30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды

21 декабрь 2020, 15:17
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде «Отбасы банк» атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді. Бүгінгі күннен бастап банктің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы;

- орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»;

- ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank».

қысқаша атауы:

- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ; - орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;

- ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

Банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Отбасы банк» тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне» тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Баспанамен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарланған. Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады.

«Банктің дамыған инфрақұрылымы, ақпараттық және технологиялық қоры тұрғындарымызды, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетеді, үй алуға кезек құру жүйесін басқару мүмкіндігін кеңейтеді, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана алу рәсімін оңтайландырады. Сонымен қатар банк 1,7 миллионнан астам салымшы мен 181 мыңға жуық займ алушыларға қызмет көрсетуін жалғастыра отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберіндегі өзінің негізгі қызметін үзбейді» - деп, банктің атауы өзгеруіне байланысты «Отбасы банк» Басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова пікір білдірді.

Бүгінгі күні банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін жетеді деп жоспарлануда.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Просмотров материала: 816

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 211 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 836 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 329 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 388 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 751 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 761 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 819 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 124 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 816 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 627 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031