2 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



800 бұқа алсаңыз, мемлекет 120 миллион теңге бермек

28 октябрь 2020, 16:46
800 бұқа алсаңыз, мемлекет 120 миллион теңге бермек
Ел Үкіметі мал шаруашылығын дамыту үшін бюджеттен миллиардтап қаржы құюда. Алайда соның өзі жетпей жатыр. Мысалы, Алматы облысының Алакөл ауданындағы "Қайыңды" бордақылау алаңы кезінде "зәкірлік ірі жоба", "өңір экономикасының драйвері" ретінде ашылған болатын. Ол бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны семіртіп, союға арналған. Қасында шұжық цехы бар, онда бір ауысымда бірден 60 бұқа сойылып, түрлі-түрлі "колбасаға" айналады. Компанияға мыңғыртып мал өсіруі үшін Жетісу жақтағы әсем мекеннің бірі – Тоқжайлаудан жер берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірақ кейінгі кезде кәсіпорын сырттан әкелген асыл тұқымды малдарына тиесілі субсидияны толыққанды ала алмағанына шағымданып жүр. Бұрындары мұндай мәселені ауыл кәсіпкерлері Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі шенеуніктермен кездесіп, шеше беретін. Дегенмен коррупциямен күрес аясында шенділердің қызметті тұтынушылармен жеке байланысы шектеліп, бұл іс электронды өріске көшірілді.

"Қазір бізден субсидияға өтініштерді билік Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (ИСС) арқылы қабылдайды. Алайда 2020 жылғы 17 шілдеде қабылданған жаңа ережелерге сәйкес, шаруа қожалықтары бюджетте тиісті қаражат болмаса, субсидиялауға өтініш бере алмайды. Яғни егер бюджеттің осы салаға бөлінген ақшасы таусылып қалса, жүйе өтініш қабылдауды тоқтатады. Салдарынан кәсіпорнымызда субсидиялау бойынша бірнеше өтініш қордаланып қалды, оларды тапсыра алмай отырмыз", – дейді "Қайыңдының" басшысы Александр Ковалев.

Қос "шөміштен" қатар қақты

Оның компаниясы субсидиялаудың екі бірдей бағдарламасына қатар қатысуда. Біріншісі – "етті бағыттағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алғаны үшін берілетін субсидия". Мұнда Үкімет әр бұқа үшін 150 мың теңгеден субсидия береді.

Компания отандық етті бұқаларды өсірушілерден 2019 жылдың 1 қарашасында 1 мың 200 бас ірі қара мал сатып алыпты. Бәрі асыл тұқымды: ангус және герефорд тұқымдарына жатады.
"Соның ішінде қалған 800 асыл тұқымды бұқамыз үшін 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге субсидияның төленуін күтіп отырмыз. Ереже бойынша әлгі ірі қара малдар сатып алынған күннен бастап бір жыл бойы, яғни 2020 жылғы 1 қарашаға дейін субсидиялануға тиісті", – деп алаңдайды А.Ковалев. Белгіленген мерзім болса, бітуге таяу.

Екіншіден, кәсіпорын бұл жануарлардың ешқайсысын бауыздамаған: оларды субсидиялаудың тағы бір түріне пайдалануда. Мысалы, "ауылдық не тауарлық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу" үшін субсидия қарастырылған: әр бұқаға бюджеттен 100 мың теңгеден төленеді.

Бордақылау алаңы әлгі 800 бұқасын өз сиырларымен шағылыстыруы, қашыруы үшін жергілікті фермаларға уақытша арендаға берді. Әрине, "аренда" деген аты ғана, ол үшін ақша алмайды. Өйткені әлгінде айтылғандай, бұл үшін мемлекет жақсы субсидия ұсынады. Үкімет асыл тұқымды бұқалар арқылы ауылдық табынның тұқымын жақсартуға ұмтылуда. Әйтпесе, әр теңгесі санаулы фермерлер "жыныстық" қызметі ақылы болатын бұқаны алмас еді.

Субсидия бір жыл бойы төленетіні айтылды. Ол тоқтатылған соң мал иесі бұқараларын кері жинап алып, сойып тастайды. Рас, жалға алуы тегін болғанымен фермер ол бұқаны күтіп-баптауға міндеттеме алады. Көп сиырға салып, ыңыршағы шыға ырсиған күйге жеткізсе, немесе өлтіріп алса, құнын артығымен өтемек. Нәтижесінде, бордақылау алаңдары "екі жеп биге шығуы" тиіс: бір жағынан бұқасын ауылдықтар семіртіп береді, басқа жағынан Үкімет аста-төк субсидия төлейді.

"Біз 800 асыл тұқымды бұқамызды Алматы облысындағы 120 фермаға тегін жалға бердік. Олар сол арқылы төл малының тұқымын жақсартып, асыл тұқымды бұзау алуда. Бірақ бюджетте осы салаға қажетті қаражат жоқ болғандықтан, біз қалған 431 ірі қара мал үшін 43,1 миллион теңге көлемінде субсидияны алу үшін өтініш бере алмай қалдық. Ереже бойынша бұл өтініштер де бір жыл ішінде қаралып, төленеді. Осының алдында, 23 қыркүйекте біз отандық асыл тұқымды, етті бұқаларды сатып алуға субсидия беруге өтініш жолдадық. Алайда ауыл шаруашылығы басқармасы субсидиялаудың жаңа ережелеріне сілтеме жасай отырып, одан бас тартты. Енді кәсіпорынға мүлдем субсидиясыз қалу қаупі төнуде", – дейді Александр Владимирович.

Министрлік бұқа мен сиырды ажырастырмайды

АШМ-ның Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов "Қайыңды" бордақылау кәсіпорнының субсидиядан мүлдем қағылмағанын ескертті.

Оның айтуынша, субсидиялаудың жаңа ережелеріне сәйкес, асыл тұқымдық бұқаларды және қошқарларды сатып алу – аналық басына шаққанда 1:25 жүктеме бойынша ара-қатынаста субсидияланады. Ал асыл тұқымды айғырларды және түйелерді сатып алу – ұрғашысына шаққанда 1:15 жүктемеге сәйкес субсидияланады.

Сонда АШМ бұқа сатып алушыда сиырдың жоқтығын қалай біледі? Мысалы, фермер субсидияға өтініш берсе, ақпараттық жүйе оның есебін қарап, оның қолында сиырдың бар не жоқтығын автоматты түрде анықтайды және әр бұқаға түсер жүктемені өзі есептейді.

Алайда бордақылау алаңдарында сиыр мен бұқа қатар ұсталмайды.

"Негізі бұдан былай сиыры жоқ фермерлердің асыл тұқымды бұқа алғаны үшін субсидияға өтініші қабылданбайды. Дегенмен бұл талап бордақылау алаңдарына таралмайды, себебі оларда сиыр жоқ. Егер бордақылау алаңы бұқасын соймай, жеке шаруашылықтарға тегін арендаға берсе, онда сол шаруашылықтағы сиыр санына қарай жүктеме есептеледі. Ендеше Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының кәсіпкер өтінішін қанағаттандырудан бас тартқаны дұрыс емес", – деді министрліктің департамент директоры.

Жалпы өзге ауыл бизнесмендерінен де ұқсас шағымдар келіп түсіп жатыр. Сондықтан АШМ биылғы 1 қазанда барлық облыстың басқармаларына тиісті түсіндірулер жолдапты.

Алматы облысының АШ басқармасының мәліметінше, ағымдағы айда "Қайыңды" ЖШС-ның 87 бұқасына 13 миллион теңгеден астам субсидия төленді. Биылға асыл тұқымды ірі қара малды субсидиялауға бөлінген бюджет қаржысы түгесіліпті. Сол себепті басқа субсидия беру мүмкін болмайтын көрінеді. Е.Ахметовтың айтуынша, бюджеттен қосымша ақша бөлініп жатса, мерзімі аяқталмаған өтініштер қаржыландырылуы мүмкін.
Просмотров материала: 1 626

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 907 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 430 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 006 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 055 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 369 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 795 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 914 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 161 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 423 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 568 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 189 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 311 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 140 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 448 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 390 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 077 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 478 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 212 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 193 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 022 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 862 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 144 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 076 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 575 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 212 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 896 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 171 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 535 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 870 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 933 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 896 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 116 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 261 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728