1 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Вакцина егілгеніне 4 күн өтті. Қарин екпе алғаннан кейінгі жағдайын айтты

29 декабрь 2020, 17:39
Вакцина егілгеніне 4 күн өтті. Қарин екпе алғаннан кейінгі жағдайын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайымен бөлісті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сонымен, вакцина егілгеніне бүгін төртінші күн. Көптеген журналист, әріптес, достарым хабарласып, «Қалыңыз қалай? Өзіңізді қалай сезініп жүрсіз?» деп сұрап жатыр. Ешқандай да бір өзгеріс жоқ. Дәрігерлер вакцина қабылдаған күні дене қызуы болмаса да, орны бір-екі күндей ауырады деп ескерткен. Орны ауырғаны рас. Бірақ сол күні кешке басылды. Вакцинаны жұма күні түске дейін салдырдым. Сол күні «әлдебір әсері болып қалуы мүмкін ғой» деген оймен жоспарланған кейбір кездесуімді басқа күнге ауыстырғанмын. Дегенмен ешқандай да өзгеріс байқамадым, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, вакцинаны салдырмас бұрын, жақсылап ойланғанын айтты.

Жалпы, вакцина салдыру жөніндегі шешімді кенеттен, бір күнде қабылдай салған жоқпын. Біраз ойланып, ақыл таразысына салып барып, осындай шешімге келдім. Өткен дүйсенбі күні осы мәселемен айналысып жатқан мамандарға вакцина салдыру туралы ойымды жеткіздім. Олармен ақылдастым, содан соң өзім қаралып жүрген дәрігерлермен кеңестім. Мұнан кейін, белгіленген талаптарға сәйкес екі күнде алдын ала барлық анализді тапсырдым. Дәрігерлер ПТР сынамасын, қан алды, жүректі қарады және тағы басқа қажетті процедуралар жасады. Бейсенбі күні сол анализдердің нәтижелері шыққаннан кейін, «ертең вакцина саламыз» деп хабарласты. Ал жұма күні, вакцина салдырардан бір-екі сағат бұрын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарласып, «Егер күмәнданып тұрсаңыз, әлі де бас тартуға кеш емес. Өз қалауыңызға қараймыз. Ал егер вакцина салдырудан бас тартсаңыз, онда тұрған ештеңе жоқ, түсіністікпен қараймыз» деп ескертті. Мен шешімімді өзгертпейтінімді айттым. Сөйтіп, сол күні 12.30-да вакцина егілді, - деп жазды Қарин.

Ерлан Қарин вакцинаның егілгенін халыққа жеткізу туралы арқылы отандық ғалымдарға қолдау көрсеткісі келгенін айтты.

Ал вакцинаның егілгенін жария ету туралы кейін, келесі күні түстен кейін ғана шешім қабылдадық. Ол жерде екі-ақ себебі болды. Біріншіден, отандық ғалымдарға қолдау көрсету. Қазақстанда жасалып жатқан вакцина медицина саласында елу жылдай қолданылып келе жатқан платформа негізінде дайындалуда. Және біздің институт аса қауіпті инфекцияларды зерттеу саласында ғылыми базасы қалыптасқан ТМД кеңістігі емес, ал әлемдегі ең үздік орталықтардың бірі. Екіншіден, халықтың денсаулығына қатысты маңызды дүние болған соң, ең алдымен мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар өзімізден бастағанымыз дұрыс болар деп ойладым. Шетелдік вакциналар түбінде елімізде тіркелгенімен, негізінен қолжетімді болатыны отандық вакцина, демек халық пайдаланатын вакцинаны алдымен өзіміз сынап көргеніміз қалай болған да дұрыс. Міне, бұл мәселенің бар астары осы. Менің түсінгенім, бүгінде кейбір азамат вакцина егілгені жалған десе, басқалары бұл өзін өзі жарнамалау үшін жасалған қадам деп күмәндануда. Ақталып, дәлелдеп жатуға уақытым да, құлқым да жоқ. Кім қалай қабылдайды, әркімнің өз еркі. Ең бастысы, ниетім таза болды. Ара арасында күй жағдайым туралы хабарлап отырамын, - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, жақында ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қаринге сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілген болатын.
Просмотров материала: 1 044

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 177 384 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 953 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 553 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 176 603 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 176 901 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 379 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 516 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 743 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 873 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 028 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 671 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 012 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 425 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 255 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 073 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 282 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 344 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 023 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 418 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 133 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 973 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 811 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 075 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 013 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 529 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 025 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 843 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 117 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 469 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 860 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 814 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 861 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 823 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 055 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 198 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031