31 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бек Эйр ұшағы апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеді

29 декабрь 2020, 16:30
Бек Эйр ұшағы апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеді
"Бек Эйр" ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырағанына бір жыл болды. Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болып еді. Алайда, содан бері әуе компаниясынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарынан ешкім кешірім сұрап келмепті, өтемақы да төлемеген. Жауапқа да ешкім тартылған жоқ, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


2019 жылдың 27 желтоқсанында салонында 98 жолаушысы бар "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға жол тартқан болатын. Көкке көтеріліп үлгермеген ұшақ қайта жерге соғылып, артынша апатқа ұшырады. Лайнер алдымен қоршауға, одан кейін екі қабатты ғимаратқа бароып ұрылған. Салдарынан 12 адам оқиға орнында көз жұмып, 49 жолаушыны жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.

Сәтін салып, апаттан аман қалғандардың бірі – Нұрдос Орынбаев. Ол сол кезде Нұр-Сұлтандағы балаларына бармақ болыпты. Әуежайда неге екені белгісіз бойын қорқыныш билегенін айтады. Сонда да тәуекел етіп, ескі ұшақа отырған.

Нұрдос Орынбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

Разгон бергенде бір көтеріліп, бір түсті самалет. Уже мен ойладым точна көтеріле алмаймыз деп, может тоқтататын шығар деп. И еще добивать етті дальше. Көтеріліп барды, арты тие бастады. Сосын оң жаҚқа қисайып, солға қарай қисайғанда мен қанаттың үстінде болдым. Мен жақтағы двигатель жерге тиді, сосын жарылады. Самолеттің полностью сознаниесі өшеді де барамыз да ұрыламыз.
Апат кезінде жақынынан айрылғандардың бірі – Ерік Бақытов. Анасы Жаңа жылды бас қаладағы немерелерімен қарсы алуды ұйғарыпты. 40 жыл ұстаз болып еңбек еткен Базархан Кәрібаева сол ұшақ апатында көз жұмған.

Ерік Бақытов, марқұм Базархан Кәрібаеваның ұлы:

Анам әдетте ерте тұратын. Сол күні ұйықтап қалыпты. Мен бөлмесіне барып ояттым. Әлі күнге дейін осы әрекетім маған маза бермей келеді. Егер мен де ұйықтап қалғанымда анам ұшаққа отырмайтын еді.
Апаттан кейін бір жыл өтсе де әуе компаниясынан өтмақы төлемек түгілі ешкім де келіп кешірім сұрамаған. Марқұмдардың туыстарын мазалайтын мәселе де осы. Жерлеу, тағы басқа шығындарға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілген. Ал апаттан аман қалған Гүлнар Көшенова өткенді еске алуды ұнатпайды. Барлығы қас-қағым сәтте болғандықтан, көзін жұмып, Құдайдан амандық тілепті. Апаттан бас-ми жарақатын алған ол, достарының арқасында оңалғанын айтады.

Гүлнар Көшенова, әуе апатынан зардап шегуші:

Әуе компаниясы жауапқа тартылмады. Бізде апаттан адам қаза тапса оған ешкім жауапқа тартылмайды. Бір жыл болды әлі тергеуде болған жоқ, біз күтіп отырмыз, Бізге билеттің ақшасын да қайтарған жоқ. Бұл жақсы ма?
Әуе апатына ұшыраған жолаушылардан бөлек, тағы 1700 адам билеттерінің ақшасын қайтара алмай жүр. Апаттан кейін әуе компаниясына тиесілі барлық рейстер тоқтатылған болатын. Компания азаматтарға 103 миллион қарыз, қызметкерлері де жұмыссыз отыр.

Нұрдос Орынбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

Бізге билетті возврат та қайтарған жоқ, ешкім звондаған жоқ. Но компенсация ештеңе берген жоқ. Біз сот орындаушыға хабарласам олар әлі сот болып жатыр, сот болып жатыр деп, солай айтады.
Экипаж командирі апат кезінде көз жұмса, екінші пилоттың беті бері қараған болатын. Алайда көп ұзамай ол да бақилық болды. Ол әуе апатынан көз жұмған 13-ші адам. Өлер алдында болған оқиғаны баяндап кеткен болатын. Бір жыл өтсе де апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Қара жәшіктің жазбалары жарияланбады. Тек қана адам факторы мен сыртқы жағдайлар әсер етуі мүмкін деген жорамал ғана бар. Әуе компаниясы басшысы тілшілерді көрсе аттонын ала қашады.

Егер ұшақ үйге соғылмаса жолаушылар аман қала еді. Қауіпсіздік талаптары бойынша бұл жерге ғимарат салуға болмайды екен. Алайда коттедждер қалашығы бой көтерген. Ал бұл талаптарды бұзып, заңсыз жер бергендердің соты екі аптадан бері кейінге шегерілумен келеді. Келесі сот қаңтар айында өтетін болды.

Просмотров материала: 631

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 630 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 153 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 727 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 776 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 091 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 781 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 902 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 146 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 407 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 551 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 088 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 309 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 137 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 438 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 387 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 075 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 475 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 209 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 191 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 019 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 861 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 141 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 072 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 572 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 206 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 892 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 170 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 532 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 920 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 869 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 932 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 894 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 114 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 257 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031