7 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

20 декабрь 2020, 17:00
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингтеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндады.

ҚР-да коронавирус инфекциясының таралуы бақыланатын деңгейде тұр. Коронавирус инфекциясымен жаңадан сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%-ды, репродуктивтік көрсеткіші 0,9-ды құрайды. Инфекциялық төсек орындарының толымдылығы – 28%, реанимациялық төсек орындарының толымдылығы – 20%. 5 өңір жоғары және орташа тәуекел аймақтарында орналасқан, атап айтсақ: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары.

Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

- 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады.

- Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі.

- Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:

- оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын;

- оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;

- II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.

Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды. Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Просмотров материала: 2 163

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 695 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 367 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 868 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 914 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 283 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 527 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 562 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 886 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 548 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 605 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 797 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 802 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 568 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 421 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 827 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 447 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 292 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 441 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 126 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 258 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 433 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 578 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930