24 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шәһид деп санауға болады - ҚМДБ

28 ноябрь 2020, 10:55
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шәһид деп санауға болады - ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шейіт деп санауға бола ма" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шәһид (шейіт) деп Алла жолында қаза тапқан және дінін, абыройын, отанын дұшпаннан қорғап қайтыс болған мұсылман адамға айтылады.

Шейіт екі түрге бөлiнедi:

Біріншісі, кәмiл шейіт. Алла жолында соғыста, бүлікшінің және қарақшының қолынан қаза тапқан адам бұл дүниеде де, ақыретте де шейіт саналады.

Екіншісі, ақыретте шейіт қатарына қосылатын мұсылман. Ол ақыретте шейіттік дәрежеге және оның сауабына ие болады. Ақыреттік шейітке іші өтіп, оба ауруымен, суға батып немесе өртеніп өлгендер және т.б. жатады.

Бұлардың кәміл шейіттен айырмашылығы – оларды жуып, кебіндеп, жаназасы шығарылады. Ал кәміл шейітке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiстен тазартылады. Өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа намазы оқылып, жерленеді.

Әбу Һұрайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Шейіттер бес түрге бөлінеді: Оба (немесе сол сияқты жұқпалы) дертке ұшырап бақилық болғандар, іш ауруына шалдығып көз жұмғандар, суға батып өлгендер, қираған үйдің астында қалып қаза тапқандар және шыбын жанын Алла жолында пида еткендер", – деп айтты.

Әбу Дәуіт риуаятында Алла жолында қайтыс болғаннан басқа шейіттер саны жетеу деп жоғарыдағы сипаттарға қоса өрттен мерт болғанды және босану үстінде қайтыс болған әйелді атап өтеді.

Имам Нәуауи: "Ғалымдар Алланың кеңшілігімен мұндай өліммен қаза тапқандарға ауырсынудың қарқындылығы, қатты қиналуы себепті шейіт дәрежесі берілген дейді», – деп айтады[3]. Бірақ, ақыреттегi шейіттер хадисте келген сипаттармен ғана шектелмейді[4]. Бәлкім, сондай мағынаны қамтыған сипаттар да шейіттік дәрежеге ілеседі. Сондықтан кейбір ғалымдар ақыреттік шейіттердің санын жиырмаға жеткізсе, кейбірі қырыққа жуығын атап өткен[5].

Ендеше "Коронавирус COVID-19" деп аталатын пневмония індетінен қаза тапқан мұсылмандарды төмендегі дәйектер негізінде ақыреттік шейіттер қатарына қосуға болады:

Біріншіден, аурудың асқынуы, вирустың аса қауіптілігі, ауырсынудың қарқындылығы – ғұламалардың атап өткен шейіттік дәрежеге жету себептеріне дөп келеді.

Екіншіден, бұл індет жалпы тілдік жағынан хадисте аталған кейбір дерттің құрамына жатады. Мысалы, іші өтіп қайтыс болу. Бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жалпылама іш ауруына шалдығып қайтыс болғандарды қамтиды[6]. Яғни бауыр, бүйрек, өкпе секілді ішкі ағза дерттерінің барлығы іш ауыруы болып саналады.

Үшіншіден, шариғатымызда безгек[7] және туберкулез[8] ауруымен қаза болғандар шейіт есептеледі. Бұл дерттердің нышандары коронавирустың белгілерінен де табылады.

Төртіншіден, хадистегі шейіт туралы келген дерттер пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақытында белгілі ауруларды ғана қамтымайды. Бәлкім, біздің кезімізге дейін сол мағынаны қамтыған дерттерді де ішіне алады. Мысалы, өкпенің қабынуы. Оның негізгі белгілері: ыстығы көтеріледі, жөтел, ентігу, қатты ауырсыну[9]. Коронавирустың да көп белгілері дәл осы секілді.

Бесіншіден, коронавирустан көз жұмған мұсылмандар хадисте келген "тағун" атауына кіреді. Оны ғұламалар оба ауруы деп түсіндірген. Ғұлама Бадруддин Айни: "Жалпыға жұғып, жылдам өлімге апарғандықтан оны "тағун" (оба) деп атады. Бұл дерт өзі секілді қауіпті індеттердің барлығын қамтиды", – деген[10].

Осыған орай, коронавирус індетінен қайтыс болған мұсылманды ақыреттік шейіт қатарына жатқызуға болады. Бірақ, оны жерлегенде шариғатқа сай жуындырып, кебіндеп, жаназасы оқылуы керек.

Просмотров материала: 893

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 188 071 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 187 609 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 187 169 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 187 219 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 187 550 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 952 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 069 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 331 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 630 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 767 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 269 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 262 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 513 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 333 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 494 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 413 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 101 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 508 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 248 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 209 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 046 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 884 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 169 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 104 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 605 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 268 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 925 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 557 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 951 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 895 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 964 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 927 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 143 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 286 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728