25 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Келін мен қайын атаның Тик-токтағы биі елді шулатты

05 октябрь 2020, 11:21
Келін мен қайын атаның Тик-токтағы биі елді шулатты
Әлеуметтік желілерде қазыналы қарттарымыз түрлі қылық шығарып, елдің назарын өзіне аудартып жүр. Біреулер мұны жөнсіз желікпелік десе, енді бірі заманға сай әрекет деп ақтап әлек. Көз үйренбеген көрініс жастар қауымына ұнап жатқанға ұқсайды. Ал мамандар болса мұндай үрдістің соңы қазақы тәрбие мен ұлттық нақыштың ұмытылуына алып келеді дейді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Тик-Ток түсірді, еріккеннің ермегі деп жастарды сөгіп жатамыз. Бірақ қазір қазыналы қарттарымыз да, атап айтсақ қайын ата мен келіндер билеп жүр. Бұл еріккенің ермегі ме?

Ал бұл трендтен қалыспай, немерелерінің жаңа ермегін түсінгісі келген Серікқазы ата мен Күлзия апа. Отасқандарына 50 жыл болған қариялар басты мақсат танымал болу емес, керісінше тиктоктан бас көтермей, күні-түні телміріп отырған жастарға отбасылық береке бірлікті насихаттау дейді.

Күлзия Данабаева, зейнеткер:

"Біз сияқты ата әжесі бар екенін, танымайтын адамдарға көрсеткісі келген шығар. Жақсы жағынан көрсетіп жатса, неге қуанбасқа ? Балаларға тәлім тәрбие көрсету үшін , жас кезден анау 60-70-ші жылдарда қандай болдық? Содан бері қол ұстасып келе жатырмыз".
Ал, Серікқазы ата әлеуметтік желі арқылы жеткіншектерге қарияларды сыйлау керектігін түсіндіргісі келетінін айтады.

Серікқазы Байқоңыров, зейнеткер:

"400 мың көрермендеріміз бар, бәрі құттықтап, сөйлеп жатыр. Жаман сөз айтылған жоқ, жақсы сөздер ғана айтылып жатыр. Бұның мән мағынасы келешек қазақ ұрпақтарының дұрыс болғанын қалаймыз. Табыс көзі жасап отырғанымыз жоқ. Біздің мақсатымыз ұрпақтың тәрбиесіне мән беру. Келешек ұрпақтың осындай атасы мен апасы бар екенін көріп жүрсе екен. Үлкенді сыйласа екен, үлкеннің қадірін тани білсе, үлкеннің қадірін арттыра білсе..."
Ал, Сіз көріп тұрған мына тиктокерлер қайын атасы мен келіні. Мөлдір Ошақбаева көңілді жүретін қайын атасын тик токқа түсуге ұсынысты өзі жасаған. Тіпті, қайын ата мен келін биін бірінші болып енгізген де өзі.

Мөлдір Ошақбаева, блогер:

"Әрине, бұл ерсі көрінеді, бұндай нәрсе қазақта болмағандықтан , көздеріне ерсі көрінеді. Бұл не сұмдық! Біз қайынатамызбен тикток түсірмек түгілі бетіне тіке қарамаймыз, бір дастарқанда отырып шәй іше алмаймыз деген пікірлер келіп жатты. Қазақы әдет ғұрыпты сақтаған қайын ата мен келіннің арақатынасы бар. Басымда орамалым, үстімде халатым, азанда тұрған соң сәлемімді салып, шәйін беріп, осындай қарым қатынас, ұйымшыл қарым қатынастамыз".
Болат Драмқұлов, Тик-ток қолданушысы:

"Тоғызыншы қыркүйек туған күнім еді, көңілді кештің аяғы тикток түсірумен аяқталды. Отбасымызбен содан бері тикток түсіреміз. Биді тез үйрендім себебі жастайынан өнерге құштарлығым бар".
Ал психологтардың тик-токқа қатысты пікірі қақ жарылады. Мәселен Ақгүл Молдабекованың пайымынша, мұндай видеолар психологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізеді.

Ақгүл Молдабекова, психолог:

"Әрине бұл өзекті проблема. Бір жағынан ол ұлттық нақышқа нұқсан келтіреді. Екінші жағынан санаға осындай ой қалыптастырады. Онсызда еліктеуі көп халықтың ішінде психологиялық аспектінің итермелеуіне алып келеді".
Дегенмен вайнерлердің психологтармен келіскісі жоқ. Айтуларынша, қайын ата мен келіннің арасындағы бірлестік отбасындағы атмофсераны нығайтып, керісінше бір-біріне деген сыйластықтары артады.

Нұрдәулет, вайнер:

"Менің ойымша оның қазір жаман несі жоқ деп ойлаймын. Ағасымен түсірсін, інісімен түсірсін. Әпкесімен түсірсін. Өйткені бұл жақта отбасы ғой. Отбасы егер қолдап тұрса, бәрін де істеуге болады. Бәрін жасап көруге болады. Былайша айтқан кезде".
Ал зейнеткер Жамал әже келін мен қайын ата арасындағы қазіргі қарым-қатынасты құптамайды. Өйткені бұрынғы келіннің сипаты өзгерек болған, дейді.

Жамал Бисекеева, зейнеткер:

"Ата-бабамыздан келе жатқан ата мен ененің алдында басын иіп, көзіне тіке қарамайтын. Сондықтан ол дұрыс емес. Біздің заманда қасына барып әңгімелесуге де ұялатын, сөйлеуге де ұялатын, билемек түгілі! Енемен сырласатын шығармыз, ене шеше сияқты ол түсінікті. Атаның бетіне қарауға ұят".
Қысқасы, танымал әлеуметтік желінің қолданушылар саны 500 миллионнан асты. Ал оның негізгі аудиториясы ретінде жасөспірімдер көшбасында тұр. Десе де АҚШ, Үндістан, Еурпаның кей елдері тик-токтан бас тартқан. Мамандардың зерттеуінше, әлгі желі жасөпірімдердің санасын улап, теріс бағытта тәрбиелейді екен.




Просмотров материала: 2 543

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 793 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 314 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 884 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 937 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 255 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 740 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 857 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 102 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 362 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 506 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 047 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 172 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 472 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 299 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 127 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 355 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 380 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 197 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 180 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 010 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 852 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 129 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 063 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 569 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 122 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 160 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 522 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 859 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 922 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 881 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 102 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 249 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031