8 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі
25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, өңірде коронивирус жұқтырғандар санының артуына байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы дайындап жатыр.


Қаулыға сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында санитарлық пост қойылады. Яғни Бейнеу ауданы Боранқұл елдімекенінде өңірге өткізіп-шығару шаралары күшейтіледі. Оған Атырау облысының "қызыл аймаққа" кіруі себеп болған.

"Маңғыстау мен Атырау арасындағы әдеттегідей емін-еркін қатынас тоқтатылады. Осы бағытта қозғалу азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді маңызды тауарларды тасу үшін немесе жұмыс бабымен жүрген азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Атырау облысының аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір тұрғындары 2 облыстың аумағынан еркін өте алады. Олардан ПТР-тесттің нәтижесі сұралмайды. Алайда Атыраудың аумағына өтуге рұқсат етілген азаматтар Маңғыстауға кері қайтар кезде санитарлық бекетте анкета толтыруға міндетті. Себебі, олар әрі қарай медициналық бақылауда болады ", - деді ол өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес, ашық, жабық базарлар қызметі сағат 18:00-ге дейін қысқарады. Сауда ойын орталықтары, гипермаркеттер, супермаркеттер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Кинотеатрларға тек сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, корпоративтік шаралар, той, балаларға арналған ертеңгіліктер мен тағы басқа бұқаралық жиындар және отбасылық бас қосуларға қатаң тыйым салынады. Карантин талаптарының орындалуы ұдайы мониторинг топтарының бақылауында болады.

Осыған дейін қонақүй, хостел нысандар 70 пайыз толықтырумен жұмыс істесе, енді бұл мекемелер тек 50 пайыз сыйымдылықпен қызмет көрсетуге міндетті.

Өндіріс орындарынан басқа, кеңсе басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Ғазиз Надуевтың жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжат қоғамдық коммуникация орталығының әлеуметтік желідегі парақшалары мен БАҚ беттерінде жарияланады.

Айта кетейік, соңғы аптада өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 10-нан 17-ге дейін өскен.
Просмотров материала: 640

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 996 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 808 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 778 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 717 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 708 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 581 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 326 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 356 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 854 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 006 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 740 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 367 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 516 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 423 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 341 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 186 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 146 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 492 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 334 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 850 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031