1 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«СҚ-Фармация» қоймасы неге сарқыла береді?

04 ноябрь 2020, 9:42
«СҚ-Фармация» қоймасы неге сарқыла береді?
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны қайта көбейіп, еселеніп жатыр. Жаз ортасында індетті ауыздықтай алмауға дәрі тап­шылығының себеп болғанын жақсы білеміз. Талай сын айтылды, ақыры бар мінді «СҚ-Фармация» мойнына іліп, енді мұндай тапшылық болмайтынына өзімізді сендіргендей едік. Бірақ дерттің екінші толқыны «әне-міне келеді» деп жүргенде дәрі-дәрмек таппай қайта сенделер түріміз бар, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тағы да дәрі тапшы

Осы жолы да «СҚ-Фармация» қой­масының бос қалған сөресі көп секілді. 26 қазанда «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және Тауарлар мен көр­сетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­­таменті, «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауым­дастығы» филиа­­лының маман­дарымен бірлесіп, «СҚ-Фармация» ЖШС қой­маларын тек­серген. Бар мәселе тек­серіс қоры­тын­дысынан туындап отыр. Мо­ниторинг тобы қоймада дәрі-дәр­мектің 32 түрі барын анықтаған. Бірақ коро­на­вирусқа қарсы күресетін 12 пре­парат қоймада жоқ болып шықты. Одан бөлек, тағы 5 түрлі дәрінің жет­кізілу шарты болмаған. Осыған дейін ін­деттің екінші толқыны бола­тыны жайлы талай айтылды. Алайда «СҚ-Фар­мация» неге әзір болмай шық­ты? Бұл сауалдың жауабын біл­мекке ме­кеменің баспасөз хатшысы Айгерім Жүсіп­бек­қызына хабарласқан едік. Ол қазіргі уақытта дәрілердің шұғыл жет­кізіліп жатқанын айтты.

– 12 тамызда Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қарсы күресетін 44 түрлі дәрінің тізімі бар хаттамасы шықты. Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл бір айда 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. Қазір дәрінің 38 түрі жеткізілді. 20 қарашаға дейін түгел жеткізіп үл­гереміз. Сосын бұл қор 2 айға жетеді. Қой­малардағы дәрі-дәрмек мөлшері үнемі бақылауда, қа­жет­тілікке қарай тау­сылып бара жатқан препаттарды толықтырып оты­ра­мыз, – дейді ол.

Сонымен, қарашаның соңына дейін дәрі жетіспеушілігі толығымен жойыл­мақшы екен. «СҚ-Фармация» мәлі­метіне көз жүгіртсек, жалпы дәрі-дәрмек қоры­ның 35 пайызы – Алматыға, 30 пайызы – Нұр-Сұлтан қаласына, 15 пайызы Ақтөбе қаласына жөнелтілсе, қалған 20 пайызы Шым­кент қаласына жол тартады.


Жазда осы ұжымға қатысты дау туғанда шенділердің көбі қойманың түбін қаққандай болды. Сол кезде бәрі дәрі қорының жеткілікті екенін айтып қуантқандай еді. Бірақ кезекті рет ке­зіккен кемшілік даудан басы арылмаған «СҚ-Фармацияның» ескі күнін еске сала беретіндей.

Бір елге бір мекеменің қоймасы жете ме?

Жалпы, «СҚ-Фармация» бүкіл елдің дәрі-дәрмегін иемденіп, монополия орнатып тұрғандай көрінеді. 2017 жылы компания мемлекетке 1,3 млрд теңге айыппұл төлеген болатын. Сол кезде Ұлттық экономика министрлігі ұжымды өзге бақталастарының мүддесін шектейді деп айыптаған. 2009 жылы «Самұрық-Қазына» компаниясының жанынан құрылған «СҚ-Фармация» 4 жылдан кейін Денсаулық сақтау министрінің қол астына өтті. 11 жылдан астам басы дауда өткен компанияның төрағалығы алты рет ауысқан екен. Содан бері компа­нияның аз уақытта біраз «тарихи оқи­ғаларды» жасағанын аңғарамыз. 2017 жылы өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа «СҚ-Фармацияның» тө­рағасын ауыстыруды тапсырған болатын. Жаңа басшы ретінде тағайындалған Максим Касаткин жеті ай уақыт қызмет еткеннен кейін 1,8 млрд қаражатты жымқырды деген айыппен істі болған еді.

Компания кесапатынан Денсаулық сақтау министрлігінің беделді қыз­мет­кер­лері де зардап шеккен. Соның бірі – Лариса Пак. «10 миллион теңге кө­ле­мін­де пара алды» деген айыппен 2 жыл тер­­­­геуде болып, кейін үйқамаққа жібе­рілді. Көр­сетілген қысымға шы­дамаған Ла­­риса Пак жүрек талмасынан қайтыс болды.

Жаз ортасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияны» 2 жыл басқарған Берік Шәріпті орнынан босатуды тапсырған болатын. «Тергеуді бастаңдар» деген бұйрықтан кейін Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өз жұмысына кірісіп кеткен. Көпшілік экс-басшы Берік Шәріптің орнына келген Ерхат Есқалиевті де сынға алған. Ша­малауымызға, бұл азаматтың ме­дицинаға түк қатысы жоқ. Дауы енді басылғандай болғанда «СҚ-Фар­ма­цияның» қой­масында дәрі жетіспей жат­қаны ескі жараның бетін тыр­найтындай.

Одан бөлек, «СҚ-Фармация» ком­паниясы қызметкерлерінің жалақысы да қызу талқыға түскенін білеміз. 2018 жылы қызметкерлер айлығына 1 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы 1,5 млрд теңге қарастырылған. Есепке шаққанда шамамен 150 қызметкер 850 000 теңге жалақы алған. Алайда компания өкілдері бұл айтылғандарды не растамады, не жалған екенін айтпады. Жабулы қазан күйінде қалып отыр.

Қорыта айтар болсақ, жамандық ша­қырғанымыз емес, бірақ індеттің екін­ші толқыны бола қалған жағдайда дәрі-дәрмектен тапшылық көрмейміз деп айта аламыз ба? Соңғы 3 күнде дерт жұқ­­­­тырғандар саны қалыпты жағдайдан асып, күніне 400-ден астам адам тір­ке­­луде. Басы осылай басталса, соңы қалай жалғасары беймәлім. Ал «СҚ-Фармация» қоймасы неге сарқыла береді екен?

Просмотров материала: 597

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 044 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 145 850 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 509 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 529 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 145 835 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 633 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 785 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 931 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 485 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 686 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 706 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 935 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 755 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 575 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 712 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 867 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 534 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 631 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 635 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 479 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 322 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 571 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 513 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 024 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 438 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 359 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 593 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 354 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 337 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 380 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 698 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031