17 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтамайды – Тоқаев

30 сентябрь 2020, 15:00
Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтамайды – Тоқаев
Мемлекет басшысы өз сөзінде қайырымдылық пен волонтерліктің пандемия кезінде жалпыұлттық сипат алғанын атап өтіп, оның әлеуметтік нормаға айналғанын және халықтың дұрыс қабылдағанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын-қыстау кезде сырт қалмай, отандастарына көмек қолын созған, мейірімділік, ізгілік танытқан әр азаматқа ризашылық білдірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Асар деген ата дәстүрімізді сақтап келе жатқанымыз қуантады. Пандемия кезінде де еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Олар күндіз-түні дәрігерлермен және тәртіп сақшыларымен бірлесіп, індетпен күресті. Қайырымды жандар ортақ іске жан-жақты қолдау білдірді. Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл игі бастамаға мыңнан астам азамат қаржылай үлес қосты. Біз осындай ұйымшылдықтың және жауапкершіліктің арқасында ахуалды тұрақтандыра алдық. Мұның бәрі – елдіктің және береке-бірліктің жарқын көрінісі», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттыққа қолдау көрсету мемлекетіміздің ұзақ мерзімді басымдығы деп санайды. Волонтерлік іспен айналысу – патриотизмнің жарқын көріністерінің бірі. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы азаматтарымыздың көпшілігін қайырымды іс қозғалысы төңірегіне топтастырды. Қазақстандықтардың ұсынысы бойынша жасалған көптеген қайырымдылық және волонтерлік жобалар – соның дәлелі.

«Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, волонтерлікпен айналысқан жастарға университетке, колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі. Қазіргі таңда бұл жақсы нәтиже деп есептеймін. Баршаңыздың бұған елеулі үлес қосқандарыңыз сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еріктілердің, қайырымдылық қорлардың пандемияға қарсы күрес кезінде үлкен рөл атқарғанын ескере отырып, БҰҰ Бас ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық күнін жариялау туралы ұсынған бастамасы қолдау тауып, жүзеге асатынына сенім білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту ісінде озық халықаралық үрдістерден қалып қоймайды. Волонтер жылы осы бағытқа тың серпін берді.

«Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғаса береді. Өйткені волонтерлік қызмет мемлекеттің алдына қойып отырған мақсаттарымен үндесетін болғандықтан, бұл – рухты көтеретін, халықтың мұң-мұқтажын бөлісетін қозғалыс», – деді Президент.

Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түсінікті әрі тиімді құқықтық механизмдерді қамтитын қайырымдылық туралы заң әзірленуде.

«Қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар өздерінің еңбек етуіне, соның ішінде мемлекетпен және бизнеспен бірлесе жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайтын заң жүзінде шынайы мәртебеге ие болуы тиіс. Үкіметке бұл мәселені пысықтау тапсырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, инфрақұрылымды пайдаланудың, ақпараттық қолдау кезінде жеңілдіктер берудің нақты тетіктерін әзірлеудің мәні зор. Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер мәселесі де маңызды», – деді Президент.

Бүгінде қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Бірақ шағын және орта бизнес бұл жеңілдіктерді пайдаланбай отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жағдайға талдау жасап, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуге тапсырма берді. Бизнестің қайырымдылыққа қаржы аударуы ыңғайлы әрі тиімді болуы тиіс.

«Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президент жеке қайырымдылықтың барлық түрі дамуы керек деп санайды. Әр адамның бастама көтеріп, өз қаржысын қайырымдылық мақсатқа бөле алатын жүйе құрылуы тиіс.

«Өкінішке қарай, тиісті ақпараттық жұмыстар талапқа сай жолға қойылмаған, адамға сенім ұялататын тетіктер жасалмаған. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарынан азаматтарымыз кімге және қалай көмектесуге болатынын білмейді деген ақпаратты естіп қаламыз. Ал егер азаматтарымыз мұндай жұмыспен айналысатын болса, олардың қайырымдылық қаржысы қай мақсатқа пайдаланылатынын нақты білу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Онлайн форматта өткен кездесуде «Birgemiz» қоғамдық қорының басқарма төрағасы, «Қазақстандық «Уақып» қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Руслан Сақиев, «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, «BTS Digital» ЖШС басшысы Нұртай Әбілғалиев, «Дара» жеке қорының атқарушы директоры Айнұр Аймұрзина, «Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Константин Авершин, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, волонтер Наргизам Махмудова сөз сөйледі.

Олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық саласын дамытуға ынталандыру, қайырымдылық қызметтің ашықтығын, волонтерлердің рөлін арттыру және волонтерлікті дамыту мәселелеріне байланысты ойларын ортаға салды.

Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған барлық мәселені, бастамаларды пысықтауға, сондай-ақ, Қазақстан заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді кешіктірмеу туралы тапсырма берді.

Кездесу соңында бірқатар азамат пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Просмотров материала: 624

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 941 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 762 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 397 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 436 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 161 727 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 522 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 665 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 870 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 705 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 885 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 676 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 500 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 150 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 009 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 831 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 998 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 115 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 779 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 158 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 886 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 893 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 733 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 572 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 830 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 776 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 286 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 728 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 606 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 871 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 200 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 609 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 587 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 621 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 576 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 808 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 950 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031