8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақтың «Тақиялы періштесі» 85 жасқа толды

Қазақтың «Тақиялы періштесі» 85 жасқа толды
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады,деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық Баталов Әлімғазы ақсақалдың өмірі мен шығармашылық жолының өнегелі екенін айта келе, «Тақиялы періште» фильміндегі рөлі арқылы бүкіл халық оны жақсы білетінін айтты.

Індетке байланысты мерейтойыңызбен құттықтауды осындай шағын ортада өткізуге тура келді. Ең бастысы, біздің өзіңізге деген құрметіміз ерекше. «Тақиялы періште» фильміндегі рөліңіз арқылы бүкіл халық сізді жақсы біледі. Өзіңіздей азаматтың біздің Жетісу өлкесінің тұрғыны болғаны – біз үшін мақтаныш. Қашанда ақ жүрегіңізбен, қарапайым үлгіңізбен үлкендік қасиетіңізді көрсетіп, елге шынайы тілекші болып, батаңызды беріп жүресіз. Осындай еңселі қалпыңызда жүзге жетіңіз. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, аман-есен жүріңіз. 85 жасқа толуыңызбен жұртшылықтың атынан құттықтаймын, - деп ізгі тілегін білдірген облыс әкімі ақсақалға құттықтау хатын беріп, иығына шапан жапты.

Сол сияқты ардагердің зайыбы Гүлжауар апаға сый-сияпат көрсетті.

Әлімғазы ақсақал өзіне көрсетілген ыстық ықыласқа ризашылығын білдірді.

Күні кеше Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өттік. Осы мерейлі мерекемен тұспа тұс келген мерейтойымды елеп, арнайы шақырып, сый-құрмет көрсетіп жатқандарыңа көп рахмет. Ел басындағы азаматтардың еселі еңбегіне халық риза. Көптің ішінде жүргенде естіп жүреміз. Осы бағытымыздан таймай, еліміз тыныш, жұртымыз бірлікте болып, осылай өсіп-өркендей берейік. Ең бастысы дендерің сау болып, биіктен биікке жете беріңдер, - деді Райымбеков.
Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және басқа да бірқатар ардагер сөз алып, мерейтой иесіне тілек білдірді.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасымен сөйлескенін айтып өтті.

Елдің жайын сұрап, өздеріңізге сәлем айтты. Облыстағы атқарылып жатқан игі істердің барлығына Елбасымыз бен Мемлекет басшысы қолдау көрсетіп отыр. Жетісу жерінің табиғаты да, климаты да жайлы, жерұйық мекен ғой. Бірақ біздің ең басты байлығымыз – өздеріңіз секілді азаматтарымыз. Сондықтан елдің, сіздердей үлкендердің алғысына бөленіп, батасын алайық. Алдымызда ақылшы болып ардагерлер аман жүрсін, - деді Баталов.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ образымен қалың көрерменнің сүйіктісіне айналған еді.

Ол Алматы облысында 1936 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келген.

Актер 1965 жылы алғашқы Ән қанатында фильміне спорттық іс-шараларына шақырту алады. Кейіннен1966 жылы Қилы кезең фильміне түседі. 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған Тақиялы періште кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастайды. 1968 жылы Көгілдір такси фильміне түсті. Ал 1978 жылы Қан мен тер фильмінде эпизоттағы рөлді сомдаған. 1979 жылы Егер сіз он екі жасқа болғанда фильміндегі Қатештің әкесі рөлінде және т.б бас аяғы 12 кинофильмге түскен.

Қазір Әлімғазы ақсақал мен Гүлжауар екеуі мәпелеп өсірген 10 баласынан 20 немере, 7 шөбере сүйіп отырған ардақты отбасы.
Просмотров материала: 2 340

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 758 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 568 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 223 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 252 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 550 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 937 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 084 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 255 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 902 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 097 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 028 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 122 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 827 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 653 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 938 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 604 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 709 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 553 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 393 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 649 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 593 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 104 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 530 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 431 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 676 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 020 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 432 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 410 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 451 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 394 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 628 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 770 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30