19 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенат мемлекеттік шекара, көші-қон және кеме қатынасы туралы заңдарды қабылдады

05 ноябрь 2020, 14:56
Сенат мемлекеттік шекара, көші-қон және кеме қатынасы туралы заңдарды қабылдады
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенаттағы палата отырысында сенаторлар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мемлекеттік шекара – ұлттық қауіпсіздігіміз бен елдігіміздің кепілі. Бұл заң ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникаларды қолдану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіруге жол ашады.

"Заңда маңызды нормалар қарастырылды. Олар Президентіміздің мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға арналған. Қазіргі таңда әлемде түрлі сын-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шекараны уақыт талабына сай күзетудің және қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор. Осы орайда бүгін қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдары мен шекара қызметінің тиімділігін арттыруға, шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз", – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар сенаторлар "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады. Сенат Төрағасы бұл құжаттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің байланысын нығайтуға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға және тауар айналымын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

"Қазақстандық флоттың ашық теңіздерге шығуы үшін осы келісім мен заңның стратегиялық маңызы бар. Бұл құжат алдағы уақытта Ресейдің ішкі су жолдары арқылы Қара және Жерорта теңізіңдеріндегі порттарға дейін тасымалданатын жүк көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сол арқылы ел экономикасының өркендеуіне ықпал етеді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Одан бөлек, отырыста депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады. Осы келісім аясында мемлекеттер азаматтардың көші-қоны, көші-қон заңнамасының бұзылуы және заңсыз көші-қон жолдары туралы ақпараттарды, сондай-ақ, елдердің бірінің аумағында тұруға негіздемесі бар тұлғалардың құқықтық мәртебесі жөніндегі мәліметтерді алмасуға мүмкіндік алады.

Отырыс кезінде сенаторлар тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауал жолдады. Әли Бектаев өз сауалында Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу мәселесін көтерсе, Әбдәлі Нұралиев Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыруға қатысты жобаның екінші кезеңін қаржыландыруға назар аударды. Өз кезегінде депутат Ақылбек Күрішбаев отандық жоғары оқу орындарының жұмысындағы түйткілдерге тоқталып өтті. Ал Әлімжан Құртаев Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетін жабдықтауға және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған мемориалды кешен құрылысына қажетті қаражат бөлу мәселесін сөз етті. Өз сауалында сенатор Андрей Лукин азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелеріне, сондай-ақ, жұмыссыздықпен күрес шараларына баса мән берді. Ал Бақытжан Жұмағұловтың сауалында оқулықтардың сапасын арттыру керектігі кеңінен айтылды.
Просмотров материала: 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 191 463 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 018 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 190 568 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 190 611 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 954 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 134 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 522 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 882 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 006 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 442 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 335 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 541 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 357 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 191 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 543 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 433 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 123 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 529 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 288 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 234 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 068 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 910 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 197 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 131 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 630 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 323 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 953 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 218 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 585 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 972 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 917 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 997 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 955 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 169 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 319 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031