19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Келінімді емдеткім келді, құдаларым көнбеді»: марқұм Сымбат Құлжағарованың қайын атасы сұхбат берді

24 декабрь 2020, 9:25
«Келінімді емдеткім келді, құдаларым көнбеді»: марқұм Сымбат Құлжағарованың қайын атасы сұхбат берді
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында 11-ші қабаттан секіріп мерт болған Сымбат Құлжағарованың әкесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Ақтау қаласының тұрғыны Боранғали Құлжағаров Мемлекет басшысына, Бас прокуратураға, Жоғарғы сот төрағасы мен және Ішкі істер министрлігіне видеоүндеу жолдады. Ол қызының қайтыс болуына оның күйеуі тікелей кінәлі деп есептейді. Ал бүгін марқұмның қайын атасы Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне хабарласып, Сымбаттың өліміне қатысты кейбір мән-жайды айтты.


Марқұм Сымбат Құлжағарованың қайын атасымын деген азаматтың есімі Тілеген Нұрекенов. Ол үлкен ұлы Абай мен келіні Сымбаттың бес жыл отасқанын және ерлі-зайыптылардан екі баланың өмірге келгенін айтады. Оның пайымдауынша, туыстары қайтыс болған келіншектің аурудан дер кезінде сауығып кетпеуіне ықпал етпеген. Құдалардың өзара түсініспеуі кесірінен созылмалы ауру дендеп, Сымбаттың өмірден мезгілсіз кетуіне түрткі болды дейді Тілеген Нұрекенов.

«Менің айтарым, бұл мәселеге түк қатысы жоқ бөгде адамдар араласып, басқалар үлкен шоу жасады. Марқұмның денсаулығына қарауға мұрша бермеді. Әкесі – менің құдам «еш ауру жоқ» деді. Мен ауру бар деп ешкімді айыптаған жоқпын. Қазіргі заманда бәріміз аурумыз. Бірақ қызды науқасынан емдетейік дедім. «Сен қайдағыны шығарып жүрсің» деп мүмкіндік бермеді. Енді бұл мәселеге не айтамын? Келін дүниеден өтті, бірақ оны тірі кезінде емдетуге шамамыз келмеді. Мен ақталудан да, өзгелермен жарыса бірдеңе жариялаудан да әуел бастан бас тартқанмын. Неге десеңіз, менің ойымда тек бірнәрсе ғана тұрды. Ол – келінімді емдету болатын. Бұрын да бірге отырып сөйлессек, кездессек деп құдама бірнеше рет ұсыныс жасадым. Алдында бір сөйлескенімізде, қызды емшіге апарамын, алдында қолыма жара шықты, соған апардым деді. Сол емшіге Сымбатты да апарамын деді. Бірақ мен ол емшіге сүйреп уақытты өткізбей, басқа жолын іздейік деумен болдым. «Жоқ, өзіміз емдейміз» деп, үйінде бір ай ұстады», - дейді Тілеген Нұрекенов.

Тілеген Нұрекенов отбасы шырқының бұзылып, құдалардың арасында түсініспеушіліктің болуына үшінші бір адамдардың әсері болды дейді. Жастар арасына «ақылшылар» мен «азғырушылар» түсті дейді ол. Мұнан кейін Сымбаттың мінезі өзгеріп кетіпті. Емделемін деп жүрген қызды ата-анасы алып кеткен.

«Жастардың арасындағы өзара әңгімеге біз араласқан жоқпыз, олардың арасындағы қарым-қатынас турасынан бейхабар болдық. Біз кейін ауырғанын білген соң, емдетейік деумен ғана болдық. Мұндай ауру түрі көп екенін және оның емделетінін елден естідік. Бұлардың қателігі: олар жау іздеді, ал біз ем іздедік. Қайтыс болардан үш ай бұрын алып кетті, оның мамасы, яғни менің әйелім де шырылдап отырды. Оны жеке тастап кетуге болмайды, қасына адам керек деді. Бұл жерде ортада арандатушылар да болды. Қыздың анасының Тамара есімді сіңлісі бар. Оның жанына Сымбаттың өмірден өтіп кеткені батып жүрген жоқ. Ол Абайға (Сымбат Құлжағарованың күйеуі – авт.) қорқытып, ойына келгенін істетіп жүр. Қазір екі немереміз де сол Тамараның қолында. Негізі, олар әкесімен бірге болуы керек. Біз заңгерлермен кеңесіп, мұның заңдық жағын қарастырамыз», - дейді марқұмның қайын атасы.

Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың жанжалдасуына балгер себеп болған. Ол Сымбатқа «күйеуің көзіңе шөп салып жүр» деген көрінеді.

«Осы күнге дейін ұлым келінді ұрады дегенді ешкімнен естімегенмін. Той жасаған соң 6 күннен кейін еншісін беріп жібердім. Арасында жағдайларын сұрап тұрдым, бәрі жақсы дейтін. Құда-құдағи да шағым айтқан емес. Кейін құдағидан естідім, астанада бір Талғат деген емшіге барыпты. Сымбатқа «күйеуіңнің өзге әйелі бар, аяғы ауыр» деген екен. Жанжал содан басталған. Екеуінің арасына осылайша бөтен адамдар түсті. Біреулер келінге көз өткен дейді, оны жоққа шығармаймын, бірақ мәселе басқада», - дейді Т.Нұрекенов.

Оның сөзінше, Сымбат суицид жасамастан бұрын күйеуімен татуласқан екен. Екеуі келіп, үлкендерден кешірім де сұрапты. Ал келінінің мұндай қадамға баруына психикалық ауру себеп болуы көбірек ықтимал дейді қайын атасы. Сондықтан оны емдетейік деп бірнеше рет айтыпты.

«Қыз ауырды. Мен келінімнің психикалық науқас екенін, содан зардап шеккенін айта аламын. Ол бір емес, үш рет өзіне қол салуға оқталды. Жедел жәрдем шақырған соң, жарақаттарын таңғаннан кейін дәрігерлер бұл кісі «біздің клиентіміз емес» дегенді айтқан еді. Яғни, психдиспансерге орналастыру керек деген болатын. Сымбат қайтыс болған соң, бардық. Тіпті жерлеуді де біздің әулет атынан ұйымдастырайық, қазақтың дәстүрі бойынша келіннің шаңырағы біздің үй дедік. Құда араласпа деген соң қойдық. Біз барғанда олар айғай-шу шығарып, бізге қол жұмсап, итеріп шығарып тастады. Бірақ жетісін біз де өткіздік. Ағайын, туыс, дос-жаран келіп, көңіл айтып, құран бағыштадық», - дейді Тілеген Нұрекенов.

Сұхбат соңында Тілеген Нұрекенов құдаларын сабырға шақыру үшін арнайы барып, сөйлесуге талпынғанын айтады. Алайда, құдасы Боранғали Құлжағаров оны тыңдағысы келмепті.

«Мынау құда қарабет, аманатқа қиянат жасады деп қабылдамады. Мен өз тарапымнан, келінімді жоғалтқанымды, баламның жұбайының және немелерімнің анасын жоғалтқаныма қайғырамын»,- дейді Ақтау қаласынан хабарласқан азамат.

Естеріңізге сала кетейік, екі баланың анасы, 29 жастағы Сымбаттың өлі денесі 10 желтоқсанда табылды. 10 желтоқсанға қараған түні ол көпқабатты үйдің 11-ші қабатынан секіріп кеткен. Марқұм көзі тірісінде күйеуі оны психдиспансерге орналастыруға тырысқаны туралы шағымданған.
Просмотров материала: 1 434

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 073 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 707 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 747 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 037 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 541 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 683 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 893 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 912 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 700 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 511 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 158 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 016 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 786 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 163 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 900 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 738 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 290 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 734 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 613 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 876 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 205 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 616 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 628 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 815 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 954 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031