7 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгін оныншы жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы басталды

16 ноябрь 2020, 17:47
Бүгін оныншы жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы басталды
Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) ұйымдастыруымен оныншы жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы басталды. Бұл сауда форумы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өңірлік сауданы дамыту мақсатындағы халықаралық іс-шара.

Бес күндік форумда Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан елдерін қосқанда жалпы 39 елден 100 спикер мен 4000 қатысушы болады.


Биылғы форумның тақырыбы «Орталық Азия – даму және өркендеу». Бұл тақырып COVID-19-дан кейін экономиканың қалпына келтіру кезіндегі Орталық Азиядағы жаңа үрдістер мен нарықтың реакциясын зерттеуге арналған. Виртуалды іс-шараны Zoom, Facebook Live және YouTube онлайн платформаларында бақылауға болады. Сауда форумы халықаралық және аймақтық сарапшыларға, новаторлар мен кәсіпкерлерге Орталық Азиядағы сауданы дамыту үшін байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар интерактивті онлайн-сессияларға қосылып, аймақтық жеткізілімдер тізбегін COVID-19 кезіндегі жағдайға бейімдеу, Орталық Азиядағы туризмді қалпына келтіру, аймақтағы электр энергиясының нарығын дамыту, аймақтық онлайн-сауда нарығының мәселелері мен мүмкіндіктері, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер мен аймақтық әйелдер кәсіпкерліктерін құру және т.б. бойынша пікірталастарға қатыса алады.


Сонымен қатар, форум барысында Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген 20-дан астам жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер Сауда әлемі (World of Trade) виртуалды ритейл форумының шеңберінде бүкіл аймақтан және одан тыс өңірлерден келген серіктестермен онлайн-келіссөздер өткізеді.

«Осыдан он жыл бұрын сауда ынтымақтастығын кеңейту арқылы Орталық Азия елдері арасындағы тұрақтылықты, өркендеуді және өзара байланысты нығайтуға болады деген сенімділіктен осы сауда форумының идеясы туындаған еді. Сауда-саттық әрқашан екі тарапқа да пайдасын тигізеді. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әр адам адал және ашық сауда ынтымақтастығынан пайда көре алады», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Х. Мозер.

Вашингтоннан форумға USAID-тың Азия бойынша бюросының басшысы көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пиедра қосылды. Ол өз сөзінде: «USAID осындай маңызды іс-шараны қолдайтынын мақтан тұтады және біз жаңа коммерциялық байланыстарды дамыту және Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы аймақтағы, оның ішінде Ауғанстандағы сауданы арттыруға дайынбыз», – деп атап өтті.

Соңғы онжылдықта Орталық Азия сауда форумы жаңа үрдістер туралы білу, идеялармен алмасу, байланыстарды дамыту және бизнес жүргізу мақсатында 30-дан астам елден келген мемлекеттік және жекеменшік секторларының 5000-нан астам өкілдерін біріктірді. Соңғы онжылдықта Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы екі еседен астам ұлғайып, жылына шамамен 6 миллиард АҚШ долларын құрады.

Форумның басты ұйымдастырушысы Америка Құрама Штаттары Халықаралық даму агенттігінің (USAID) бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі жобасы болып табылады. Форумды қолдаған басқа серіктестер – Шытырман оқиғалы туризмнің сауда қауымдастығы, Өзбекстандағы Америкалық сауда палатасы, CERT академиясы, Корольдік логистика және көлік институты (CILT), Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Суық тізбегінің ғаламдық альянсы (GCCA), Indy Guide, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлерінің одағы, «Lonely Planet» баспасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымы, Wideoyster журналы, «Логистика мен көлік саласындағы әйелдер» жобасы және World Travel Market көрмесі.

USAID – жетекші әлемдік даму агенттігі және даму нәтижелерін жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID вебсайтына кіріңіз:https://www.usaid.gov/central-asia-regional Facebook парақшасы: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.
Просмотров материала: 1 035

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 593 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 207 248 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 734 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 789 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 157 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 046 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 093 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 393 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 037 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 119 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 301 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 692 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 733 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 470 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 336 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 095 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 279 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 684 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 496 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 353 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 191 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 380 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 271 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 885 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 107 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 342 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 723 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 087 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 030 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 160 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 309 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 470 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031