23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұстаздың жанайқайын кім тыңдайды?

17 октябрь 2020, 12:53
Ұстаздың жанайқайын кім тыңдайды?
Өңір мектептеріндегі жемқор­лық фактілерін жазғанымыз бар. Артынша еліміздің бірнеше айма­­­ғынан мұғалімдер қоңырау шалып, әлеуметтік желіде мұңын шақты. Бірі жұмысқа кіру үшін өзінен пара сұрап жатқанын айтса, екіншісі мек­­­­­­­тептегі жөндеу жұмысына бө­лін­­­­­ген қаржы мен дәретхана ақ­ша­­­сының жымқырылғанына на­­­разы. Ұстаздардың арасында ай­­­­­­мақ­­тағы мәселені білім бөліміне ай­­­тып шағымданса да, жауап ала ал­­­­­мағандары бар екен, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сағат алып, сабақ бермей жүр

Әмина Сатай (есімі өзгертілді – авт.) айтуын­ша, Аты­­рау облысы Қызылқоға ауданы Х. Досмұхамедов атындағы Қаракөл орта мектебі директоры – денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Алайда өзі сағат алғаны­мен, сабақ бермей жүр. Әмина Сатайға бұл жағдай туралы ата-аналар хабарлаған. Олардың өтінішімен білім бөліміне қанша сұрау салғанымен, жауап бермеген.


«Facebook-ке, Telegram-ға жаз­дым. Сұрау салдым. Жауап жоқ. Содан газетте жемқорлық тақырыбы көтерілген соң мәселені айтайын деп шештім. Қаракөл орта мектебінің уақытша директоры дене­шы­нық­тыру сағаттарын алғанымен, сабақ бермеген. Тіпті, оқушыларға арнап ортақ чат ашпаған. Дәлел ретінде ата-аналардың аудио­хабарламалары бар. Одан қалса, директор қызметін уақытша атқарушы үш рет біліктілік тестін тапсырған, биыл тағы өтпей қалыпты. Бірақ Қаракөл орта мекте­біне директор сайлау туралы кон­курстың сұхбаттасу кезеңіне өткен. Толыққанды директор болуға дайын­далып жүр. Ал сол директорға ұстаздар күні алғысхат табыс­тағанда жағамды ұстадым. Аудан балабақ­шасында төрт рет тестен өтпеген уақытша меңгерушіні басшылыққа сайлайын деп отыр. Қарсылықты қабылдамай, ешкімді жақындатпай жатыр», – дейді ұстаз Әмина Сатай.

Сондай-ақ ұстаз Т. Жанұзақов атындағы бастауыш мектепте мектепке дейінгі білім беру маман­дығын бітірген адамның дирек­­тор болып отырғанын тілге тиек етті. Ал өзі жұмыс істейтін Х.Досмұхамедов атын­­дағы мектепте орыс тілі саба­ғынан информатика пәнінің мұғалімі үш жыл сабақ бергенін айтты. Орыс тілін еркін меңгерген ұстазға осы жауапкершілікті жүкте­ген екен. Қала берді, инфор­матик орыс тілінен жаңар­­тылған білім мазмұнына сай курсқа қатыс­қан. Содан Әмина Сатай бұл істі дау­­лап жүріп, біржақты еткен. Оның айтуын­­ша, көп өтпей аталған мұға­лім өзін-өзі тану пәнінен бір айлық курс оқып, қазір сабақ беріп жүр. Белсенді ұстаз аудиттік тексе­­­рістің қайда қарап жүргеніне таңы бар. Ол осыдан кейін қоғамда ұстаздың беделі түсіп, оқушылар алдында мұғалімнің мәртебесі қалай көте­рілмек деп отыр.



«Жұмысқа тұруға 1 млн сұрады»

Шымкент қаласы тұрғыны Зияда Райымқұл (есімі өзгертілді- авт.) мектепке дейінгі білім беру маманы өзінен жұмысқа кіру үшін 1 млн теңге сұрап отырғанын айтты. Оның айтуынша, қолында екі дип­­ломы бар. Шарасыз ұстаз ақша таба алма­­­­ғаннан, жұмыссыз отырғанын атап өтті.

Жұмысқа алу мен сағат бөлудің жайына келгенде Қызылорда Шиелі кентіндегі мектеп-лицейдің мұғалімі Эльмира Бақыт­қызы қазір қолма-қол ақша беру азайғанын айтады. «Факт көп, бірақ ұстатпайды. Kaspi Gold деген бәріне майдай жақты. 18 сағаттың «ставкасы» – 40-50 мың теңге. Ақшаны тиісті адамға ауда­рады, мәселе шешіледі. Лауазымды жұмыстың да құны бар. Мысалы, директордың орынбасары лауазы­­­мына уақытша жұмыс істеу 150-200 мың теңге. Карантин кезі болып жанымыз қалып жүр. Тексеру келсе, ақша жинаймыз. Кезінде мектеп-лицей атын алғанда ұжым болып 2000 теңгеден ақша жинаған едік. Одан қалса, кабинеттегі жалюзи мен есіктің құлпына дейін өз қалтамыздан төлейміз. Олимпиададан, аудандық деңгейдегі сайыс­тардан орын алу жайын да ақша шешеді. Олимпиа­дадан орын алғың келсе, ай бұрын ақша төлейсің», – дейді ұстаз.

Ал С.Сейфуллин атындағы орта мек­­тептің Ардагерлер кеңесінің тө­райымы Кәмила Халыққызы Жам­был облысы Талас ауданы білім бөлімі басшылығының жұмысына наразы. Оның дәлелі де бар. Бірнеше рет білім бөлімі басшылығымен соттасқан екен. Аудан, облыс, қала әкім­­дігіне білім бөлімі басшысы Күлшат Қожа­таеваның атынан арыз жазса да, әкімдер қарастырамыз деумен шектелген. Жалпы, аталған білім бөлімі басшысының атына 8 ескерту, 22 хаттама мен 3 млн теңгеге жуық айыппұл салған деседі. Зей­неткер ұстаз мұның бәрін жең ұшы­нан жалғанған жемқорлық деп отыр.

«Негізі, айтсам, дәлел көп. Мы­салы, тамыз конференциясында С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорына Күлшат Қожатаева заманауи құралдармен жабдық­­­талған физика кабинетіне арналған серти­фикат табыстаған-ды. Құны 7 мил­­лион теңгеден асады. Бірақ зерт­теудің арқасында әлі күнге физика кабинетіне құрал-жабдық алынба­­ғанын дәлелдедім. Дәлелдерді бір­­қатар мекемеге ұсындым. Аталған мектепке «әжетхана салу мақсатында 8 млн теңге бөлі­­ніп, орталық су құбырынан құбыр тарт­­тық» деген. Құбыр тұрмақ, жер қазыл­маған. Видео-дәлелім бар. Мектептегі мәжіліс залы (актовый залды) жөндеуге 14 млн теңге бөлінген. Сол күйінде тұр. Ал биліктегілер көре тұра көз жұмып отыр», – дейді Кәмила Халыққызы.



Ұстаздардың ұсынысы бар

Мұғалімдер білім саласындағы былық­тың беті ашылып, жемқор­лықтың жолы кесілгенін қалайды. Олар әрқашан жіптің бір ұшы басшыға келіп тірелетінін айтады. Мәселен, ұстаз Нұргүл Молда­­бекова мек­тепте жылына 4-5 рет прокура­­туралық тексеріс жүргізуді жөн деп санайды. Оның айтуынша, сонда ішкі ереже, тарификация мен кә­сіпо­­дақ ақшасына дейін тексеруден өтсе, жағдай бірізге түседі.

«Үкіметке, Білім министріне жазып, директорлық лауазымның мерзі­мін бекіту керек. Директорлық мандатты 3 не 5 жыл атқарса жет­кілікті. Егер басшы мектепті гүлден­діріп, нәтиже көрсетсе, басқа мек­­тепке ауыстырған жөн. Саны бар, сапасы жоқ директорларды бірден орнынан алып тастау керек. Осындай жүйеден нәтиже шығады деп ой­лаймын», – дейді есімін атағысы келмеген ұстаз.

Иә, ұстаздар еркін жұмыс істеп, ойын нақты жеткізгісі келеді. Кейбірі бір істің бетін ашып, жариялай қалса, артынан қуда­­лау болатынын алдын ала біледі. Сондықтан өңір­­лерде білетінін ішіне жасы­­рып, бұғып қалатын ұстаздар бар. Еліміз интернет пен баспасөз бостандығы бойын­­ша 60 орынға жайғасқаны белгілі. Ал ішкі цензура мен шолақ­бастықтардың әрекетін кім, қалай бағалайды? Айтпағымыз бұл емес. Бастысы, білім саласындағы жем­қорлықтың су бетіне шығып, ұстаз­дардың «ықты» паналағаны керек.


P.S.

Біз өзімізге хабарласқан ұстаздардың пікірін бердік. «Екінші тарап қайда?» дерсіз, бірақ мұндай өткір мәселе көтерілгенде келесі та­раптың үнсіз қалатынын немесе мүлдем өзге сылтау айтатынын жақсы білеміз. Тәжірибемізде бар. Сондықтан құзырлы органдар ұстаздардың осы шағымдарына назар аударар деп үміттенеміз.


Просмотров материала: 1 100

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 264 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 080 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 735 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 754 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 061 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 153 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031