23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Anticovid паспорты Қазақстан азаматтарына беріле ме?

15 октябрь 2020, 11:07
Anticovid паспорты Қазақстан азаматтарына беріле ме?
Әлемдік пандемия кезінде кәдімгі паспорттан басқа, «антиковид» төлқұжаты берілуі мүмкін. Ол саяхатшыларға арналған және 14 күн бойы карантинде жатпай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Туроператорлар Ассоциациясы. Бұл «ерекше» құжатқа қазақстандықтар қол жеткізе ала ма? Azattyq Rýhy сауалына ҚР Ішкі істер министрлігі жауап берді.

ANTICOVID ПАСПОРТЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ РЕЙСТЕРДЕ ПАЙДАЛАНЫЛЫП ЖАТЫР

Anticovid паспорты CommonPass деп аталады. Мұндай электронды рұқсаты бар әуе жолаушылары коронавирусты анықтайтын ПТР-тестіне тексерілмейді және карантинсіз кез келген елге 14 күнге сапар шеге алады. Алғашқы халықаралық электронды рұқсаттамалар Лондон Хитроу әуежайында берілді.

COMMON PASS ТӨЛҚҰЖАТЫ ӘЛЕМНІҢ 37 ЕЛІНДЕ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Common Pass паспортын Commons Project Коммерциялық емес Қоры мен Дүниежүзілік экономикалық форумы әзірледі. Бұл төлқұжат түрі әлемнің 37 елінің үкімет өкілдерімен ынтымақтастықта іске қосылды.
Жобаның мақсаты – жолаушылар үшін COVID-19 теріс көрсеткішін электронды түрде құжаттай алатын және ұшаққа қонған немесе шекарадан өткен кезде арнайы құжатты ұсына алатын жалпы ғаламдық жүйені құру.

Электрондық өткізу жүйесі келесідей жұмыс істейді:

сертификатталған зертханада коронавирус сынағынан өту;
теріс нәтиже болған жағдайда деректер QR-коды бар смартфон қосымшасына енгізу;
авиакомпания қызметкерлері мен шекарашыларға жүктеу үшін QR-кодты беру.
Common Pass жүйесі әр мемлекетке өз талаптарын енгізуге мүмкіндік береді.

ЖҮЙЕНІ ТЕСТІЛЕУ 2020 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА КЕНИЯ ШЕКАРАЛАРЫНДА ӨТТІ

Commons Project мәліметтері бойынша, жүйені медициналық тексеруден өткен және кіруге рұқсат алған жүк көліктерінің жүргізушілері сынап көрді.

ЖАПОНИЯ ОЛИМПИАДАСЫ-2021 КЕЗІНДЕ МҰНДАЙ ПАСПОРТТАР КЕҢ ҚОЛДАУ ТАППАҚ

Жобаны ұйымдастырушылар мен Жапония Олимпиада комитеті арасында 2021 жылдың шілдесінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына келетін туристер мен жанкүйерлер үшін антиковид паспортын қолдану мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілді.

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ САПАРҒА БАРУҒА БОЛАДЫ

Жоба ұйымдастырушылары Сауд Арабиясының билігімен CommonPass-ты қажылыққа баратын қажыларды тексеруде пайдалану үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

ҚАЗАҚСТАНДА МҰНДАЙ ПАСПОРТ БЕРІЛЕ МЕ?

«Common Pass паспорты Қазақстан азаматтарына беріле ме?» деген Azattyq Rýhy сауалына ҚР Ішкі істер министрлігі, Көші-қон қызметі комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұрахметов Нұрбек Қарымсақұлы жауап берді.

«Қазақстан азаматтарына тек қана ҚР ұлттық паспорты ғана беріледі. Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық бөлімінде істейтін қызметкерлерге: дипломатиялық паспорт және қызметтік паспорттар берілуі мүмкін. Басқа паспорттар беру жүзеге асырылмайды. Саяхатқа шыққан адамдарға ПТР-тестсіз жүру үшін рұқсатнама берілетіндігі немесе берілмейтіндігі туралы мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне қарайды»,- деді Нұрбек Нұрахметов.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «бізде мұндай (Anticovid паспорты – ред.) құжат жоқ, бізде тек ПТР-тесттің нәтижелері туралы анықтама беріледі, ол 3 немесе 7 күнге жарамды», деді.

ЖҮЙЕНІ 20 ЕЛ ЕНГІЗУГЕ ДАЙЫН

Қазіргі уақытта пилоттық жоба Лондон мен Нью-Йорк арасындағы рейстерде әрекет етеді. Алдағы уақытта осы жылдың соңына дейін Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Таяу Шығыс және Азия бойынша маршруттарға кеңейту жоспарланып отыр. Жаһандық желіні толық ауқымды енгізу 2021 жылдың басына жоспарланған. 20 елдің үкіметі антиковид паспортын өткізудің эксперименттік схемасын сынап көруге келісімін берді. Олардың тізімі әлі жарияланған жоқ.

Әзірге тек екі авиакомпанияның жолаушылары осындай антиковид паспортына рұқсатнаманы рәсімдей алады. Бұл - Лондон-Нью-Йорк рейсіндегі американдық United Airlines және Лондоннан Гонконг пен Сингапурға ұшатын гонконгтық Cathay Pacific әуе компаниялары.

ҚАЙ ЕЛДІҢ ПАСПОРТЫ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ?

Айта кетерлігі, сарапшылар COVID-19 пандемиясы кезінде әлем бойынша саяхаттау үшін қай мемлекеттің паспорты ең ыңғайлы екенін анықтады.

Бұл тізімде бірінші орынды иеленген - Жаңа Зеландия төлқұжаты, оның иелері коронавирустық пандемия кезінде әлемнің 129 еліне кедергісіз бара алады. Жаңа Зеландия паспорты билік пен Аустралия арасындағы шекараны карантинсіз өту туралы келісімнен кейін өз позициясын нығайтты.

Мәселен, COVID-19 алғашқы толқыны кезінде Жаңа Зеландия тұрғындары 80 мемлекетке еркін сапар шегу мүмкіндігіне ие болды. Passport Index компаниясының өкілі Грант Богосян Жаңа Зеландияның ұстанымы Үкіметтің пандемиямен жақсы күрескендігінің дәлелі деп санайды.

Тізімді Германия, Ирландия, Австрия, Швейцария, Люксембург, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралия елдері жалғастырады. Бұл мемлекеттердің азаматтары арнайы құжаттарсыз және шектеусіз 128 елге кіре алады.

Мәселен, Жапония азаматтары әлемнің 191 еліне визасыз бара алады (кейбір шектеулер мен шарттарды орындай отырып), өйткені жапондарға 1 шілдеден бастап Еуропалық Одаққа кіруге рұқсат етілген.
Бұған дейін Дүниежүзілік туризм және саяхат жөніндегі кеңес Нұр-Сұлтан қаласын планетада саяхаттауға қауіпсіз 100 қала тізіміне енгізген болатын. «Саяхат үшін қауіпсіз» мәртебесін алған 100 межелі пунктке ТМД елдерінен Қазақстан, Ресей және Украина кірді.

Айта кетерлігі, Қазақстан тұрғындарына саяхаттауға шектеулер қойылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 4 мемлекетпен әуе қатынасын азайтуды ұсынды. Ол БАӘ, Украина, Беларусь және Германия мемлекеттері. Ал елге ұшып келген жолаушылар ПТР-тестін көрсетуі тиіс.
Просмотров материала: 484

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 110 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 766 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 784 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 091 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031