16 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Несиеден шаршаған ел… Айтпасам болмайды» ­– айтыскер ақын Алтынай мен Қарақатты сынға алды

30 ноябрь 2020, 16:37
«Несиеден шаршаған ел… Айтпасам болмайды» ­– айтыскер ақын Алтынай мен Қарақатты сынға алды
Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында Түркияда саяхаттап, Түркиядан баспана алуды насихаттап жүрген әншілерді сынға алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мен үшін қазіргі қазақ аруларының, қазақ қыздарының, қазақ аналарының ең әдемі үлгісі боп саналатын санаулы өнерпаздар бар. Солардың бірі ­– Қарақат @karakat_a болса, бірі – Алтынай Жорабаева @altynaizhorabayeva Қатты құрметтеймін, сыйлаймын, жақсы көремін, мақтан етемін!

Бірақ, бүгінгі жазбаммен оларды ренжітіп алуым мүмкін. Айтпасам болмайды.

Жақында бірі Аланияға барып демалғандарын, сол жерден үй алғандарын әлеуметтік желіде жариялады. Көп ұзамай тағы бірі сондай қуанышын желіде сүйіншіледі. Алла берекелі етсін! Шын жүрегіммен тілектеспін.

Бірақ, оны жарияға жар салып жарнамалағандарыңыз дұрыс болмады. Сіздер жай қазақ емессіздер ғой. Сіздердің бір сөзден үдере көшуге дайын ел бар.

Баяғыда тарыдай шашыраған қазақпыз. Ол кезде қызыл өкімет қырғын салған, елге, тілге, дінге, салт-дәстүрге қауіп төнгенде туған топырағынан ел ауған, шет жерге, жат елге барып бас сауғалаған.

Қазір ше? Тәуелсіз Отанының болашағын бұлыңғыр көріп, ертеңінен үміт үзген ел көп. Билікке сенбейтін, жемқорлыққа тойған, төреден көңілі қалған, несиеден шаршаған ел әйт десең, атамекенін тастап кез келген «өркениетті» елге көшкелі отыр. Осы сәтте елдің Еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениеттің майталмандары, оның ішінде дәстүрлі өнердің қаймақтары шетелдің «жұмақ мекенін» жарнамалауы достықтан гөрі қастыққа, жанашырлықтан гөрі жаулыққа жақын.

Басқа жұртты білмеймін, менің туысқандарым, бірге туған бауырларым Аланиядан үй алып, көшейік деп отыр.

Мен талай шетелдерде болдым, Азия мен Еуропаға, алыстағы Африкаға да барып өз елімнен артық мекен көрмедім. Ең туыс деген Түркия түгілі, Қырғызстан мен Өзбекстанда үш күннен артық қалсам қазақтың жерін сағынам. Алтай мен Атырауда апталап, Ақтау мен Ақтөбеде айлап, Жезқазған мен Жамбылда жылдап жата берем. Мекке мен Мәдинаны сағынсам да ол жерде ұзақ тұра алмас едім. Жерорта теңізі бір барып демалғанға жақсы шығар, бірақ Аққу көлін, Дуадақ шөлін сағынбай тұра ма?

Басқа елдердегі қандастар оралып, тек Түркия мен Еуропадан қазақтарды келтіре алмай отырғанда, елдегі қазақтарды сол жаққа шақырудағы – мақсат қандай?

Кейде тіпті, жақсы мақсатпен жасалған іс, өлшемей сөйлеген сөз Отаның үшін қауіпті болып жатады.

Артық айтсам, кешіріңіздер!», ­ – деп жазды айтыскер ақын.

Просмотров материала: 2 194

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 045 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 724 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 228 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 268 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 640 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 597 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 630 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 953 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 623 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 672 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 868 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 816 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 922 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 580 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 453 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 406 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 692 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 436 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 845 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 639 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 461 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 304 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 155 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 503 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 880 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 234 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 446 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 841 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 191 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 139 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 275 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 446 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 589 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930