23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоз-тозы шыққан моноқалалардың тамырына қашан қан жүреді

06 октябрь 2020, 15:30
Тоз-тозы шыққан моноқалалардың тамырына қашан қан жүреді
Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «моноқалаларымызға екінші тыныс беріледі» деген болатын. Қабылданып жатқан бағдарламалар мәселені қай деңгейде шеше алды? Белгілі экономистердің пікірлерін ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2011 жылы Жаңаөзен оқиғасынан кейін Үкімет моноқалалардағы мәселелерге назар аудара бастады. Егер шағын қалалардағы жағдайды реттей алмаса, мәселе ушыға беретінін жақсы түсінді. Жұмыссыз жүрген жастардың митингтерге шығу қаупі көбірек екенін жоғарыдағы шенділер білсе керек. Сол кездегі еліміздің бірінші вице-премьері Серік Ахметов моноқалаларды дамытуға белсене кіріскені бар. Тіпті, қызды-қыздымен қазіргі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев басқарған Өңірлік даму министрлігі де құрылған болатын. Сөйтіп, 2012 жылдың мамыр айында 2020 жылға дейін Моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Елімізде 100-ге тарта ша­ғын қала болса, бағдарламаға тек 27 моноқала ғана іріктеп алынған. Бұл 27 қалада 1,5 миллион халық тұрады. Моноқаласы көп облыс Серік Ахметовтің туған өңірі - Қарағанды. Бұл өңірден сегіз моноқала бағдарламаға енген. Олар – Те­мір­тау, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Абай, Саран, Шахтинск, Қаражал. Павлодар об­лы­сынан екі қала бар: Екібастұз, Ақсу қа­ла­лары. Қостанай облысынан Руд­ный, Жетіқара, Лисаковск, Арқалық, Шығыс Қазақстан облысынан Риддер, Се­ре­брянск, Зыряновск, Курчатов қалала­ры аталған бағдарламада болды. Жамбыл об­лы­сынан – Жаңатас пен Қаратау. Қалған об­лыстардан бір шағын қаладан қарас­ты­рылған. Олар: Батыс Қазақстан облысынан – Ақ­сай, Атырау облысынан – Құлсары, Маңғыстау облысынан – Жаңаөзен, Ақтөбе об­лысынан – Хромтау, Ақмола облысынан – Степногорск, Оңтүстік Қазақстан облы­сы­нан (қазіргі Түркістан облысы) – Кентау, Алматы облысынан – Те­келі қаласы.


Бағдарлама Қазақстандағы моноқалаларды әлеуетіне қарай жоғары, орташа, төмен деп үш топқа бөліп қарастырған. Әлеуеті төмен қалаларға Арқалық пен Жаңатас қана кірген.
Шынын айту керек, Серік Ахметов істі болып, кейін түрмеге қамалған соң, моноқалалар туралы әңгімелер де саябырсып қалды.

Бағдарламаға сәйкес, моноқалалардағы кәсіпкерлерге шағын бизнесті дамыту үшін гранттар және кредиттер берілді. 2015 жылы экономикалық жағдайдың нашарлауы бағдарлама бюджетінің қысқаруына алып келді, ал бастапқыда бұл мақсатқа 1,1 трлн теңге бөлінген болатын. Бұдан кейін тиімділігі төмен болуына байланысты моноқалаларды дамыту бағдарламасы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына қосылып кетті, - дейді ekonomist.kz сайтында жазған мақаласында экономист Ақмарал Қамалиева.



Оның жазуынша, 2017 жылы іске қосылған 36 «зәкірлі» жобаның 24-і жобалық қуатының 50%-ынан аса мөлшерде жұмыс істеп тұрды. Қаражат жетпегендіктен 12 «зәкірлі» жоба тоқтап тұрған.

Мәселен, Хромтау қаласында жоспарланған үш жоба да тоқтап қалды. Атап айтқанда: макарон фабрикасының құрылысы және оны кеңейту, брикеттелген көмір зауытының құрылысы және кәсіпорындарға арналған санфаянс өнімдерін шығару зауытының құрылысы. Тек бір жоба бойынша ғана қызу жұмыс жүрді – керамика тақта шығаратын зауыттың жалпы құны 13,5 млрд теңге болатын. 2020 жылға қарай, зауыт толық күшімен жұмыс істеуге көшкенде онда 520-ға жуық адам жұмыс істейді деп жоспарланған болатын. Қалған екі жобаның проблемасы көп болып, аяғында хабарсыз кетті. Моноқалалардағы «зәкірлі» инвестициялық жобалар тізіміне көбінесе бұрыннан бар жобалар да кіріп жатады, мәселен, қаланың өндіріс саласын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлауды негізгі критерий етіп көрсететін жобалар. Бірақ бұл моноқаланың экономикасын әртараптандыруға әкелмейді. Мысалы, Жезқазған қаласының тұрғындары 2012 жылға дейін мемлекеттік мекемелер, базар мен «Қазақмыстан» басқа жерде жұмыс орны болмағанын, өңірлерді дамыту бағдарламасы қабылданғаннан кейін де пайда болмағанын айтады, - деп жазады Ақмарал Қамалиева.
Тоз-тозы шыққан моноқалалардың тамырына қашан қан жүреді


Экономист айтып отырған «зәкірлі жоба» деген – инвестициялық жобалар. Шикізаттық бағыттан арылу үшін жасалған бірден-бір қадам.

Экономист Бауыржан Ысқақов моноқалаларды кәсіпорындар ашу арқылы дамыта аламыз деп отыр. Сол кезде адамдар үлкен қалаларға жұмыс іздеп үдере көшпейді.

Моноқалаларды дамытуымыз керек. Урбанизация деп жатамыз ғой, яғни ауылдар мен шағын қалалардан үлкен қалаларға халықтың көшу процесі басым. Бұл жағдай екінші бір мәселені туындатып жатыр. Содан кейін қазіргі жұмыссыздық көрсеткіші бойынша ірі қалалар көш бастап тұр. Өйткені ірі қалаларда келген адамның бәрін жұмыспен қамти алатындай кәсіпорындар жетіспейді. Баланс сақтау үшін бірінші кезекте моноқалаларды дамытуды қолға алуымыз керек. Мысалы, Арқалық, Аягөз секілді қалаларда, соның маңайындағы облыс орталықтарын қамтамасыз ететін шағын кәсіпорындар ашылуы тиіс, - дейді экономист.



Оның айтуынша, құрлыс комбинаттары, жеміс-жейдекпен айналысатын кәсіпорындар және т.б өнім шығаратын зауыттар болғаны дұрыс.

Моноқалаларды дамыту дегендерді – адамдардың үйін немесе көшесін жөндеп беру деген ұғымдармен шектемеу керек. Бірінші кезекте сол халықты жұмыспен қамтамасыз ету маңызды. Яғни кәсіпорындар ашу қажет. Сонда ғана бірінші кезекте моноқалалардағы жұмыссыздық мәселесін, екінші кезекте сол аймақтың айналасын қажетті өніммен қамтамсыз етуге мүмкіндік туады. Мысалы, Арқалықта Қостанай облысына жарайтын өнімдер шығаратын кәсіпорын болу керек. Семейді моноқала деп алатын болсақ, ол жақта жеңіл өнеркәсіпті дамытқан тиімді. Яғни шағын қалаларды өркендету үшін тек бағдарламамен емес, осындай кәсіпорындар ашып, жұмыссыздық мәселесін шешу жағын қолға алған дұрыс, - дейді Бауыржан Ысқақов.

Экономика ғылымдарының докторы Бейсенбек Зиябековтің пікірі де осыған ұқсас. Ол «Егемен Қазақстан» газетіне берген пікірінде моноқалаларды дамыту үшін жаппай инженерлік жүйе­лерді ауыстырып, тозған ғима­рат­­тарды бұзып тастаудан да ма­ңыз­­дырақ болып тұрғаны – ша­ғын және орта бизнесті дамытып, тұрғындарды еңбекпен қам­тамасыз ету депті.

Үкімет соң­ғы рет бұл мәселеге 2018 жы­лы тоқталды, ұмытылып кет­кен бағдарлама қайта еске алын­ды. 2019 жылға моно және ш­ағын қалаларда жобаларды жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінді. Қазақстанның моноқалаларында тұратын халық саны 1,5 млн адам екенін ескерсек, олардың экономикасын әрта­раптандыру үшін жүздеген мың жұмыс орны ашылуы тиіс. Демек, мемлекет басшысының бұл мәселеге қайыра соғуының астары терең. Бұған дейін шағын қалалар­ды көтеру мәселесі тек Үкімет деңгейінде қаралды, айты­л­ған мәселелер ауылға жет­педі. Ең басты­сы, жер­гілік­ті әкімдіктер бағдарлама­ның өзекті жеріне мән берме­ді. Қазір шағын және ірі қалалар­дағы кәсіпорындардың басым көпшілігі жекешеленіп кетті. Президент қала түзеуші кәсіп­орындар дегенде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан сол өндіріс орындарын айтып отыр. Біз жоқ жерден ештеңені қайта құра алмаймыз. Меніңше, сол кәсіпорындардың жанынан ШОБ нысандарын көптеп ашуға болады. Бұл фактор моно­­қалаларға ел қондырады, - депті Бейсенбек Зиябеков.

GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, моноқалаларды дамыту бойынша бағдарлама өте орынды. Өйткені әр өңірде белгілі дәрежеде сол өңірдің дамуына әсерін тигізеді. Бұл жерде бірден айту керек, мемлекет тарапынан өңірлерді дамытуға байланысты түрлі бағдарламалар қабылданады ғой. Бірақ мәселе оның жүзеге асуында. «Әп-әдемі» бағдарламалар жазылады, алайда, нақты қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалмай жатады. Енді соған баса назар аударылса деп пікір білдірді.


Сосын агломерация мәселесі өте өзекті болып тұр. Өйткені ірі қалаларға ауылдар мен шағын қалалардан экоөнімдерді тиімді жеткізу логистикасы жолға қойылмаған. Бұл жерде шешілуі тиіс бір мәселе – бюджеттің тазалығы және ашықтығы. Өйткені қазіргі кезде «openbudget.kz» деген сайт ашылды ғой. Сол жерде мемлекеттік қаражаттың игерілуі және жұмсалуы туралы ақпарат жазылып отырады. Меніңше, 60 пайызға дейін негізінен ашық түрде көрсетіле бастады. Ал өңірлерде осы ашықтық мәселесі ақсап тұр. Мемлекеттен бөлінген қаржының қайда жұмсалғаны көлеңкелі болып жатқан жайы бар. Тіпті, салынған аурухана мен мектеп құрлыстарынан хабарымыз жоқ. Оны мердігерлер қалай алып отыр, қандай тамыр-таныстықпен немесе схемамен алып отырғаны күмән тудырады. Сол себепті бюджет жағы ашық болса дейміз. Одан кейін өңір бюджетінің жоспары бекітілген кезде халықтың пікірі ескерілсе деп ойлаймын, - дейді Мақсат Халық.

Ал экономист Олжас Құдайбергенов өңірлерді дамытудың үш негізгі проблемасы бар. Біріншісі – қаржыландыру. Қандай әдемі бағдарлама жазсаң да, бюджет тапшылығы болған кезде оны жүзеге асыру қиын. Стратегиялық құжатты іске асыруға қаржы бөлу үшін қосымша жүргізу қажет. Нәтижесінде 5 жылға қабылданған бағдарламаның тек екі жылының бюджеті бекітіледі.



Просмотров материала: 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 295 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 111 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 767 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 785 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 092 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031