8 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Зорлық, ұрлық, бұзақылық»: СҚО мектептерінде істі болған мұғалімдер сабақ беріп жүр

«Зорлық, ұрлық, бұзақылық»: СҚО мектептерінде істі болған мұғалімдер сабақ беріп жүр
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде зорлық, өзгенің денсаулығына ауыр зиян келтіру, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу сынды басқа да фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалімдер жұмыс істеп келген. Өңірлік білім басқармасы аталған заң бұзушылыққа мектеп, колледждердің директорлары жол бергенін айтып, айыпты мекеме басшыларына тағып отыр. Бұрын істі болып, сот алдында жауап берген қылмыскерлердің балалармен жұмыс істеуіне кім жол берді? Жауаптылар қалай жазаланды? Мәселенің мән-жайын Azattyq Rýhy зерттеп көрген еді.

«БАЛАҒА БІЛІМ БЕРІП ЖҮР, СОТТАЛҒАН ТАЛАЙ ПЕДАГОГ»

Тамыз айында Алматы облысында жан түршігерлік қылмыс тіркелгені көпшілікке аян. Үштөбе мектебінің екі мұғалімі 16 жастағы өрімдей қыздарды зорлаған. Бұл жағымсыз жаңалық көпшіліктің жадынан көмескіленіп барып, бірер аптадан соң-ақ өшіп қалғаны анық. Ал екі бойжетен мен олардың отбасы нағыз трагедияға тап болды.

Қазақстанда жыл сайын әр облыста осындай жайттардың болып тұратыны үйреншікті жағдайға айналғандай. Осындай фактілер итермеледі ме, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы өңірдегі білім беру және спорт саласында жұмыс істеп жүрген тұлғаларды жаппай тексеруді қолға алған. Нәтижесінде бір кездері зорлық, өзгенің денсаулығына ауыр зиян келтіру, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу сынды басқа да қылмыстары үшін істі болған мұғалімдердің балаларға білім мен тәрбие беріп жүргендігі анықталған.

«ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасы білім беру және спорт саласына тұлғалар жұмысқа орналасқан кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізген болатын. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша, әкімдіктің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, облыс прокуратурасына хабарланды. Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі қарастырылуда. Соған байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге мүмкіндік жоқ. Жұмысқа орналастыру заңдылығының сұрағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құзыреттілігіне кірмейді», - дейді ҚР БП ҚСжАЕК СҚО бойынша Басқарма бастығының міндетін атқарушы. М. Кәрібайқызы.

ІСТІ БОЛҒАНДАР ӘЛІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

Тексеріс нәтижесінде СҚО мектептерінде бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 адамның жұмыс істеп жүргендігі анықталған.

«Қабылдау кезінде жұмыс беруші кандидатты мемлекеттік органдар үшін қолжетімді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы сотты болған, болмағанын тексеруі тиіс. Бірақ көп басшылар кандиаттарды аталған сервис арқылы қарамайды. ХҚКО-дан алынған анықтаманы қабылдай салады. Онда қысқартылған қылмыстық істер мен алынып тасталған соттылықтар туралы деректер көрсетілмейді. Бұндай жағдайда мектеп диекторлары мен балабақшалардың меңгерушілері жауапты болады», - дейді СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының нұсқауымен бір кездері істі болған 23 адам қызметінен босатылған. ҚР Еңбек кодексіне 2012 жылы білім беру мекемелерінде бұрын сотты болғандардың жұмыс істеуіне тыйым салу туралы норма енгізілген. Білім басқармасы осы мерзімге дейін жұмысқа қабылданған бес педагог қызметін жалғастыра алатындығын ұйғарған. Осылайша бұрын істі болған 5 адам әлі де балаларға білім мен тәлім-тәрбие беріп жүр.

«Білім туралы» Заңның 6 және 6-1 баптарына сәйкес, мемлекеттік білім беру мекемелерін маман кадрлармен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдарға, яғни білім беру басқармасына жүктеледі. Сонымен қатар, балалар құқығын қорғау саласында халықаралық келісімдер мен типтік ереже арқылы білім басқармаларына ҚР заңнамаларының орындалуын қадағалау мен бақылау міндеттелген. Бұл жағдайда білім беру ұйымдарының бұрын істі болған және сотталғандарды жіті тексермей жұмысқа қаьылдау тек қана Еңбек кодексін бұзу емес – баланың қауіпсіз білім алу құқығына қол сұғу. Аса қауіпті қылмыскерлердің оқушыларға қандай да бір зиян тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау білім беру мекемелерінің жетекшілеріне ғана жүктеп қоюға болмайды. Педагог кадрларды қабылдау, олардың арнайы есепте тұруын тексеру жұмыстарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес өңірлік білім басқармалары ұйымдастыруы шарт. Білім беру саласының шаттық мекемелерінде бұрын істі болған адамдардың жұмыс істеуі – аталған ведомство басшыларының жіберген олқылығы», - дейді Қазақстанның Құрметті заңгері, «Қазақстан заңгерлер одағының» Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Серік Беркамалов.

Бейқам басшы. Мәселеден бейхабар ата-ана. Ересектердің кесірінен бейкүнә балалар жапа шекпесе игі!
Просмотров материала: 790

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 303 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 131 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 753 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 802 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 095 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 246 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 384 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 612 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 676 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 837 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 527 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 945 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 399 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 235 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 056 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 263 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 329 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 004 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 392 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 113 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 126 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 960 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 793 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 051 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 994 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 512 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 982 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 828 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 104 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 443 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 845 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 799 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 847 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 804 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 032 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 181 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930