3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Халықты жұмыспен қамту жол картасын ұзарту ұсынылды

21 сентябрь 2020, 10:35
Халықты жұмыспен қамту жол картасын ұзарту ұсынылды
«Nur Otan» партиясы Халықты жұмыспен қамту жол картасын ұзартуды ұсынбақ. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда. Оның негізгі мақсаттары – жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау. Партиялық куратор, «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаты Артур Платоновтың пікірінше, 2021 жылға қаржыландырудың қысқару қаупі бар.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында «қазіргі күрделі жағдайда біздің басты міндетіміз – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын сақтау» деп атап өтті.

Оның ерекше басымдық бере айтқан ойының түйіні - қолдау, көмек, қамқорлық болды. Олар ара-тұра емес, тұрақты болуы керек. Қалай болғанда да, әлемдегі жағдай қалыпқа келгенге дейін жалғасуы тиіс. Яғни, Елбасы мен Президент саясатының бағыттарын дамыта отырып, әлеуметтік бастамаларды тоқтатпай, өрістету керек! Қазақстанның көптеген дамыған елдерден айырмашылығы, әлеуметтік төлемдерді қысқартып, салықты көбейтпей, керісінше, азаматтарға осы қиын уақытта көмек көрсету үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндігі бар«, – деп атап өтті партиялық куратор. Оның айтуынша, осыған орай «Nur Otan» партиясы жүздеген мың қазақстандық пайдалана алатын зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алу кезінде табыс салығын алып тастау туралы бастама көтерді.

Өз кезегінде Жұмыспен қамтудың жол картасы – пандемия кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеген халықты қолдаудың маңызды шараларының бірі. Соның арқасында қазірдің өзінде 177 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Олардың ай сайынғы табысы орташа есеппен 90 мың теңгені құрайды. Жобамен қамтылғандардың 40%-ы – жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүгінген жастар. Бағдарлама жастарға табыс табудан басқа, қазіргі жағдайда тіпті қажеттілігі артатын жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

«Ақмола облысының Бурабай ауданында 3-топтағы мүгедек Денис Прядко тұрады. Ол колледждегі оқуын аспазшы мамандығы бойынша аяқтап, жол картасы бойынша жұмысқа орналасты. Бұл мысал бағдарламаның қарапайым адамдарға өмірде өз орнын табуға, қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесетінін айқын көрсетеді. Мұндай мысалдар көп», - деді Артур Платонов. Жұмысқа орналастыру проблемаларын шешумен қатар, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мультипликативтік әсер берді.

«Бір ғана Екібастұз қаласында 11 көпқабатты үй салынады. Бұл дегеніміз жақын арада 1,3 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. Медициналық қызметкерлер үшін 5 мың тұрақты жұмыс орнын құратын 2,7 мың төсек-орындық 13 модульді аурухана құрылысы жүргізілуде. Саябақтар мен скверлер салу, көшелерді көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату есебінен 900-ге жуық елді мекен абаттандырылады», - деді ол.

Артур Платонов атап өткендей, іске асырылып жатқан бастамалар жұмыс орындарын құрып қана қоймай, азаматтардың өмірін сапалы түрде жақсарта отырып, оң әсерін тигізді. Десе де, бүгінде пандемияның екінші толқынының орын алу ықтималдығына байланысты экономикалық ахуалдың құлдырау қаупі сақталуда. Бұл жұмыссыздықтың артуына және азаматтардың едәуір бөлігінің әл-ауқатының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Бағдарламаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, «Nur Otan« партиясының кураторы 2021 жылы Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруды жалғастыруды және оны іске асыруға қаржы бөлуді ұсынады. Сонымен қатар, мейлінше қомақты нәтижеге қол жеткізу үшін Артур Платонов ең көп жұмыс орындарын құратын және барынша жұмыспен қамтамасыз ететін жобаларды таңдау қажет деп санайды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін мамандандырылған ақпараттық жүйені жасау дұрыс болар еді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының белсенділерін жергілікті халықтың сұраныстарына назар аудара отырып, жобаларды іріктеу мен қалыптастыруға тартқан жөн», - деп түйіндеді партиялық куратор.

Просмотров материала: 506

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 207 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 878 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 379 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 423 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 792 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 533 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 858 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 518 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 579 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 770 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 892 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 815 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 440 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 137 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 857 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 422 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930