7 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтауда парашюті ашылмай қалған сарбазға Қорғаныс министрлігі қажетті көмек көрсетпегені рас па?

02 октябрь 2020, 11:15
Ақтауда парашюті ашылмай қалған сарбазға Қорғаныс министрлігі қажетті көмек көрсетпегені рас па?
5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секірген кезде Мұратжан Жамауов есімді әскери қызметшінің парашюті толық ашылмай қалып, жерге қолайсыз жағдайда қонған. Сол кезде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қызметшінің жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Парашютші берілген командаларға жауап бермей, қосалқы парашютті пайдаланбау нәтижесінде, жерге қолайсыз жағдайда қатты келіп қонған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, әскери қызметші Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Арада 20 күннен аса уақыт өткенде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жайсыз хабар таратып, 1 қыркүйекте Ақтауда дайындық кезінде парашюті ашылмай қалған әскери қызметшінің ауруханада көз жұмғанын хабарлады.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, ол 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз», - деді басқармадағылар.

Осы жағдайға байланысты 12 тамызда Мұратжан Жамауовтың бауыры Мұхтар Жамауов inaktau.kz порталына пікір білдіріп, 6 жылдан бері әскери қызметте жүрген Мұратжанға Қорғаныс министрлігі тарапынан көмек болмағанын айтты.

«Мен Қарағандыда тұрамын, анам Түлкібаста. Анам, әпкем, бауырым және мен болған жайды ести салысымен Ақтауға жеттік», - деген ол.

Мұхтар Жамауовтың айтуынша, оқыс оқиғадан зардап шеккен бауырының еміне шамамен 1,5 млн теңге қажет болған. Бұл қаражатты туыстары өздері жинап, Мұратжанның (марқұм - ред.) әріптестері көмек берген.

Azattyq Rýhy агенттігі осы мәселе бойынша тиісті ведомство – Қорғаныс министрлігіне хат жолдап, зардап шеккен әскеридің еміне министрлік тарапынан қаншалықты көмек берілгенін, әскеридің өліміне байланысты жақындарына өтемақы төленген-төленбегенін, әскеридің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын сұрады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың жазбаша жауабында оның емі үшін қажетті төлемді Медсақтандыру қоры аударғанын айтты.

«Оқиғадан кейін аға лейтенант Төрегелді Мұратжан Орманбекұлының қызметтестерінің бастамасымен оған кәсіби медициналық қызмет көрсетуге және тез сауығуға және ары қарай оңалып шығуға ақшалай қайырымдылық ұйымдастырылды. Бірнеше күнде Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінің жеке құрамымен 6 миллионнан аса (теңге – ред.) қаражат жиналып, қажетті медициналық препараттарды сатып алуға және қызметтерді көрсетуге жұмсалды. Ары қарай оның ем алуына төлемдер Міндетті медициналық сақтандыру қорынан төленді», - делінген жауапта.

Ведомствоның хабарлауынша, қайтыс болған әскеридің туыстарына өтемақы төлеу туралы мәселе қабылданған процессуалдық шешім шыққанға байланысты болмақ. Сонымен қатар, қаза болған әскери қызметшінің туыстарына жерлеу рәсімін өткізу үшін 222 240 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат төленді.

Батыс өңірі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы қолға алған бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
Просмотров материала: 684

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 198 810 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 423 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 197 925 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 197 974 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 346 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 573 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 955 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 515 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 609 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 822 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 580 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 630 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 415 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 267 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 780 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 506 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 198 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 598 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 399 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 295 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 128 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 977 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 288 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 197 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 693 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 556 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 044 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 280 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 657 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 035 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 974 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 082 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 040 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 237 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 391 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031