30 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жат жұрттағы қазақ балалары ата-анасын іздейді

24 октябрь 2020, 11:48
Жат жұрттағы қазақ балалары ата-анасын іздейді
Осы күні шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының саны 10 мыңнан асыпты. Олардың басым бөлігі мұхит асып, Америкада өмір сүріп жатыр. Әуелде аса қатты назар сал­маған бұл жайт уақыт өткен сайын мәселеге айналып бара жат­қанға ұқсайды. Себебі шетелдегі қара­көздеріміздің өз Отанына аң­сары ауып, ата-анасы мен туған-туыс­тарына іздеу салуы жиілеп кетті.Шетел асқандар көбейді, деп хабарлайды Aiqyn.

Facebook желісінде Kazakh American Association атты топ бар. Көбіне сәби кезінде шетел асып, ес жиғасын тарихи Отанындағы туыстарына іздеу салған азаматтар осы топта жиі ұшырасады. 20 қазан күні Becca Stolz есімді Америка­дағы қазақ қызы өзін Салтанат деп та­ныстырып, жақындарына сұрау салды. 2002 жылы Өскеменде туған оны 2003 жылы вашингтондық отбасы асырап алған екен. Дәл осыған ұқсас мәтінде іздеу жариялағандардың қарасы көп. Соңғы 1 айдың өзінде 4 қазақ баласы ата-анасына сұрау салыпты.

Негізі, шетел асқан балалардың тізімін анықтау ісі 1998 жылы қабылданып, 1999 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Неке және отбасы туралы» заңнан кейін мүмкін болды. Дәл сол 1999 жылы өз жұртынан көз жазған бүлдіршіндердің саны 1 797-ге жеткен екен. Білім және ғылым министрлігінде 250-нің ғана дерегі бар болып шық­қан, қалғанының қайда аттанғаны бей­мәлім күйде қалды. Бірақ бұл сан есе­ленбесе, азаймады. 2009 жылы – 6014, 2016 жылы қазанда – 9 мың, ал биыл 10 мыңнан асып жығылыпты.
Шамамен 90 пайызға жуығы Америка жерінде жүр. Жалпы, бұл процесс шетелден бала асырап алу жөніндегі халықаралық агенттіктер мен қорлар арқылы жүзеге асады. Қазақ балаларына «құмартқан» АҚШ-та мұндай агенттік саны өте көп. Мәселен, АҚШ-та 1999 жылы – 11, 2000 жылы – 15, 2001 жылы 23 агенттік тіркелсе, бүгінгі күні 50-ден асқан. Агенттік демекші, сол елдегі мұндай мекемелердің тарихы тереңде жатыр. Халықаралық бала асырап алу тарихында ең алғаш әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Перл Бак азиялық балалардың тағдырына тамсанып осындай агенттік ашқан көрінеді. 1949 жылы түрлі ұлттан бірнеше бала асырап алып Welcome House (Үйге қош келдің) қорын ашқан. Қазір бұл агенттік қызметін әлі жалғастырып келеді. Ал пікір қақ жарылып, сан сауалдың туары белгілі. Бүлдіршіндерді шетел асырғаннан мемле­кетке тиер қандай пайда мен зиян бар?

Бес баланы асырап алған мемлекеттік қызметші (видео)
Бұдан келер пайда болса, басты – бала жетімдер үйінде емес, ата-ананың қамқорлығын көріп өседі. Бірақ өз ата-анасының мейіріміне қанбайтыны тағы белгілі. Кезінде марқұм Шерхан Мұртаза осы мәселені талай қозғап, шетелге бала беруге қарсылық білдірген еді. Алайда бұған құлақ асқан жағдайды көрмедік. Пайымдасақ, пайдасымен қатар ел үшін зиянды жағы да бар. Біріншіден, мемлекет өзінің ең басты құндылығы – адамынан айырылады. Мұның залалы келешектегі еңбек күшіне де әсер етеді. Екіншіден, онсыз да проблемаға айналып келе жатқан демографиялық ахуалды қозғауға түрткі болады. Дегенмен ең басты кінә – сәбиін жетімге қосқан жауапсыз ата-ананың мойнында болса керек. Бір сөзбен айтсақ, пайым көп, кесіп тұжырым жасау қиын.

«Отан – оттан да ыстық»

Жақында Теодор Уолтон есімді аме­рикалық баланың Қазақстандағы туыс­тарын іздейтіні туралы ақпарат та­рап, артынша Теодор жақындарын тапқанын айтып сүйінші сұраған еді. Ол – америкалық Дональд пен Джинни есімді ерлі-зайыптылар Өскемендегі балалар үйінен асырап алған Марат Тоқтарұлы Оразғалиев болатын. Маратпен (Теодор) тілдесуге асыққанымызда жатсынбай, хикаясын баяндауға келіскеніне сүйсіндік. Әрине, өз ана тілін білмейді, ол үшін сөге де алмаймыз.

– Соңғы уақытта маған Қазақстаннан хабарласатын азаматтар көбейді. Ескеріп жатқандарына алғысымды айтқым келеді. Мен 2001 жылы Қазақстанда Өскемен қаласында дүниеге келген екенмін. Есімім – Теодор Уолтон, ал туғандағы берілген аты-жөнім – Марат Тоқтарұлы Оразғалиев. Мені Өскемендегі жетімдер үйінен 1 жасқа толғанда америкалықтар, қазіргі отбасым бауырына басып, асырап алған. Әкемнің есімі – Дональд. Анам – Джинни. Әкем әскери салада, ал анам әлеуметтік қызметкер болып еңбек етеді. Қателеспесем, олар сонымен қатар менімен бірге жетімдер үйінде тәрбиеленген, қазіргі әпкем – Сараны да қамқорлығына алған. Ата-анамның Ханна есімді туған қызы бар, – дейді ол.

Бізді толғантқаны – асыранды екенін білген кездегі Теодордың халі еді. Бірақ бозбала бұған қынжыла қоймағанын жет­кізді.

– Асыранды екенімді баяғыдан біле­мін, бұл жақта бала асыранды екенін бала кезінен біледі. Анам да, әкем де өте ашық адамдар. Асыранды екенімді білсем де, бастапқыда онша мән бермедім. Өйткені олар ешқайсымызды бөліп-жарған емес. 2008 жылы ата-анам туған әке-шешемді іздестіре бастағаны есімде, ол кезде де мән бермеппін, себебі кішкентай болдым. Туған ата-анам қайтыс болғанын кейінірек білдім. Өскен соң өзім де қызыға бастадым, сөйтіп жақындарымды іздеп, әп-сәтте ағамды таптым. Рүстем Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында тұрады екен. Оны да сол жақтағы бір отбасы асырап алыпты. Ол менің бар екенімді 7-сыныпта оқып жүргенде алғаш рет білген екен. Қазір Рүстеммен хабарласып, хат жазысып тұ­ра­мыз. Ал жанымдағы әпкем Сара мен сияқты емес, отбасын іздеуге аса қызықпайды, бірақ кейін бәрібір із­дейтініне сенімдімін. Ағам Рүстеммен кез­дескім келеді, бірақ Қа­зақстанға түбегейлі көшер ниетім жоқ, – деді Марат.

Сөз соңында бір жайтты айта кет­кенді жөн көрдік. Шетелде жүрген 10 мыңнан астам баланың өз тарихи Отанының барына көзін жеткіздік, дегенмен олардың алдындағы парыздың өтелмесі хақ. Елімізге қайта оралуға үгіттей де алмаспыз. Сондықтан әуелі бала тағдырына жауапсыз қарап, жетімдер үйінің төрінен шығармастың қамын ойласақ абзал. Ол үшін кез келген ата-ана өз жауапкершілігін сезінсе жеткілікті.



Просмотров материала: 1 336

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 472 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 995 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 568 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 617 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 934 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 773 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 895 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 139 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 400 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 544 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 079 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 185 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 308 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 136 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 385 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 074 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 474 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 208 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 190 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 015 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 859 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 140 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 070 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 571 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 181 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 891 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 530 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 919 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 868 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 929 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 893 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 113 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 256 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031