2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайызға өсті

05 январь 2021, 9:52
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайызға өсті
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері - 7%, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5%-ға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%, яғни инфляция деңгейінен 2% ілгерілеп арттырылды. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артты. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды.

Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды.

Бұл өсім 2,2 млн зейнеткерге қатысты.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақылардың мынадай түрлері 5% артты:

- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы;

- бала кезінен I-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақы.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты 1 қаңтардан бастап келесі жәрдемақылардың мөлшері 5% - ға артты:

- №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;

- бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік жәрдемақылар;

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;

- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де 5% артты.
Просмотров материала: 2 337

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 805 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 454 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 942 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 999 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 366 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 008 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 058 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 361 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 999 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 080 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 262 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 723 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 090 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 491 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 715 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 467 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031