24 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отбасында зорлық көрген елордалық 320 әйел көмекке жүгінген

21 октябрь 2020, 16:36
Отбасында зорлық көрген елордалық 320 әйел көмекке жүгінген
Биылғы тоғыз айда елордада 320-дан астам әйел зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларына көмекке жүгінген. Бұл туралы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шырахметова бүгін баспасөз конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2020 жылдың тоғыз айында 320-дан астам әйел біздің көмегімізге жүгінді. 160-қа жуық әйел Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жеке қабылдауында болды. Бала-шағалы 39 әйел Дағдарыс орталығына орналастырылды. Олардың өтініштері бойынша 93 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 127 қорғау нұсқамасы шығарылды. 47 әйелге азаматтық-құқықтық қатынастарда көмек көрсетіліп, 89 адам мәжбүрлеп емдеу мекемелеріне орналастырылды. Олардың кейбіреуі балаларымен бірге Дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Ал кейбіреуіне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге көмек көрсетілді», - дейді Гүлмира Шырахметова. Инспекторлар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге мәселелерін шешуге, жұмыс табуға, кейде құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі.

«Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюро Украинадан Кеңес Одағы кезеңінде келген әйелдің құжаттарын қалпына келтірді. Бұған дейін оның ешбір құжаты болмаған. Тиісінше, әйелдің балаларында да ешбір құжат болмаған. Құжаттарды қалпына келтіргеннен кейін ол балаларына әлеуметтік төлемдер ала бастады және жұмысқа орналасып, баспаналы болды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді аға инспектор.

Оның айтуынша, әйелдер инспекторларға әртүрлі мәселемен жүгінеді.

«Біз үйлестіруші орган ретінде үкіметтік емес ұйымдарға хабарласып, оларға көмектесеміз. Көптеген әйел күйеулерімен де жұмыс жасағанымызды қалайды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бар. Олар қазір 12 отбасымен жұмыс істеуде. Бұл отбасыларға қиындықтарды жеңуге және отбасыдағы қарым-қатынасты реттеуге көмектеседі», - дейді Гүлмира Шырахметова.

Инспектордың сөзінше, отбасылық дау-дамайда ерлі-зайыптының біреуі ғана кінәлі болуы мүмкін емес.

«Біз отбасыны барынша сақтап қалуға тырысамыз. Ал отбасын сақтап қалу мүмкін емес жағдай болса – онда әңгіме басқаша, әрине. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ішімдік ішкен күйде болады және қол көтеруге де көп жағдайда қызғаныш себеп болады», - дейді ол.

Еске салайық, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер үшін 1409, ал жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін +7081060810 және 150 нөмірі бойынша байланыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл сенім телефондары арқылы құқықтық және психологиялық кеңес алуға болады.
Просмотров материала: 686

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 366 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 018 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 626 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 677 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 971 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 333 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 470 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 699 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 806 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 974 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 996 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 420 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 248 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 068 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 278 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 340 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 017 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 404 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 127 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 137 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 971 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 067 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 007 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 524 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 006 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 113 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 462 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 855 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 857 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 815 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 046 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 192 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930