23 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда автобус паркі жаңартылуда

01 октябрь 2020, 15:44
Қазақстанда автобус паркі жаңартылуда
Талдау мәліметтеріне сай, Қазақстанда 12 мыңнан астам автобустардың тозығы жеткен, олардың жартысының күйі нашар, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік сапасының ең нашар көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Алматы қаласы мен Алматы облысында да статистиканың көрсеткіші нашар, мұнда ауаның ластануының негізгі үлесі көлік шығарындыларына тиесілі, ал парктер осыған дейін техниканы дизель отынымен сатып алған.

Қазақстанның қалаарасындағы және облысішіндегі тасымалдау мәселелері де күрделі жағдайда, олардың бағыттарында 30 жылдан асқан және одан да ескі техниканы жиі кездестіруге болады.

Өздерінің парктерін белсенді жаңарту бойынша алдыңғы қатарлы қалалар Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақмола облысы болып табылады. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстары да ауқымды жаңартуды кейінге қалдырған жоқ.

Мәселен, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңірде жыл соңына дейін 275 бірлік қоғамдық көлік жаңартылады.

Жолаушылар қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және еліміздің қалалары мен облыстарының экологиялық сақталуы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "ҚДБ-Лизинг" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жетілдіру жөніндегі бағдарламасының арқасында мүмкін болды.

Бүгінде елімізде автобустар мен электр автобустарын шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істейді.

Шығарылатын техниканың көлемі бойынша Қостанайлық "СарыарқаАвтоПром" көшбасшы болып табылады, ол бүгінде 2413 бірлік техниканы өндірді. Биыл зауыт Yutong және Ankai автобустары мен электр автобустарының 713 бірлігін жеткізді.

Қазақстандағы алғашқы "Daewoo Bus Kazakhstan" қоғамдық көлік шығаратын зауыты негізі қаланған сәттен бастап 1613 бірлік техника шығарды. Ағымдағы жылдың алғашқы 8 айында кәсіпорын Daewoo маркалы автобусының 266 бірлігін шығарды.

Hyundai Trans Auto коммерциялық техникасын шығаратын зауыттың көлемі 1000-нан астам бірлікті құрайды. 2019 жылы зауыт 78 автобусты шығарып, Golden Dragon маркалы автобустарын шығара бастады. Бүгінде кәсіпорын қоғамдық көліктің шанақтарын дәнекерлеу және бояу бойынша цехтардың құрылысын жүргізуде, онда конвейерден электр автобустары мен троллейбустар шығатын болады.

Жақында Семейдегі "СемАЗ" зауыты өз өндірісін ұйымдастырды, ол биыл 160 ГАЗ және Dong Feng автобустарын шығарды.

Қалалық және өңіраралық қоғамдық көліктің баламалы отыны бар техниканың экологиялық таза түріне көшуінің әлемдік үрдісі бірте-бірте Қазақстанға да еніп келеді.

Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақтау қалаларында отандық электр автобустарының бағыттарын кездестіруге болады. Елдің көрікті орындары – Бурабай сияқты курорттық аймақтар да жақын арада экологиялық таза көліктің түріне ауысуы мүмкін.

Электр автобустарын дамытуды Сарань қаласында (Қарағанды обл.) салынып жатқан Yutong жолаушылар және арнайы техникасын шығаратын "QazTehna" зауыты қолдайды. Жаңа зауыт жылына шамамен 1200 бірлік автобус пен 400 бірлік арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр.

Просмотров материала: 648

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 080 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 700 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 196 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 252 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 200 617 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 698 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 762 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 065 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 744 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 941 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 612 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 427 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 282 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 808 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 521 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 217 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 616 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 425 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 309 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 141 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 993 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 310 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 218 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 712 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 576 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 060 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 292 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 671 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 047 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 988 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 104 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 058 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 255 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 405 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031