22 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

19 сентябрь 2020, 11:16
Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «World clean up day» – «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты. Биыл аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізіліп жатыр. Шара барысында эко-белсенділер ағаш отырғызып, қоғамдық орындарда, саябақтарда және басқа да жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылар елордалық триатлон паркінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинады.

Мәулен Әшімбаев Жолдауда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгеніне назар аударып, экологиялық дамудың мән-маңызына тоқталды.

«Президентіміз Жолдауда экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған басымдық екенін атап көрсетті. Соған сәйкес мемлекеттік органдарға, Парламентке, қоғамдық институттарға нақты міндеттер жүктелді. Соның аясында жыл соңына дейін елімізде Экологиялық кодекс қабылданады. Бұл құжат экологияға қатысты басқа да заңдар сияқты алдымен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен талқыланып, пысықталады», – деді Сенат төрағасы.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев осы аптада Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң қабылдағанын атап өтті. Бұл құжат пайдаланылмай бос жатқан жерлерді Іле-Алатауы табиғи паркі мен Бурабай ұлттық паркінің құрамына қайтаруға мүмкіндік береді.

Жалпы алдағы бес жылда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі орман алқаптарында 2 миллиард, елдімекендерде 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сондықтан бүгінгі акцияны Президент бастамасының алғашқы нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Сенат төрағасы мұндай көгалдандыру жұмыстарының берері мол және «World clean up day» сияқты акциялардың бүкіл әлем үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

«Қазіргі таңда экологиялық мәселе бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Жер бетінде көптеген табиғи орындар, ормандар мен өзен-көлдер адамдардың салғырттығынан зардап шегуде. Бұл – дабыл қағарлық жайт. Біздің елімізде де осы салада мәселе аз емес. Сондықтан бәріміз жұдырықтай жұмылып, осындай игі бастамаларға белсенді түрде атсалысуымыз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, «World cleanup day» акциясы әлеуметтік бағытта жыл сайын ұйымдастырылатын жаһандық бағдарлама. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғауға бүкіл әлем жұртшылығын жұмылдыру. Былтыр жобаға 170-ке жуық елден волонтерлер, экологиялық қозғалыстардың көшбасшылары, ірі компаниялар мен ұйым өкілдері атсалысқан.

Биыл аталған акция Қазақстанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оған бір топ Сенат және Мәжіліс депутаттары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, қоғам қайраткерлері және волонтерлер қатысты. Сенбілік барысында пандемияға байланысты барлық сақтық шаралары сақталғанын айта кеткен жөн.
Просмотров материала: 1 132

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 411 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 119 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 609 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 640 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 011 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 894 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 926 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 943 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 973 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 175 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 898 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 031 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 658 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 538 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 567 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 772 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 533 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 940 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 724 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 536 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 381 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 222 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 593 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 473 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 956 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 393 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 287 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 523 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 913 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 263 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 208 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 354 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 285 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 530 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 661 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031