17 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанға құс тұмауын жабайы жыл құстары әкелген болуы мүмкін

28 сентябрь 2020, 13:20
Қазақстанға құс тұмауын жабайы жыл құстары әкелген болуы мүмкін
Қазақстанның жеті облысында құс тұмауының таралуына байланысты, ҚР Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тұтынушыларға білуге қажетті негізгі фактілерге назар аударады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, H5N8 құс тұмауының өршуі Ақмола (703 бас құс қырылды); Жамбыл (238 бас құс); Қарағанды (102 бас құс); Қостанай (111 785 бас құс); Павлодар (2 753 бас құс); Солтүстік Қазақстан (107 655 бас құс); Түркістан (273 бас құс) облыстарында тіркелген. Жалпы, 20 мыңға жуық құс басы жеке қосалқы шаруашылықтарда және 200 мыңнан астам құс басы – құс фабрикаларында қырылды.

Мәселенің басталуының дәл себебін анықтау мүмкін болмай отыр. Сонымен бірге, ресми қорытындыларға сәйкес, аурудың көзі жабайы жыл құстары болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жұмыртқа бағытындағы құс өсіру кәсіпорындары құс басы ауруының таралуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда. Құс фабрикаларында қосымша дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, тікелей құс тұмауына қарсы құс басын жоспардан тыс вакцинациялау жүзеге асырылуда (бұл вакцинация міндетті тізімге кірмейді).

"Біз құс тұмауының жағдайы бақылауға алынады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта жеке аулаларда құсты тұмауға қарсы вакцинациялауын жүргізу қажет. Сондай-ақ, бұрын тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізбеген құс фабрикалары үшін вакциналар бөлу қажет, өйткені бұл аурудың соңғы өршуі Қазақстанда 2005 жылы тіркелген болатын. Сонымен қатар, құс фабрикаларының банкроттығына және жеке қосалқы шаруашылықтардың залалдарына жол бермеу үшін кәсіпорындардың және, құстардың өлім-жітімі орын алған жеке аулаларда құс ұстайтын адамдардың шығындарының орнын толтыру мәселелерін қарастыру қажет деп санаймыз", - деп атап өтті Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко.
Қауымдастық сонымен қатар аурудың тек мекиен тауықтардың арасында ғана таралатынына, ал бұл кезде бройлер құсының залалдану жағдайлары тіркелмегеніне назар аударады. Тиісінше, өнеркәсіптік өндірістің құс етін, сондай-ақ одан жасалған өнімдерді тұтыну халық үшін қауіп төндірмейді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні дүкендердің сөрелерінде ұсынылған құс фабрикаларының өнімдері ветеринариялық тексеруден өтеді және тиісті сертификат болған жағдайда тамаққа қолдану үшін мүлдем қауіпсіз болып табылады.

Жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне келетін болсақ, індет жұмыртқа өндіру бағытындағы екі құс фабрикасында тіркелді. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындардан өнімдерді жөнелту тоқтатылды. Жалпы, елімізде осындай 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың өнімдері қауіпсіздік пен сапаға толық тексеруден өтті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, құс тұмауы – бұл А типті тұмау вирусының штамдарынан туындаған құстардың жұқпалы ауруы. Инфекция құстарда белгілердің кең ауқымының пайда болуына әкелуі мүмкін – байқалмай өтетін жеңіл аурудан бастап, ауыр індеттерді тудыратын жылдам өлімге әкелетін ауруға дейін.

Әдетте құс тұмауының вирустары аурырған құстан адамға берілмейді. Дегенмен, кейбір жоғары патогенді штамдар адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Жұқтыру жұқапаланған құстармен немесе ауру құстың саңырағымен ластанған заттармен тығыз байланыста болған кезде орын алады.

Бұл ретте құс етін және одан жасалған өнімдерді тамаққа қолдану тиісті гигиена және тамақ дайындау ережелерін сақтаған кезде қауіпсіз болып табылады. Сонымен, аурудың өршуіне ұшыраған аудандарда да құс еті мен өнімдерді, ДДСҰ-ның пікірінше, олар тамақты дайындау барысында тиісті түрде дайындалған және тиісті түрде өңделген шартымен тамаққа қауіптенбей қолдануға болады.

Сонымен бірге, тамақта дайындаған кезде шикі үй құсынан және одан жасалған шикі өнімдерден алынған сұйықтықтар тамаққа шикі түрінде қолданылатын азық-түлікке ешқашан тимейтінін немесе олармен араласпауын қадағалау керек. Шикі үй құсын және одан жасалған шикі өнімдерді өңдегеннен кейін қолды мұқият жуу керек, сонымен қатар олармен жанасатын жұмыс беттерін жуып, зарарсыздандыру керек.

ДДСҰ сарапшылары бұл жоғары патогенді штамдардың қыздыруға сезімтал екендігіне назар аударады. Әдетте тамақты вирус өлетіндей температурада (тағам өнімдерінің барлық бөліктерінде 70°C) дайындайды. Осылайша, жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс ешқандай қауіп төндірмейді. Сондай-ақ, "жұмсақ қайнатылған" жұмыртқаны жеуге кеңес берілмейді.

Сондай-ақ, құс тұмауы дайындалған тағам арқылы берілмейді. Бүгінгі күні, тіпті құстың вируспен жұқтырылғаны жағдайында, тағамға тиісті түрде дайындалған құс етін немесе одан жасалған өнімдерді қолдану нәтижесінде әлдебіреу құс тұмауын жұқтырып алғаны туралы куәландыратын деректер жоқ.

Просмотров материала: 642

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 487 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 320 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 165 946 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 165 988 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 275 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 824 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 966 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 182 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 107 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 276 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 030 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 709 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 281 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 133 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 953 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 136 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 235 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 903 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 284 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 010 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 018 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 852 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 692 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 954 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 899 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 409 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 867 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 731 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 995 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 326 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 742 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 703 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 746 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 702 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 924 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 072 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930