9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жетімдер үйіне өткізе салған әйел баласын қайтара алмай жүр

23 октябрь 2020, 11:21
Жетімдер үйіне өткізе салған әйел баласын қайтара алмай жүр
Туған ұлын жетімдер үйіне өткізген келіншек енді баласын қайтара алмай сан соғуда. Қызылорда қаласы тұрғынының мектеп әкімшілігіне өкпесі қара қазандай. Өйткені, дәл солар баламды бейімдеу орталығына өткізуге үгіттеді деп отыр. Соның салдарынна бір жыл бойы ата- ана құқығын қалпына келтіре алмай, сабылып жүр екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


Ольга Звездова бір жыл бойы бауыр еті баласын үйіне қайтара аламай әлек. Оның сөзінше, екінші мәрте тұрмысқа шыққаннан кейін ұлының мінез-құлқы өзгере бастапты. Өгей әкесін жатсынған ол, тіптен үйінен безуді әдетке айналдырған.

Ольга Звездова, қала тұрғыны:

Әу баста ұлыммен өзім сөйлескім келген. Бәрін түсіндіремін деп ойладым. Болмағасын қызметкерлерді көмекке шақырдым. Мектепте балалармен жұмыс істейтін психологтар бар, менің ұғындыра алмағанымды сол мамандар түсіндірер деп ойладым. Бірақ, бәрі керісінше болды. Ұлымды алып кетті.

Келіншектің айтуынша, ұлын балалар үйіне өткізуге мектептегі психологтар үгіттепті. Жарты жылдың ішінде баланың мінезі өзгеріп, тәртібі түзеледі деп сендірген. Алайда, межелі уақыт өткеніне қарамастан, ата-ана құқығын қалпына келтіре алмағанына өкпелі. Қазір тұрақты түрде баласына алимент төлеп жүр екен.

Ольга Звездова, қала тұрғыны:

Олар маған балаңыз ертең қайтадан қашып кетеді, сіздің жаңа күйеуіңізбен тіл табысуы қиын болады. Сөйтіп бұзылып, қылмыс жасауы әбден мүкін. Балаңызға қажетті дүниені алып бере алмайсыз деп мені қыспаққа алды. Ал қағазға керісінше мені баланы тәрбиелеуден бас тартты деп жазған.

Әкімдік жанындағы Кәмелет жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отбасының жағдайын жіті бақылаудан өткізгенін айтады. Ал анасына мектеп қызметкерлері тарапынан ешқандай да қысым, үгіттеу болған емес дейді. Жеткіншекті балалар үйіне өткізу жөніндегі шешімдісот шығарыпты.

Нұрлыбек Байымбетов, №9 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары:

Осы мәселе 3-4 рет қайталанды. Нақты бейімдеу орталығымен бірлесіп жұмыс жасап, қала әкімінің жанындағы комиссияның шешіміен сотқа жолдаған болатынбыз. З.А "Атамекен" орталығында тәрбиеленіп жатыр. Мектеп тарапынана анасына да ұсыныс айтылған жоқ, заң аясында жұмыс жасалынды.

Бүгінде жеткіншек балалар үйінде тәрбиеленуде. Мамандардың сөзінше, Александр домбыра мен футболға әуес. Сондай-ақ, барлық іс-шараларға белсенді түрде атсалысады екен.

Лиза Скакова, "Атамекен" балалар үйінің директоры:

Бүкіл қоғамдық өмірдің бәріне белсенді араласып жатыр. Келгелі бері үйірмелерге қатысып, домбыраны мегеріп алды, спортқа қатысып жатыр. Біз өгей әкесінің келуіне қарсы болдық. Бірақ анасы карантин кезінде 3 рет келді. бірақ одан кейін төбе көрсетпеді. Бірақ, баласына жиі-жиі хабарласып тұрады.
Балалар үйі қанша жақсы болса да Александрдың үйіне қайтқысы келеді. Жеткіншек өгей әкесімен тіл табысып, тату-тәтті өмір сүретініне сенімді!

Александр Звездов, "Атамекен" балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Бұл жерге үйден қашып тап болдым. Негізігі себеп өгей әкеммен тіл табыса алмадым. Үйге оралғым келеді. Менің ойымша, онымен енді проблема болмайды. Мәселе шешілген сыңайлы.

Осылайша, Александрдің анасы ұлын қайтару үшін прокуратурға дейін арыз жазыпты. Ұлын қайтарып алу үшін соңына дейін күресуге бекініп отыр. Ал балалар үйінің әкімшілігі анасына ұлын аптасына бір рет, демалыс күні көруге рұқсат берген. Ол үшін қалалық білім білім бөліміне өтініш жазып, тиісті құжаттарды жинауы қажет.

Просмотров материала: 949

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 010 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 683 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 185 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 230 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 599 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 543 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 581 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 566 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 622 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 815 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 448 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 128 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930