5 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Күзетші жігіт 9 баланы жалғыз өсіріп отыр

26 октябрь 2020, 17:02
Күзетші жігіт 9 баланы жалғыз өсіріп отыр
Тоғыз баласын жалғыз баққан әке! Анасына керек болмаған ұл-қыздарына бір өзі бас-көз болып, өзгелерден кем қылмай асырап отырған азамат Түркістан облысында тұрады. Ханәділ Жұмабаевтың кенжесі жақында ғана төртке толыпты. Өзі шағын ғана ауылда қарапайым күзетші болып еңбек етеді. Ал ұрпағынан бас тартқан тасжүрек әйел қайда жүр? Жалғызбасты әкенің арманы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

- Аяла не тамақ істеп жатырсың? Білмей жатырсың ба?
- Торт.
- Тортты қалай істейді?

Аялаға тәтті тортты дайындап беретін әзірге анасы жоқ үйде. Сондықтан, сүйікті асын бүлдіршіннің өзі әзірлеуге тура келеді. Ойыншықтарын реттеп, ойша тәтті қиялға беріліп отыр.

Ханәділ Жұмабаевтың күнделікті тірлігі осы. Балалары үшін қара қазанның да бабын үйреніп алған. Күніне екі мезгіл ас-ауқат әзірлеп, ыстық тамақ пісіреді. Әкелерінің әрбір тағамы қара домалақтарына ұнайды.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Енді тағдыр ғой. Басқа түскен соң тамақ істеуді үйрендік. Тек жұмыртқа қуыруды ғана білетінмін. Қазір палау, бәрін істеп жатырмын.
Отағасы соңғы екі жылдан бері жалғыз өзі балаларына бас-көз болып жүр. Жұбайы отбасынан кетіп қалған екен. Алысқа емес, көрші ауылда тұрады. Анда-санда перзенттерінен хабар алғаны болмаса, үйге келмейді екен. Оған балалары да үйреніп қалған. Анасынан гөрі, әкелері жақын.

Мейрамбек Пернехан, мектеп оқушысы:

Әкеме үй жұмыстарына көмектесем. Бос уақытымда үй жинаймын. Сабақ орындаймын. Ініме шығара алмай жатқан есебі, жазуына көмектесемін.
Мейрамбек ауылдағы мектепте 7-ші сыныпта оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы. Оқу озаты болғандықтан, бауырларына қарайласады. Үй тапсырмасын қадағалайды. Кейде оған әкесі де қосылады. Әйтеуір, екі жақтап жүріп, мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындап үлгереді.

Ханәділ жұбайы жайында сыр ашып ештеме айтқысы келмейді. Не себепті ажырасқанын да айтпады. Ауыл ақсақалдары кезінде татуластырмақ та болыпты екеуін. Бірақ, ортақ келісімге келе алмапты.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Енді тағдыр ғой. Басқа түсті. Басымен көтересің енді. Көнем ғой, тіршілік қой.

Дегенмен, енді қайттім деп отырған отағасы жоқ. "Береке басы - бірлікте" екенін жақсы білетін ол биыл қаңтарда Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріпті. Сұранысы қанағаттандырылып, әр тоқсан сайын 300 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады екен. Аудан әкімдігі жұмысқа орналастырып берген. Және үкіметтен 864 мың теңге алуға жәрдемдесіпті. Ақшасына есік алдына жылыжай салып, қызанақ, қияр өсірумен айналысады. Тапқан табысын балаларына жұмсайды.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Табыс қой енді. Балаларға әйтеуір, ары қарай өздерін ептеп кетер. Үйренгеннің еш айыбы жоқ. Тіршілік естеп, өздерінің күнін көретін әрекет істеп жатыр.

Тағдыр тауқыметіне мойымаған отағасы балаларына әкелік қамқорлықпен қоса аналық мейрімді де қатар сыйлауға барын салып келеді.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Папа, папа деп әйтеуір, іш бауырыма кіріп жүрген осылардың барына шүкір. Бала- шағам қолғанат болып, мен істейтінді олар істеп қояды. Тамақты жылытады. Күнімізді көріп жатырмыз. Жақсы.

Отағасының бар арманы – жақсы тәрбие беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондыру. Бұл шаруа бір өзіне оңайға соқпасын бідеді. Сондықтан жұбайы қайта оралатын болса, перзенттері үшін жаңа өмір бастауға дайынмын деп отыр.

Просмотров материала: 3 762

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 164 841 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 164 671 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 164 300 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 164 340 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 164 626 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 708 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 851 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 064 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 964 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 131 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 892 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 624 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 230 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 081 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 904 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 083 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 185 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 851 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 235 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 962 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 971 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 802 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 646 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 900 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 851 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 360 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 814 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 683 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 948 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 279 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 685 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 657 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 699 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 652 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 880 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 024 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930