25 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дипломмен ауылға: 10 жылда ауылда еңбек етіп жүрген 35 мың жас маман баспаналы болды

27 ноябрь 2020, 12:12
Дипломмен ауылға: 10 жылда ауылда еңбек етіп жүрген 35 мың жас маман баспаналы болды
Ауылды жерге жұмыс істеуге барған мамандардың тұрғын үй сатып немесе салып алуына бюджеттік несие беру - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шараларының бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асырудағы сенімді агент ретінде қызмет атқарады. Қор 2010 жылдан бері ауылды жерге жұмысқа барған 35 мыңнан астам маманның баспаналы болуына несие берді.

1500 АЕК сомасындағы несие 0,01 %-бен 15 жылға беріледі. Бұл бағдарлама жас мамандар арасында үлкен сұранысқа ие.

Бюджеттік несие бұрын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына ғана беріліп келген болатын.

Биылдан бастап бұл тізімге ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері де кіріп отыр.

Бұл өзгеріс ҚР Экономика министрлігінің бұйрығымен енгізіліп, биыл қыркүйек айынан бері іске асырылуда.

Несиенің қолжетімділігін арттыру үшін құжат жинауды жеңілдететін бірқатар іс-шара қабылданды.

Мәселен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «электрондық үкімет» порталымен және мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген өзара іс-қимылының нәтижесінде бірқатар құжат электронды түрде сұратылатын болды.

Оның ішінде жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты тіркелген жері туралы, неке туралы, жылжымайтын мүлкінің болуы немесе болмауы жөнінде және соңғы жұмыс орны туралы мәліметтер бар.

Жұмысқа немесе бағдарламаға қатысуға мүдделі дипломы бар мамандар аудан әкімдіктерінің сайттарындағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ала алады.

Тілектес Қосмұратова – «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушысы. Жақында ғана бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізді.

Тілектес Сарыағаш ауданының тумасы. 2015 жылы Шымкенттің жоғары оқу орнын тәмәмдап, тұрмысқа шыққан. Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылына көшіп барған ол мектепке ағылшын тілі мұғалімі болып орналасты.

Жергілікті газеттен жас мамандарға мемлекет қолдау көрсететінін оқып, әкімдікке барған. Үш баласы бар Тілектес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеп, үй сатып алды.

Мұғалімнің еңбекақысы алған несиесін төлеп тұруға жеткілікті. Күйеуі кәсіпкерлікпен айналысады. Сондықтан, несиені төлеу оларға қиындық тудырмайды.

«Бұл өте жақсы бағдарлама. Әр айдың басында 20 700 теңге ғана төлейміз. Алғашқы төлемді төлеп те үлгердік. Енді мобильдік қосымша арқылы-ақ төлей салуға болатынын білдім. Бұл – отбасымыз үшін өз баспанамызға қол жеткізіп, аяғымыздан нық тұрып кетуімізге таптырмас мүмкіндік болды», - дейді жас мұғалім.

Ауылдарға барып жұмыс істеуге ниетті мамандарға несие беру бағдарламасы еліміздің барлық облысында жүріп жатыр. Толық ақпаратты жергілікті әкімдіктерден білуге болады.

Бүгінгі таңда 4 524 маманға тұрғын үй несиесін рәсімдеген Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалы көш бастап келеді.

4 006 маманның баспаналы болуына септігі тиген Алматы филиалы екінші орында. 3 768 маманға тұрғын үй несиесін берген Батыс Қазақстан филиалы үздік үштікті түйіндеді.
Просмотров материала: 552

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 166 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 996 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 623 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 663 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 953 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 603 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 746 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 956 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 815 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 994 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 773 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 556 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 190 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 044 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 867 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 038 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 147 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 816 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 195 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 925 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 935 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 767 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 610 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 864 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 815 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 320 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 768 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 647 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 906 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 241 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 646 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 620 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 659 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 612 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 842 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 987 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031