінде растауы тиіс. Егер растай алмаса, жинақты БЖЗҚ-ға кері қайтаруға тура келеді.

БЖЗҚ-да жинағы бар, тиісті жаста «жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алатын 760 мыңға жуық азамат бар. Орта есеппен бір адамға 2,3 млн теңгеден келеді. Белгілі бір сома салымшының шотында қалуы тиіс. Екінші санат – зейнеткерлер. Олар зейнетақысының жиынтық мөлшері айырылған табыстың 40% деңгейінде алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда, жинақтардың жартысына дейін пайдалана алады. Мұндай қазақстандықтардың саны 170 мыңға жуық. Үшінші санат – зейнетақы аннуитетін ресімдеген және БЖЗҚ-да жинақтары бар азаматтар. Онда орта есеппен 23 мың адамның әрқайсысына 2,5 млн теңгеден келеді. Осы үш санат бойынша шамамен 1 млн адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқылы.
Просмотров материала: 1 323

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 217 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 729 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 308 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 358 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 674 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 633 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 760 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 006 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 231 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 373 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 941 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 134 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 461 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 114 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 336 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 058 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 452 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 173 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 842 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 116 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 054 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 099 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 144 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 512 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 844 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 906 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 860 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 230 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031