28 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр

04 декабрь 2020, 18:01
Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр
Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың уәжінше, "құнды жәдігер" болғандықтан немесе "200 жыл бұрын жазылғандықтан" бағасы осындай қымбатқа түседе екен. Бір қызығы, әлеуметтік желіге осындай хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен көрінеді. Дәл осы тектес, әлеуметтік желіде хабарландырулардан көз сүрінеді. Бірақ, оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қасиетті кітапты сатып пайдаға кенелгісі келгендер, осы арқылы несиелерін жабуға ниетті.

2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал, хабарландыру бергендер өтетініне сенімді. Кұран сатуды кәсіпке айналдырғандар айтқан бағаға алатын клиенттерді жылдар бойы күтуге дайын.

Ал, қасиетті Құранды саудалаған қаншалықты орынды? Жаратушының сөзін сатып, пайдаға кенелгендердің әрекетінің дұрыс-бұрыстығын білмек болып, тұрғындардың ойын сұрап көрдік. Сауалнамаға қатысқандардың пікірі екіге жарылды. Бірі Құран мұражайларда сақталуы тиіс десе, екіншісі көздің қарашығындай үйде ұстаймыз, дейді.

Жалпы, асыл дінімізде қасиетті Құранды саудалау бойынша қатаң тыйымдар жоқ екен. Сондықтан, Құранды басып шығарған кәсіпкер, әдебиетті шығындарды өндіріп алу үшін сатып, ақша табуға құқылы. Бірақ, құнығып, оны табыс көзіне айналдырмау керек. Сондай-ақ, дін өкілдері ысырапшылыққа да салынуға болмайтынын ескертеді.

Хасан Аманқұлов, ҚМДБ Шариғат және Пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

Ал, енді мынау кітап бұл шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Егер, ол кітапты қаражат жұмсап, ол қағазын сатып алады. Оның сиясы бар, баспаханаға төлейді. Ақшасын белгілеп, Құран кітап, осы кітап осынша ақшаға енді ол кітап халіне келді. Сол бағада саудаға қойса болады. Мысалы, дүкендерде.

Еліміздегі сатылымға қойылған Құран кітаптарының бағасы әлемдегі Құрандармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, ең қымбаты 2015 жылы АҚШ-та біздің ақшаға шаққанда 1 млрд теңгеге саудаланды. Ол 1203 жылы басылыпты. Осы уақытқа дейін бүлінбей сақталып келген.


Просмотров материала: 1 431

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 783 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 380 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 678 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 712 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 044 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 719 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 753 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 958 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 825 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 941 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 595 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 471 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 425 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 703 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 449 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 859 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 653 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 470 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 309 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 162 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 519 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 404 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 254 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 215 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 851 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 203 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 148 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 287 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 218 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 456 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 599 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930