13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қызы алдына жантая тұрған әкені педофил деп соттап жіберді

Қызы алдына жантая тұрған әкені педофил деп соттап жіберді
Жазасыз сотталған ұлымның ақталуын талап етемін! Бұл қызылордалық ананың жанайқайы. Қармақшы ауданынның тұрғыны бір жылдан астам уақыттан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтады. Себебі өңірлік сот оның ұлын былтыр 20 жылға бос бостандығынан айырған. Айыпта "Азамат қоғамдық көлік аялдамасында өз қызына жыныстық азғындық жасаған" деп көрсетілген екен. Дегенмен мұның барлығы жалған екенін айтады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Балам сондай істесе отыра берер еді, жазықсыз болғасын күйіп бара жатырмыз ғой. Ол да күйіп бара жатыр өзінің қызына...Өзінің қызы күнде сурет салып отыр: - Мамам, папам деп қол ұстасқан суретін салып отыр. Қашан келеді, папам деп.

Оқиға бір жыл бұрын Байқоңыр қаласында болған. Әйелімен ажырасқан Бағлан Ұзынжасов мереке күндері 6 жастағы үлкен қызын өз үйіне бір-екі күнге демалысқа алып кетпек болады. Екеуі Ақай елді мекенінде аялдамада автобус күтіп отырғанда тұңғышы Інжу әкесінің алдында жантайып жатқан екен. Осы кезде келіп тоқтаған автобус ішінен бір азаматша әй-шәй жоқ "педофил, аялдама азғындық жасады" деп айыптаған. Мұнан соң 34 жастағы Бағлан темір торға қамалады.

Үміт, жазасын өтеушінің анасы:

Қамап, мінекей соның аяғы 1 жыл 4 ай болды сандалып, қиналып жүргеніме. Енді балам ондай істесе мен аямас едім, бір үзім нан апарып бермес едім. Қолымен істегеніңді басыңмен көтер деп әрі қарай жібердірер едім педофил болса. Педофилдерді аямау керек. Бірақ жазықсық ғой балам, ешқандай дәлел жоқ, дым жоқ. Экспертизаның барлығы таза, көшедегі бір әйелдің айқайына осындай істеуге бола ма?
Бағлан Ұзынжасовтың заңды қорғаушысы да тергеу барысында біршама заң бұзушылықтар болғанын айтады.

Тоқтар Мырзамбетов, Қызылорда облысы адвокаттар алқасының адвокаты:

Бір азғындық жасағанын бекітетін сараптама қорытындылары жоқ. Іс бойынша мына ауыз қуысынан, жанағы қол іздері, тері маз іздері алынып, тиісті зерттеулер жүргізіледі негізінде. Алынған ауыз қуысынан алынған сүртінділердің нәтижесінде сараптама қорытындылары оң нәтиже беріп тұрған жоқ, теріс нәтиже. Яғни, ондай оқиғаның орын алғандығын бекітіп тұрған жоқ.
Бұл істе тіптен куәгердің де сөзі ескерілмеген көрінеді. Аялдаманың қасында сол уақытта балаларымен серуендеп жүрген Мадина Сейделова ешқандай жыныстық азғындық болмады, дейді.

Мадина Сейделова, оқиға куәгері:

Остановкаға бүйтіп қарай салғанымда әкесі мен қызы отыр екен. Сөйтіп артқа бұрылдым да жүре бердім. Бірақ қарап отырдым, әкесі мен қызы екен. Сонымен №1 автобус келді. Әйел түсіп автобустан, айқайлады. Автобустан өте беріп тоқтады. Айқайлады: "Не істеп жатырсың мына қызға, не қылып жатсың?" деп айқайлап ана жерде "қызыңды зорлап жатсың" дегендей сондай бәле жапты. Мен оны көзіммен көріп тұрмын, қызы тек алдында жатты, қыздың басы остановкаға қарап тұр.

Алайда, болған жайтты сотта айтқан куәгерді тыңдар құлақ табылмапты. Алғашқы отырыста Бағлан Ұзынжасовқа 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Мұнан соң сотталушының жақындары аппеляцияға беріпті.

Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің ресми жауабы:

"Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында өзінің қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді".

Сотталып кеткен Бағланның қызы міне бір жылдан астам уақыттан бері әкесін көре алмай отыр. Сол күні ешнарсе болмағанын сөз еткен бүлдіршін әлі күнге дейін үмітпен жүр.

Жазасын өтеушінің қызы:

Папа маған ешнәрсе істеген жоқ. Папамды сағындым, папамды жақсы көремін. Папаны босатыңдар. Папамды қатты жақсы көремін!
Жазықсыз педофилдер тізіміне іліккен Бағлан Ұзынжасов бүгінде түрмеде. Қызылордалық сотта әділдік жоқ деген сотталушының анасы барлық үмітті жоғарғы соттан күтеді.

Просмотров материала: 16 591

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 081 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 771 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 269 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 678 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 819 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 852 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 186 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031