23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жергөкпұл бала 3-ке толғанша төленсін деген ұсыныс не болды?

03 ноябрь 2020, 14:19
Жергөкпұл бала 3-ке толғанша төленсін деген ұсыныс не болды?
Бала күтіміне байланысты берілетін жөргекпұлдың мерзімі ұзартыла ма? Көптің көкейінде жүрген сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Естеріңізде болса, осы жылдың басында аталған ведомства жәрдемақыны 1 жарым немесе 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынып еді. Араға 11 ай салып, арна тілшілері мәселенің қалай өрбіп жатқанын сұрап-білді. Сонымен, ана мен баланы қорғаудың қатып қалған жүйесі өзгере ме? Әлде бастама сөз жүзінде қалды ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айзаттың әлдиі 1 жас 3 айлық. Жас ана бөпесін омыраудан ерте айырып, жұмысқа шықты. Амалсыз. Жолдасының тапқан-таянғаны күнделікті ас-ауқаттан артылмайды өйткені. Табысы асып-таспаса да, бір жыртығымды жамар деген оймен суреттен сабақ беріп жүр қазір.

Айзат Әбжанова, қала тұрғыны:

Баламен былай отырғым келеді. Бағып, қарап. Қазір ондай мүмкіндік болмай тұр. Сол үшін кішкентай балаларға суреттен сабақ берем. Сол үшін жұмысқа шығуға мәжбүр болдым. Бір жасқа дейін өте аз. Себебі, бізде балабақшалар 1 жастан бастап қабылдамады. Сол үшін бізге қиындау болып тұр.

Кейіпкеріміздің жайы көпшілігімізге таныс. Өйткені, бұл жағдай ел тұрғындарының біршамасының басында. Бүлдіршін бір жастан асқан соң, Үкіметтен берілетін жөргекпұл тоқтайды. Сөйтіп ата-ананың екеуі бірдей жұмысқа шығып, отбасылық кірістің 50-60 мыңын бала күтушіге үзіп беруге мәжбүр. Қоғамдық талқылауларда аталған мәселені көтеріп жүрген Мейрамхан Жәпек бұл проблеманы тездетіп шешу керек дейді.

Мейрамхан Жәпек, "Ақжүніс" еркіті аналар қоғамы Астана бюросының жетекшісі:

Баланы тастайтын жер жоқ. Қарайтын адам жоқ. Күйеуінің тапқан табысы жетпейді. Қалай да соны жеткізу үшін ана жұмысқа шығуға мәжбүр болады. Қазақстанның миллиардтаған ақшасы. Қаншама байлығы жерасты, жерүсті байлығының барлығы шетел асып жатыр. Инвесторлардың, белгілі бір тұлғалардың қалтасына кетіп жатыр. Осы мәселенің барлығын тоқтату үшін біз қазірден бастап өзіміздің болашағымызға, балаларымызға қамқорлық танытуымыз керек.
Айтпақшы, осы жылдың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жағымды жаңалықтың шетін шығарғаны бар. Жәрдемақыны үш жасқа дейін, тіпті жоқ дегенде 1 жарым жылға дейін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз деген еді. Бастамаға бір қуанып, бір елегізіп қалған жұрттың үміттен гөрі күдігі басым болды. Айтса айтқандай, 11-шы айға аяқ бастық міне. Ведомстваның жазбаша берген жауабынан мәселе сөз жүзінде қалғанын аңғару қиын емес.

ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми жауабы:

"Осы жылы министрлік бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан үш жасқа дейін ұзарту туралы мәселені қарады. Алайда, жәрдемақыны көбейту бойынша шараларды енгізу 2026 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығының бұзылуына әкеп соғады. 2049 жылға дейін қордың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін 2020 жылдан бастап әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін 8%-ке арттыру қажет. Бұл өз кезегінде жалақы қорына жүктемені арттырады және бюджеттен қосымша қаражат талап етеді".
Яғни, сайып келгенде барлығы бюджетке келіп тіреледі. Елдің экономикалық мүмкіндіктері де ескерілуі керек делінген ресми жауапта. Осы орайда Ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың қатып қалған жүйесіне қан жүгірмесе, одан келер залалдың арта берері сөзсіз дейді мамандар.

Мейрамхан Жәпек, "Ақжүніс" еркіті аналар қоғамы Астана бюросының жетекшісі:

Егер біз осы тақырыпқа, осы мәселеге түбегейлі қарамайтын болсақ, онда біз, біздің қоғамымыз дамудың орнына кейін кетеді. Қазір шетелге қаншама жастар кетіп жатыр. Неге кетіп жатыр?. Себебі, олардың барлығы осы елдегі төлемақы дұрыс төленбегендіктен. Еңбекақы дұрыс төленбегендіктен. Жүйесіздіктен. Безбүйректіктен.
Қазір 400 мыңға тарта ана бала күтіміне байланысты жәрдемақысын алып отыр. Жұмыс істемейтін әйелдерге бюджеттен бір жыл бойы ай сайын 15-тен 24 мыңға дейін жәрдемақы төленуде. Ал көрші Ресейде жөргекпұл 1 жарым жасқа дейін беріледі. Балабақшаларының да кіші тобы да осы жастан бастап жұмыс істейді.



Просмотров материала: 2 154

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 330 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 146 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 802 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 820 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 127 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 668 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 838 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 916 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 300 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 668 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 397 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 353 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 155 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031