12 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балаларды қазақ тілінде суицидке итермелейтін ойын тарап жатыр

13 октябрь 2020, 15:46
Балаларды қазақ тілінде суицидке итермелейтін ойын тарап жатыр
Кезіндегі "Синий кит" есіңіз де ме? Міне, тура осы. Аты басқа болғанымен, заты сол. Әуелі балаларды өзіне қарай баурап алады, кейін түрлі тапсырмалар беріп, соңында өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейді. Ал айтқанын істемесең, жақындарыңды өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсетеді екен. Сонда өрімдей ұл-қыздарды өлімге итермелейтін бұл не ойын? Балаларды қалай қорғаймыз? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Осыдан үш жыл бұрын қауіпті ойын ойнаймыз деп жүздеген бала от басып, отбасын жылатып кетті. Елдің есін шығарған "Тихий Дом","Синий кит" естеріңізде болар? Өрімдей ұл-қыздарды өлімге жетелейтін ойындармен жұрт жұмыла күресіп еді. Енді бәрі ұмыт қалды ма дегенде...

Светлана Пошолченко, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас психологы:

Елімізде қазақ тілінде "қырға дейін 50 қадам" деген жаңа ойын тарап жатыр. Шарты өте қарапайым. Квест түрінде өтеді. Ұйымдастырушылар балаларға 50-ге жуық тапсырма береді. Әуелі сурет салып, кураторға жібер, кейін таңғы төртте ұйқыдан тұрып бір стақан су іш дейді, ал соңында суицид жасауға мәжбүрлейді. Абырой болғанда, осыған дейін бұл ойыннан ешкім зардап шекпеді. Дегенмен, ата-аналарға абай болған жөн.
Иә, өйткені бала, аталған ойынға қалай кіріп кеткенін өзі де аңғармай қалуы мүмкін. Ұйымдастырушылар құрығына түсіретін жандарды өздері іздейді екен. Ата-анасы көңіл бөлмейтін, достарымен бірге жүрмейтін, бойында белгілі бір комплексі бар балаларды таңдайды. Сөйтіп досының рөліне кіреді.

Ғалияш Махашева, психолог:

Олар сауалнама жүргізу арқылы балаларлың отбасылық жағдайын, ішкі күйзелісін біледі де қақпанына түсіреді. Яғни өмір сүруге құқысы жоқ деп өздері шығарып алады немесе бұның өмір сүруі өте ауыр мен бұған әрі қарай өмірінде қиналмау үшін көмектесемін, көмек беремін деген мақсатта.
Мәселен, еліміздің оңтүстігінде осындай арам пиғылды жандардың бірі құзырлы органдардың қолына түсті. Ол өзі құрған телеграм каналдарды пайдаланып, жасөспірімдерді суицид жасауға шақырыпты. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Өкініштісі, ел бойынша балаларды өлімге жетелейтін тағы 14 топ бар екен. Бәрінің аты басқа болғанымен, заты бір.

Айсұлу Исахметова, психолог:

Егер ол қауіпті екенін білетін болса, бірден айтпау керек балаға ол қауіпті зиянды нәрсе деп. Себебі ол шошып кетіп, ата-анасына қандай ойын ойнап жатқанын айтпауы да мүмкін. Мысалы жаман топқа келсе, олар "ата-анаға ешкімге айтпа" деп айтады ғой.Сондықтан әр ата-ана 18 жасқа дейінгі балаларды қадағалау керек.
Ойын ұйымдастырушылары әдетте жақсы психолог болады дейді білетіндер. Баланың осал тұсын анықтап, келесі амал-айласын да соған байланысты асырады. Ал үйдегі ұл-қыздың арам пиғылды жандардың құрығына түскенін қалай білеміз?

Ғалияш Махашева, психолог:

Ең басты екі нәрсе. Бұл баланың ұйқысы және тамағы. Дәл осыны бұзады олар. Олар осы жағынан өте жақсы. Бала тамақтан әлсіреген уақытта, ұйқысы бұзылған уақытта ол роботқа айналып, кез-келген айтылған тапсырманы орындай береді. Мен өзімді жек көремін, мен сендерге керек емеспін деп өз-өзін кінәлай бастайды. Немесе жек көре бастайды. Бұл ата-ана үлкен сигнал.
Қалай болғанда да, қазір жауаптылар әлеуметтік желілерде арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер қандай да бір күдік туындаса, әлгі топ я парақша бірден бұғатталады. Дегенмен, жаңасының ашылмасына кепіл жоқ екен. Сондықтан әр ата-ана өз баласын өзі бақылағаны дұрыс дейді құзырлы орган өкілдері.

Просмотров материала: 644

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 073 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 667 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 179 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 234 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 584 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 357 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 452 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 744 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 201 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 302 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 634 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 471 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 585 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 232 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 724 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 168 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 342 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 270 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 103 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 949 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 250 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 483 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 999 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 254 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 950 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 038 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 001 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 204 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 361 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930