18 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Деятели науки и культуры просят президента пресечь оскорбления в адрес Ерлана Арына

27 март 2014, 14:39
Деятели науки и культуры просят президента пресечь оскорбления в адрес Ерлана Арына Известные деятели науки и культуры Казахстана написали открытое письмо президенту республики Нурсултану Назарбаеву с просьбой прекратить оскорбления и обвинения в адрес бывшего акима Павлодарской области Ерлана Арына, передает Тенгриньюс.

Как сообщается, в письме ученые и писатели подчеркнули главные заслуги Ерлана Арына, отметив, что он является автором более 250 научных работ и книг, а также внес весомый вклад в развитие литературы и казахского языка. Под его редакцией и руководством вышла девятитомная энциклопедия "Қазақтар", книги "Қазақ әдебиеті", "Қазақ тілі", "Қазақ мәдениеті".

Под официальным письмом подписались более 50 известных деятелей из Павлодара:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа


Ашық хат


Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, зиялы қауым өкілдері көрнекті ғалым, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арынның қазіргі тағдыр-талайына асқан алаңдаушылық сезіммен тікелей Сіздің өзіңізге Ашық хат жазуға мәжбүр болып отырмыз.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі Е.М. Арын 250-ден астам ғылыми еңбектің: энциоклопедиялар, монографиялар, сөздіктер, оқу құралдарының авторы. Е.М. Арынның жетекшілігімен және редакциясымен 9 томдық «Қазақтар» энциклопедиялық сөздігі, «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялары, сондай-ақ басқа да іргелі еңбектер баспадан шығып, ғылыми жұртшылық пен шығармашыл зиялылар ортасында жоғары бағаланды.

Ерлан Арынның 30 шақты шәкірті докторлық және кандидаттық диссертация қорғады, 4 шәкірті «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Оның өзі де бірталай мемлекеттік марапаттардың иегері. 1997 жылы бұқаралық ақпарат құралдары Ерлан Мұхтарұлын Қазақстанның 5 қоғамдық-саяси қайраткері арасында «Жыл адамы» деп таныды.

Е.М. Арын С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметінде істеген 2001-2012 жылдары қатардағы жоғары оқу орнын республика бойынша рейтингісі жоғары озық оқу орындарының қатарына қосты. Оның бастамасымен әулие санатындағы әйгілі тұлға Мәшһүр Жүсіптің кесенесі салынып,тұлғалық энциклопедиясы жарық көрді, еңбектері 20 том кітап болып шықты.

Ерлан Мұхтарұлы облыстық мәслихаттың депутаты кезінде қызыл комиссар Дзержинский атындағы орталық көше атауын академик Сәтбаевтың атына ауыстыру, өзге де бірталай көшелердің атауларын қазақыландыру іс-шараларына жетекшілік етті.

Ол облыс әкімі қызметінде істеген 2012-2013 жылдары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы облыс аумағының 2011-2015 жылдары даму бағдарламасында белгіленген міндеттер мен іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары 25%-ға асыра орындалды, агроөндіріс кешені көрсеткіштері жақсарды, жалпы өнім шығарудың нақты көлемі артты. Әсіресе, облыстың рухани, мәдени дамуы ілгерілеп, сәулет өнерінің ғажайып туындылары дүниеге келді, ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыруға арналған монументтер салынды. Тікелей Е.М. Арынның басшылығымен Ертістің Кереку-Баянауыл өңірінен шыққан тарихи тұлғалар мен Алаш қайраткерлерінің есімдері құрметтеліп, облыстағы ғалымдарға, шығармашыл зиялыларға, мәдениет пен өнер адамдарына қолдау көрсетілді.

Е.М. Арынның отаршылдық дәуірі зардабын жұртшылыққа әйгілеп, тәуелсіздік кезеңін ұлықтайтын іс-әрекеттері және ономастика саясатындағы белсенділігі жас ұрпақтың санасында мемлекетшілдік, отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм сезімдерін оятты. Әйтсе де, патшазада Павел Романовтың атындағы Павлодар қаласы атауын барынша құрметтеп, патшалық-кеңестік дәуірді көксеп жүрген керітартпа топ оған «облыстың бас онамасты», «ұлтшыл әкім» деген ат байлап, айдар тақты. Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын аймақтың басшысы ел ынтымағын сақтауды көздегендіктен әлгіндей әрекеттерге төзімділік танытты, тіпті Сібір казактары одағы Павлодар бөлімінен «Құрметті атаман» атағын да қабылдады. Сонда да қарсыластары тыншу таппай, оның беделін төмендету мақсатында біржақты сыни телехабарлар ұйымдастырды. Осындай хабарлардың бірінде 2012-2013 жылғы аса жайсыз қыста кейбір шаруа қожалықтарындағы мал шығыны облыс аумағын түгелдей жайлаған жұт тәрізді көрсетілді.

Заң мен мораль аясына сыймайтын мұндай жайттарды &ndash аса жоғары лауазымды шенеуніктер арасында Е.М. Арынға қарсы топтың қаскөйлікпен ұйымдастырған арандатушылық әрекеттерінің көрінісі деген ойдамыз.Тергеу амалдары күдіктіні қайтсе де айыптыға айналдырып, бас бостандығынан айыру жазасына кесу мақсатын жүзеге асыру бағытында жүргізілуде тәрізді. Сот шешімінсіз кез келген азаматқа айып тағу заң бұзушылық болып табылса да, республикалық, облыстық басылымдарда тергеу барысында Ерлан Мұхтарұлының қылмыстылығы анықталып, дәлелденді деген сыңайдағы ақпараттар таратылуда! Бұл &ndash зиялы қауым өкілдерінің, сондай-ақ қарапайым еңбек адамдары мен еңбек ардагерлерінің де наразылығын тудыруда. Жұртшылық оны әлі де жаманшылыққа қимай, білікті басшы, мемлекетшіл саяси қайраткер, сұңғыла ғалым, ұлтжанды азамат ретінде біледі.

Дегенмен, айналасындағы қызметкерлердің барлығына бірдей кәміл сенетін Ерлан Мұхтарұлы облыс әкімі қызметін атқарған кезінде аңғалдығының салдарынан қателікке ұрынуы да ықтимал. Бірақ мұның өзі есімі еліміз бен шетелдерге де белгілі көрнекті тұлғаны қандыбалақ қарақшы тәрізді тұтқындап қамауда ұстауға, қоқан-лоққы көрсетіп, адами қасиеттеріне қол сұғуға негіз бола алмайды!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ерлан Мұхтарұлы Арынның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының заң шеңберінде жүргізілуіне, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оның жеке басын қорлау әрекеттеріне тосқауыл қойылуына Ата заңның кепілі ретінде ықпал етуіңізді Сізден өтінеміз.
Әлемдік деңгейдегі танымал көшбасшылардың ондығына енген және Батыс пен Шығыстың модераторы атанып, талай халықаралық, мемлекеттік аса күрделі мәселелердің түйіндерін кемеңгерлікпен шешкен аса қадырменді Елбасымыз, енді өзіңіз зиялы қауым өкілдерінің осы өтінішін ескере отырып, жұртшылықтың тілегіне сәйкес шешім қабылдайсыз деген сенімдеміз.

Павлодар өңірінің азаматтары:
Арман ҚАНИ, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Жұмағали ҚОҒАБАЙ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам белсендісі; Ақын АЛАҚАНҰЛЫ, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Сүлеймен БАЯЗИТОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Сайлау БАЙБОСЫН, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері; Жанаргүл ҚАДЫРОВА, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі; Асығат ТҰРҒАНБЕКОВ, айтыскер ақын; Қуаныш ШАРМАНОВ, айтыскер ақын; Бейбіт БӨЖЕН, айтыскер ақын; Бейсенбі МҰҚАЖАНОВ, айтыскер ақын; Алмагүл ЖҮГІНІСОВА, айтыскер ақын; Даниал ӘСЕНОВ, Абай, Шәкәрім шығармаларын көркем оқу шебері; Төлеубек ҚОҢЫРОВ, Қазақстанның құрметті журналисі; Жұмасейіт БИЖАНОВ, Қазақстанның құрметті журналисі; Социал ӘЙТЕНОВ, журналистика ардагері; Жеңіс МАНАНБАЕВ, журналистика ардагері; Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор; Айман ЗЕЙНУЛЛИНА, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, желтоқсаншы; Рыскүл ШАКАМАН, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, желтоқсаншы; Бейбіт ШӘНІМ, Қазақстанның мәдениет қайраткері, желтоқсаншы; Амантай ҚҰДАБАЕВ, философия ғылымдарының кандидаты, профессор; Амантай ТОЙШЫБАЙ, журналист, филология ғылымдарының кандидаты; Өсербай ШОРАНОВ, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Ғалым ҒАРЖАСОВ, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының академигі; Ануар ИГЕМБАЕВ, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының академигі; Тоғайбай КЕНТАЙ, «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық ұйымы Басқармасының төрағасы; Бақытжамал МАКСИЛОВА, Мұсылман әйелдері лигасы Павлодар облыстық филиалының төрайымы; Қайролла КӘЖЕНОВ, шежіреші, қоғам белсендісі; Жәнібек МӘЛІКОВ, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Жанат ҚОҢЫРОВ, қоғам белсендісі; Ағыбай ЖАСКЕНОВ, қоғам белсендісі; Науқанбек РЫСБАЕВ, қоғам белсендісі; Мақсат ҒАБДУЛЛИН, қоғам белсендісі; Жақсыбек ӨТЕНОВ, құқыққорғаушы, қоғам белсендісі; Светлана ҚОНДЫКЕРОВА, қоғам белсендісі, Ақсу қаласының құрметті азаматы; Қабдырахман СЕЙІЛҒАЗИН, қоғам белсендісі; Қанатбек НӘБИЕВ, қоғам белсендісі; Қайыр ЖҰМАЖАНОВ, тіл жанашыры; Махмет ДЕМЕСІНОВ, Павлодар қаласының құрметті азаматы, тіл жанашыры; Мәдина ҚАЗАНҒАПОВА, оқытушы, тіл жанашыры; Қуандық БАЯЗИТ, құрметті теміржолшы, қолөнер шебері, тіл жанашыры.
Просмотров материала: 2 134

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 95 539 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 95 359 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 95 322 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 95 256 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 95 259 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 655 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 395 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 428 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 962 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 117 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 13 357 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 411 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 546 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 448 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 173 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 358 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 736 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 148 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 520 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 188 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 164 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 128 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 888 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 860 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 205 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 447 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 936 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 021 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 926 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 160 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 291 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031