2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев сот шешіміне қысым жасайтын журналистер мен блогерлер туралы айтты

23 октябрь 2020, 16:24
Тоқаев сот шешіміне қысым жасайтын журналистер мен блогерлер туралы айтты
Мемлекет басшысы Қазақстан судьяларының VIII съезі делегаттарының алдында құттықтау сөз сөйледі. Бейне конференция режимінде өткен жиынға еліміздің бүкіл өңірлерінің судьялары, сондай-ақ, шетелдік сарапшылар қатысты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Президент сөйлеген сөзінде сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі пандемия кезінде еліміздің сот жүйесі күрделі сынақтан өткеніне тоқталды. Оның айтуынша, карантинге қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтан жүргізу форматына жедел көшірдік. Бұл ұтымды әрі оңтайлы шара болды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысындағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды. Әсіресе, бұл олқылықтар пандемия кезінде анық байқалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға баса мән берілгенін еске салды. Оның пікірінше, сот жүйесіндегі үдерістерге, ең алдымен, азамат, кәсіпкер, инвестор мүддесі тұрғысынан қарау керек.

Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болу үшін судьялардың кәсібилігіне, сот төрелігі мен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұру керек деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар басымдықтарды айқындады.

Қазақстан Президенті адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді бірінші міндет ретінде атап көрсетті.

«Судьялар корпусы өздерінің күнделікті жұмысында осы ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуға тиіс. Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек. Еліміздің судьялары кәсіби біліктіліктерін ұдайы арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды», – деді Президент.

Сот жүйесінің тәуелсіздігі – екінші маңызды басымдық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әділ сот төрелігі және азаматтардың сот билігіне деген сенімін арттыру міндетті шарт болу керек.

«Отандық және халықаралық сарапшылар судьялардың әлі де болса, соттар мен сот алқаларының төрағаларына тәуелді деп санайды. Бұл – тиімсіз тәжірибе. Бұдан құтылу қажет. Судьялардың құқық қорғау органдарына тәуелділігі – түйткілді мәселе. Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты ешкімде күмән болмауға тиіс. Азаматтар, кәсіпкерлер және инвесторлар қазақстандық судьялардың бейтарап әрі әділ шешім шығаратынына сенімді болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент судьяларға БАҚ және әлеуметтік желілер тарапынан қысым жасалатын жағдайлардың да кездесетініне назар аударды.

«Тергеу әлі жалғасып жататын, істің сотқа берілмеген кездері болады. Ал кейбір журналистер мен блогерлер жағдайды ушықтырып, сот шешімін алдын ала болжай бастайды. БАҚ-тың жариялылығы, ашықтығы сотқа қысым жасау құралы ретінде мүлде пайдаланылмауы тиіс. Әділдік сот залында және сот процесінің қорытындысы бойынша ғана орнауы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кәсіби судьялар корпусы барша сот реформаларының шешуші факторы екенін атап өтті. Президент соңғы жылдары судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптардың күшейгенін, іріктеудің заманауи құралдары енгізілгенін айтты. Бұл мықты заңгерлерге, белгілі ғалымдар мен кәсіби құқықтанушыларға сот жұмысындағы тәжірибесі болмаса да, судья болуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы міндетті жүзеге асыруда Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың зор еңбек сіңіргеніне тоқталды.

«Судьялардың беделі мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу үдерісі айқын және ашық болуы тиіс. Дамыған елдердің басым бөлігінде судьяларға қойылатын талаптардың жоғары болатыны соншалық, өткен өміріндегі болмашы бір теріс әрекеті лауазымға тағайындалмауына себеп болуы мүмкін. Мұндай тәжірибені Қазақстанда да қолданған жөн деп санаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сот үдерістерін оңтайландыру және дау-дамайларды шешу барысында бітімгершілік тетіктерін енгізу мәселесіне де назар аударды. Осы мәселенің маңызы сот үдерісінде бюрократияның алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сот ісіндегі рәсімдерді шектен тыс регламенттеу процесстердің ұзаққа созылуына алып келеді және қоғам тарапынан әділ сынға ұшырайды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сот ісін оңтайландырып, керексіз рәсімдер мен регламенттерді алып тастау қажет.

«Сот процесі түсінікті және ыңғайлы болуы тиіс. Азаматтар рәсімдердегі түрлі айла-шарғыларды шешуге міндетті емес», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, аталған барша міндеттерді тиімді шешу арқылы сот жүйесіндегі оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынын және азаматтардың сотқа деген сенімі арта түсетінін атап өтті.
Просмотров материала: 798

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 893 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 543 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 031 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 088 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 454 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 013 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 062 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 365 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 003 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 085 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 266 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031