23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Баласын ұрып-соғатындарға қатысты жаза күшейтіледі – Сәуле Айтпаева

06 октябрь 2020, 14:34
Баласын ұрып-соғатындарға қатысты жаза күшейтіледі – Сәуле Айтпаева
5 қазанда Түркістан облысында баласын аяусыз сабап тастаған әкенің видеосы халықтың наразылығын тудырып, қоғамда талқыға түсті. ҚР Конституциясында «Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген. Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылық иелерін жазалауға заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымында қаралады. Azattyq Rýhy осы және басқа да тақырыпта қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал, Сенат депутаты Сәуле Айтпаевамен әңгемелесті.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған 5,7 миллионнан астам бала бар. Оның ішінде қыздардың 50%-ы және ұлдардың 55%-ы қалалық жерлерде тұрады. Олардың барлығы өздерінің конституциялық құқығын, оның ішінде өмір, денсаулық, білім, әлеуметтік қызметтер, медициналық қызмет көрсету және т.б. қорғауға құқылы.

«Проблема шыққан әр үйде тексеріс жүргізілуі қажет: қамқорлық көрсетіле ме, зорлық-зомбылық пен қатыгездік бар ма, тексеру керек. Мәселен, 2018 жылы үйлерді тексеру кезінде бір ғана Қызылордада 2200 баланың 39-ы ата-анасынан зорлық зомбылық көріп отырғаны анықталды. Мұндай шаралар балалардың қауіпсіздігі үшін жүргізіледі», - деді ол.

Сенатор ата-аналардың балаларының көзінше ұрыс-керіс шығаруы мен жанжалдасуына қатысты да пікірін білдірді.

«Ерлі-зайыпты баланың көзінше бір-біріне дене жарақатын жасап, ұрып соғатын болса, бұл – қылмыстық категория. Ал бала үшін куәгер болу – психикалық зорлық. Тіпті, дене жарақатын салмай, жай ғана ұрсысу баланың жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Білесіз бе, баланың жүйке жүйесіне тітіркену белгісін қалдыру үшін бір-ақ рет әсер (жаман – авт.) ету жеткілікті», - деп тоқталды сенатор.

23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. Сәуле Айтпаеваның жазаны күшейтуге қатысты өз айтары бар.

«Президенттің жеке адамға қарсы қылмыстар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны шұғыл қатайту туралы тапсырмасы бар. Мұндай заңбұзушылықтарды барынша азайту үшін тиімді шешімдерді іздеу керек.

2017 жылға дейін Қазақстандағы тұрмыстық зорлық–зомбылық үшін мына екі бап бойынша жауапқа тартылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) және ҚР ҚК 109-бабы (ұрып-соғу). Олар - қамауға алу, айыппұл салу, түзету немесе қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қарастырды», - дейді.

Сенатор не үшін 2017 жылы тұрмыстық зорлық көрсететіндерге, әлсізге әлімжеттік жасайтындарға қатысты жазаның жеңілдетілгенін түсіндірді.

«2017 жылғы 3 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев бұл баптарды қылмыстық сипаттан арылту туралы заңға қол қойды. ІІМ мен Бас прокуратураның хабарлауынша, бұл «құқықбұзушылармен алдын алу жұмыстарын күшейту және оларды жауапкершілікке тарту рәсімдерін жеңілдету мақсатында» жасалды. Яғни, әйелдер полицияға жүгінбеді, өйткені олар балаларының әкелерін түрмеге отырғызғысы келмеді, тіпті куәгерлердің дәлелдері мен айғақтарын өздері жинауы керек еді. Қылмыссыздандыру дегеніміз – полицияның дәлелдемелер жинаумен айналысуы, демек, тұрмыстық қылмыстардың саны азаяды. Алайда, жоспар орындалмады. Мұндай қылмыстардың саны азайған жоқ», - дейді Сәуле Айтпаева.

Сенатордың айтуынша, Мәжіліс депутаттары заң жобасы бойынша бірқатар түзетулерді қарастырып жатыр:

Нақты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактісі туындаған кезде шұғыл қорғау нұсқамасымен отбасылық құқық бұзушыға шектеулермен қатар, қорғау нұсқамасы мерзіміне зардап шеккен адаммен бір тұрғын үйде болуға уақытша тыйым салу туралы шара қолданылатын болады;
Сот шектеулерін белгілеу кезінде құқық бұзушы психокоррекциялық бағдарламадан өтуге және қажет болған жағдайда, басқа тұрғын үйінің бар-жоғына қарамастан, бірлескен тұрғын үйден уақытша шығарылуға міндетті.
Сәуле Айтпаева ілеспе заң жобаларының мазмұнына қатысты да пікірін айтты.

«Депутаттар денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені (ӘҚБтК-нің 73-1) және ұрып-соққаны (ӘҚБтК-нің 72-2) үшін баптарды криминализациялау және оларды онша ауыр емес қылмыстар санатына ауыстыруды (ҚК-нің 108, 109-баптары) ұсынады.

Заң жобасында ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін, сондай-ақ шұғыл қорғау нұсқамасын (ӘҚБтК-нің 461-бабы) және сот шектеулерін (ӘҚБтК-нің 669-бабы) бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайту көзделген», - дейді ол.

Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқығын қорғауды күшейту бойынша басқа да бірқатар шаралар көзделген.

Мәжіліс мақұлдаған нормативтік құқықтық актілерге ілеспе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда қарағаннан кейін, Сенат құжаттағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы ҚР Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

2018 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЮНИСЕФ ЖОСПАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2018 жылы Қазақстан ЮНИСЕФ-тің қолдауымен 2019-2021 жылдардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдың ведомствоаралық жоспарын қабылдады. Бұған 6 министрлік (БҒМ, ДСМ, ӘҚМ, АҚДМ) қатысады. Осылайша, олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайын анықтау және өңдеу, зорлық-зомбылық жағдайларын қарау үшін мамандардың әлеуетін арттыру үшін хаттамалар әзірлеуге міндеттенді.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мен ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау саласы үшін балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау, қайта бағыттау және кейіннен бақылау бойынша хаттамалар әзірлеуі керек.

Сенатордың айтуынша, елімізде балалардың құқығын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

«Адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі барлық негізгі конвенциялар ратификацияланды. Ұлттық заңнама және стратегиялық құжаттар, мысалы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, «2025 жылға дейінгі ұлттық іс-қимыл жоспары» осы міндеттемелерге сәйкес келеді. Заң шығарушы, атқарушы, сот билігі, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар балалардың мүддесін қорғаудың, оларды дамытудың, оқытудың, жастарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап көрсетуді жалғастыруда. Ел Президенті Жолдауында бұларды Қазақстан болашағының негізгі факторлары ретінде белгіледі», - деп түсіндірді.
Просмотров материала: 653

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 296 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 112 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 768 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 786 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 093 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031