3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда «қашықтан оқыту» ұғымы нақтыланып, оны өткізу тәртібі айқындалды

29 декабрь 2020, 11:31
Қазақстанда «қашықтан оқыту» ұғымы нақтыланып, оны өткізу тәртібі айқындалды
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бір топ Мәжіліс пен Сенат депутаттары бастамашылық жасап, аталған заң жобасын әзірледі. Құжат аясында Қазақстан Республикасының екі кодексіне және үш заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Әлемді дүрліктірген «пандемия» біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бұл ең алдымен білім беру, денсаулық сақтау салаларына әсер етті.

Қандай қиындық болса да, білім беру процесі үздіксіз жүретінін сіздер жақсы білесіздер. Осы уақытқа дейін заңнамада қашықтан білім беру жөнінде бірегей түсінік болмаған еді. Енді «қашықтан оқыту» ұғымы нақтыланып, оны өткізу тәртібі айқындалды. Оқулықтар сапасының төмендеуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүрген. Бұл мәселе жалпы қоғам, ата-аналар тарапынан да жиі сынға ұшырайтын. Заң жобасында осы мәселені түбегейлі шешу көзделген», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Ол үшін білім саласындағы уәкілетті органға үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мен сынақтан өткізу, мониторинг жүргізудің арнайы қағидасын әзірлеп, бекіту тапсырылып отыр. Бұл оқулықтардың сапалы дайындалуына, авторлардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

«Кез-келген мемлекет, қалыптасқан, оң нәтиже беріп жүрген әлемдік тәжірибеге арқа сүйейді. Ұлттық мониторинг та оқу сапасын сырттай бағалаудың әлемдік жетілген тәжірибесі болып саналады. Осыған сәйкес, «оқушылардың білім жетістіктерін айқындау үшін мониторинг өткізу» жөнінде норма енгізілді. Аталған норма оқушылардың базалық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді», - деді сенатор.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда «Кәсіпкерлік кодексіне» сай әртүрлі тексерулерге тыйым салынған. Осыған орай білім сапасын қадағалау мақсатында барлық мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептерді, колледждерді, бес жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өткізудің заңнамалық механизмі жасалып отыр. Білім сапасын мемлекет назарында ұстау – әлеуметтік-саяси мәні бар маңызды қадам.

«Заң жобасындағы тағы бір маңызды жаңалық - қосымша білім беруге – мемлекет тарапынан қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл да ата-аналар тарапынан жиі айтылып жүрген маңызды ұсыныс болатын.

Бүгінгі таңда республика бойынша 1263 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Ол ұйымдардан 1 миллион 200 мыңнан астам бала тәлім алады. Қосымша білім беруді мемлекеттік қаржыландыру – балаларымыздың рухани, шығармашылық дамуына зор ықпалын тигізетін маңызды қадам деп білемін. Сондай-ақ заң жобасын әзірлеу барысында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің, ата-аналардың ұсыныстарын ескеріп, қосымша білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік ұйымдарда, колледждерде балаларды тамақтандыру, оларға тауарлар сатып алу қызметтерін мемлекеттік сатып алу заңы аясынан шығару мәселесі шешілді», - деді Б. Жұмағұлов.

Оның пайымынша, қазір колледждерді бітірген түлектер еңбек өтілі (тәжірибесі) болмағаны үшін жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болып жүр. Енді Еңбек кодексіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар тізіміне дуальды оқыту туралы шарт енгізіліп отыр. Осы арқылы студенттердің өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақыты ресми түрде еңбек өтіліне кіретін болады.
Просмотров материала: 500

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 222 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 893 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 394 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 438 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 807 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 534 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 859 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 519 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 580 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 771 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 892 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 381 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 815 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 440 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 857 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 422 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930