29 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жыл басынан бері 12 мыңнан аса көрнекі ақпаратта тілге байланысты заңбұзушылық анықталған

31 декабрь 2020, 13:33
Жыл басынан бері 12 мыңнан аса көрнекі ақпаратта тілге байланысты заңбұзушылық анықталған
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңнан аса көрнекі ақпаратта тілге байланысты заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт миниистрлігінің тіл саясаты комитеті төрағасы Әділбек Қаба мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.


Almaty.tv сайтының хабарлауынша, биыл қазақ тілінің ахуалына белсенді мониторингілеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл қазақ тілінің қолданылу аясын зерделеу мақсатында Қазақстанның әр өңірінен мониторингілеу топтары құрылып, тіл жанашырлары мен өзге ұлт өкілдері де белсенділік танытты. Мәселен, әлеуметтік желілерде тілге қатысты түйткілді мәселелер қордаланып, арнайы парақшалар да жасақталды.

"Жыл басынан бері 12488 көрнекі ақпараттағы осындай қателіктер мен заңбұзушылықтар анықталыпты. Солардың 8123-і қалпына келтіріліп, түзетілді. Сондай-ақ, "Тіл қорғаны" апталық бағдарламасы ашылды. Осы бағдарлама ашылғалы бері соңғы 2-3 айдың көлемінде жұмыстар жақсы жүріп жатыр", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.

Ал, мегаполистегі қазақ тілінің ахуалын көрермендерге жеткізіп, тілдік құндылықты халыққа дәріптеу мақсатында "Алматы" арнасынан "Тіл қорғаны" хабары эфирге шыққан болатын. Түсірілім барысында шаһардағы түрлі кәсіптік нысандардағы қазақ тілінің жағдайын мониторингілеу нәтижесінде Алматыда 40-тан аса ірі кәсіп иелеріне ескерту жасалды. Осы тұста, Тіл комитетінің төрағасы Әділбек Қаба тілдік түйткілдерді шешуде бірқатар ұсыныстар айтты.

"Қазақ тілді балабақшаларды көбейту керек. Бұл – бір. Екінші мәселе – мультфильм түсіретін компаниялардың барлығын шақырып, үлкен жиын өткіздік. Сөйтіп, бәрін анықтай келе олардың елімізде ұлттық мультфильмдер түсіруде қиындық көп кездесетіні белгілі болды. Соның төңірегінде біз арнайы қарар қабылдап, қазір үкіметке, тағы да құзырлы органдарға жібердік", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.

Жалпы, еліміздің барлық аймағында жасалған мониторингілеу жұмыстары барысында қате жазылған және Тіл туралы заңда көрсетілген талаптар бұзылған көрнекі ақпараттар мен жарнамалардағы олқылықтар түзеле бастаған. Сондай-ақ, жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Көбісі заңды біле бермейді. Осы жағынан кейбір жерде ғимараттың ішінен мекемені жалға алып жатады. Сол кезде келісімшарт болады. Сол келісімшартта талаптар қойылса, олар білетін еді. Біз барып түсіндіріп жатқанда, кейбіреулері ауыстырып жатты. Сондықтан бір жағынан бұл олардың құқықтық сауатсыздығы делік. Екінші жағынан кәсіпкер тек пайда табуды ғана көздейді", – деді заңгер Мейрман Шекеев.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған жүзге жуық орталық жұмыс істеуде. Одан бөлек, қазақ тілін оқытуға арналған 40-тан аса әдістемелік оқулықтар да жарық көріпті. Ал, 2021 жылы 25 электронды платформалық алаң іске қосылмақ.
Просмотров материала: 1 736

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 358 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 871 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 452 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 504 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 815 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 546 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 675 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 917 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 107 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 259 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 854 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 100 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 456 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 280 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 322 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 049 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 996 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 104 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 045 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 551 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 079 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 505 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 888 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 835 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 850 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 084 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 220 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031