Әлемдегі қиын ахуал еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Соның ішіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Осы орайда, біз кәсіпкер әрі “Nur Otan” партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Бекет Әбішевпен тілдесіп, аталған саладағы өзекті мәселелерді шешудің жолдары мен ұсыныстарын және Елбасы жолдауында айтылған талаптардың орындалуын талқылаған едік.
-Бекет Құдайбергенұлы, сіз түрлі форум мінберлері мен БАҚ арқылы еліміздегі агроөнеркәсіп кешеніндегі, сондай-ақ, тұтас ауылдағы түрлі мәселелерге қатысты өз ұстанымыңыз бен ұсыныстарыңызды жиі білдіріп келесіз. Мені сіздің бос тұрған жерлерді пайдалануға беру арқылы ауылдағы өмір сүру деңгейін көтеру туралы жақында айтқан, стандартқа сай келмейтін идеяңыз қызықтырып тұр...
- Мұны жақында айтты деуге болмас. Бұл туралы тоқтаусыз айтып келемін. Ал қазіргі сәтті бұл идея әбден ойластырылған және піскен деп сеніммен айтамын.
- Бұл идеяның басты артықшылығы қандай?
- Мұндағы мәселелерді бүге-шүгесіне дейін айту үшін бізге сәл шегініс жасап, өткен ғасырдың 90-жылдарына кішігірім саяхаттаған жөн. Есіңізде болса, сол жылдары жер алған халық пай (үлес) талабына бағынды. Бір жерде кішкентай ауыл, енді бір жерде бір көше тұрғындары, тіпті, тұтас еңбек ұжымы бірікті. Ал бұл жерге берілетін мемлекеттік акт бір адамға ғана рәсімделетін (мүмкін, техникалық және басқа да себептермен).
Заң жүзінде жер меншік иесінікі болғанымен, іс жүзінде барлық мағынада басшы ретінде еңбек еткен бір үлескердікі. Ол өзі басшы әрі барлық адам мен барлық шаруаға жауапты адам. Ол шаруашылық басшысы болғанымен, толығымен меншік иесі емес. Бұл осылай болған, ешкім де кінәлі емес. Енді қазіргі күнге ауысалық. Жер тапшылығын хабарлаған мемлекет бос және иесіз жатқан жерлерді қайтарып алуға ниетті екенін жеткізді
- Бұл шартты басшысы бар шаруа қожалығы үлескерлерінің жерлері ме?
- Иә. Айтпақшы, бір адамға жүздеген гектар жерден келетін Қазақстанның солтүстігінде бұл процесс жеңіл өтуі мүмкін. Бірнеше көрсетілім соты өткен соң, жер мемлекет қарауына өтеді. Ал еліміздің оңтүстігінде бұл оңайға соқпайды. Әрине, бұл жерге көп басы ауыра қоймайтын шаруа қожалығының басшысы келісіп, қол қойып, жерді мемлекетке беруі мүмкін. Бірақ өзге де үлескерлер бар екенін ұмытпау керек. Олардың бұл талаппен келісуі екіталай.
-Бұл әлеумет арасында дау туындауына әкелмей ме?
- Мәселе осында болып тұр. Біздер, яғни, бизнестегілер және мемлекет осындай жағымсыз сценарий болуы мүмкін екенін ұмытпай, оның алдын алуды ойластыруымыз қажет.
- Осыған қатысты сіздің нақты ұсынысыңыз бар, солай ма?
- Дұрыс айтасыз, біз қазір саралау процесін жүргізуіміз қажет. Бұл жер қатынастары Комитеті, Жер кадастры ресурстарымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл жерде сандық технологиялар, оның ішінде, жерді цифрландыру сәтті қолданылады. Яғни, әрбір шаруа өз қазығын қағып, тамырын жаюы тиіс. Өйткені, жердің өз меншік иесі, қожайыны болмайынша, ауыл және егін шаруашылығын жандандыру туралы айтпай-ақ қойса да болады. Бұл түрлі тәжірибе мен тарих арқылы бұрыннан белгілі нәрсе.
- Бұл айтқаныңызбен келіспеу қиын. Бұған қатысты жергілікті билік пен шенеуніктер не айтады?
- Менің ойымша, шенеуніктер мұндай шешімнен қорқады. Өйткені, шаруалар біреуге жақсы жер, ал біреуге құнарсыз жер берілетінін айтып, дауласуы мүмкін. Бірақ бұл үлескерлердің өз ұжымы ішіндегі мәселе және олар бұл келіспеушілікті өзара шешуі тиіс.
- Жақсы, шаруалар жерді алды делік...
- Бірақ тағы бір жер иелерінің бар екенін ұмытпайық. Менің есебім бойынша, жердің 30 пайызы шетелге кетіп қалғандардан, қайтыс болғандар мен олардың мұрагерлікті рәсімдемеген мұрагерлерінен келуі мүмкін. Бұған қосымша табиғи миграция бар. Басқа қалаға кетіп қалған азаматтардың өз үлесін алып, онда жұмыс істеу үшін архив ақтарып, құжаттарды тексеріп отыруы неғайбыл. Мемлекеттің жер қоры осы санаттағы азаматтар есебінен еш қиындықсыз үш есеге артады.
- Саралауға қатысты жағдай қаншалықты созылуы мүмкін?
- Мемлекет қазіргі мүмкіндіктер мен қолданыстағы технологияларды пайдалана отырып, жарты жылда саралау процесін жүргізуі мүмкін.
- Керемет, жер шаруаларға берілді-ау, әйтеуір! Жер жұмыс істеуі керек қой?
- Әрине, сөзсіз жұмыс істеуі керек. Жер шаруаларға жұмыс істеу үшін беріледі. Келесі маңызды қадам – шаруалар жермен жұмыс істейтіндерін айтып, мемлекетті сендіруі қажет. Ол үшін шаруалар Декларация толтыруға міндеттеледі. Яғни, алдағы бірнеше жыл ішінде осынша жұмыс атқаратынын мәлімдейді. Бұл дегенің - 3-5 жыл ішінде не отырғызып, не егетініне қатысты өзіндік жұмыс жоспары.
Мәселен, егін егушілер үшін бір мерзім белгіленсе, бау-бақша өнімдерін егетіндерге басөа мерзім көрсетілген. Егер шаруа мойнындағы міндеттерді мойындамаса, жерді өз еркімен мемлекетке қайтарады.
- Шыны керек, қатал шара!
- Бірақ өте әділетті. Егер сен жермен жұмыс істей алмасаң немесе жұмыс істегің келмесе, осы салада еңбектенгісі келіп, жігері жанып тұрған басқа адамдарға жол беруің керек.
- Ауыл тұрғыны не егіп, не отырғызу керектігін қайдан біледі? Оны өңдеу және өнімді өткізу де оңай емес. Түптеп келгенде, мұның бәріне ақшаны қайдан алады?
- Бұл жерде бәрін рет-ретімен айтып өтейін. Алға басып озудың қажеті жоқ. Бізде бағбандар Қауымдастығы, Жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бар. Аталған ұйымдар базасында біз шаруалардың аймағы мен климат, топырақ жағдайларын есепке алып, дайын шешімдер жасап шығардық. Бұл «Агросауат» деп аталады. Біз ауылшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына дейін есептеп, операциялық шығындарға кететін шығынды да реттеп қойдық. Шаруалар алаңсыз пайдасына жаратса болады.
Одан бөлек, Жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ және өзге де құзырлы ұйымдар осы салаға қатысты техникалық сұрақтарға жауап беруге, өсімдікті қорғау жайында кеңес беруге және агро саласында ақыл-кеңестерін айтуға дайын.
Үшінші сұрақ – ақша. «Қазагрода» ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры атты жақсы бөлім бар. Мұның құрамына «Қазагрогарант» та енген.
- Ақшаны қалай алу керек?
- Шаруалар 10-12 адамнан кішігірім ұжымдарға бірігеді. Бірігу кезінде мономәдениет, жалпы өтім нарығы немесе жалпы стратегияны есепке алуға болады. Кейін жоғарыда айтылған Декларацияны толтырып, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына келеді.
- Ал кепіл ше?
- Бұл жерде жауапкершілік болғаны дұрыс. Ешқандай кепіл қажет емес. Яғни, ұжым әрбір мүшесі үшін жауап береді. Басты талап – мемлекет қаржысын мақсатты түрде пайдалану.
Қандай да бір анықтамалар сұралмауы керек. Оның ішінде, кредиттік бюрлар да бар. Қандай да бір бюрократиялық кедергілер кездеспеуі тиіс. Ынта-жігері және ұйымдастырушылық қабілеті жақсы адам Декларацияны қосқандағы барлық құжаттар жиынтығын 3-4 күн ішінде дайындап үлгереді. Содан соң, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры келісімшарт дайындап, фермер және егін шаруашылығымен айналысатындарға 3 млн теңгеге дейін, мал шаруашылығымен айналысатындарға 5 млн теңгеге дейін ақша бөледі.
- Бұл қолма-қол берілмейді ғой?
- Әрине, берілмейді. Барлық қаржы дербес шотқа жіберіледі. Біздегі азаматтар қолма-қол ақшаны көргенде, ойланбастан жаратып жіберуі мүмкін екенін бәріміз де жақсы білеміз.
- Қаржының мақсатты түрде пайдаланылып жатқанын кімдер қадағалайды?
- Ұжым басшылары мен аймақтық органдар бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институты бар. Осы орайда, картопқа қатысты мысал айтып берейін. Қаржының 40 пайызы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бекіткен жеткізушіден дән мен тұқым алуға кетеді. Бұл тізімде тыңайтқыш, гербицидтерді өндірушілер мен жеткізушілер, құрылыс жөніндегі сервистік компаниялар мен жанар-жағармай, су жеткізушілер де бар. Мұнда біреуді алдау немесе бірдеңені жасыру мүмкін емес. Бәрі да ашық түрде жүргізіледі.
Ең бастысы – бюрократияға жол бермеу қажет. Өйткені, әрбір босқа өткен күн шаруа үшін өлімге тең.
- Айтпақшы, ақшаның құны қандай болуы тиіс және қанша мерзімге беріледі?
- 4 пайыздан аспайды. Мұндай болмаған жағдайда, ауылшаруашылығы бизнесі тартымсыз болып қалмақ. Ал мерзім шаруаның тікелей өзіне байланысты. Ол егін егу үшін екі жылын, бау-бақша өсіру үшін 3-5 жылын сарп етуі мүмкін. Барлығы сол Декларацияға сәйкес жүргізіледі.
- Сіз өнімді қайда сату керектігін айтпадыңыз?
- Мұндай әдістің тиімділігін көрсетіп, схеманы жабу үшін Алматы немесе Алматы облысында пилоттық жобаны жүзеге асыруды ұсынамын. Өйткені, мұндағы сату нарығы өте үлкен.
- Бұған не керек?
- Өздеріңіз білесіздер, банкте кепілде тұрған, қолданылуға рұқсат етілмейтін жерлер көп. Бірақ бұл жерде тепе-теңдікке барды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өз жері, фермелердің өз жері бар.
Осы орайда күш пен активтерді біріктіру қажет. Алматы қаласы мен Алматы облысына ӘКК мен кепілдегі жерлерді ұстайтын банктерді қосатын ортақ меморандум қажет.
Меморандум негізінде Жоба офисін құрып, жоғарыда мен атап өткен процестер – жерді саралаудан өнімді сатуға дейінгі мәселелерді реттеуге болады. Мұны бекітілген (бұрын келісілген) бағалар бойынша жеке сервистік-дайындау орталықтары мен Алматы қаласының мемлекеттік Тұрақтандыру қоры сатып алады.
-Бұл шаруалар үшін таптырмас ақыл ғой. Өнімнің сатылатынына көз жетеді. Мұндай талаптар қалалықтарға да қызықты болуы мүмкін бе?
- Осы кезде қалалықтар жаппай саяжай сатып алған 80-жылдар еске түседі. Бұл ауылдықтар үшін тиімді болды ғой. Кіріс өсе бастады. Қалалықтар көкөніс отырғызып, жеміс өсірді де, артығын Көк базарда сатты.
Сондықтан, Алматы мен Талдықорғанның және Текелі, Қапшағай, Есік секілді шағын қалалардың тұрғындары – өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыздар,әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер де бұл жобаға қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ. Ең басты нәрсе – технологияны қолдана білу.
Кепілдік берілетін сатылым өсіру технологиялары мен жер өңдеу әдістерін толығымен қолданатын, барлық талаптарды орындайтын фермерлерге (ауыл және қала тұрғындары) қолжетімді болуы тиіс. Егер технология болмаса, сақтандыру де, кепілдік берілетін сатылым да жоқ болатынын ұмытпайық.
- Демек, терезенің алдында отырғызылған көшетті өзінің жер аумағына апарып егуге болмай ма?
- Неге болмайды, болады, әрине! Қайталап айтайын, мұндай жағдайда тәуекелді сақтандыра алмаймыз және кепілдік берілген сатылым да болмайды. Ал барлық технологиялар тізбегін дұрыс қолданбаған жағдайда, жерді жобаға қатысатын өзге адамдардың немесе мемлекеттің меншігіне беру туралы сұрақ бой көтереді.
Егер барлық технологияларды сақтап, өндіріс кезінде ғылымды пайдаланатын болсаңыз, егін бітік шығады. Сеніңіз маған. Жетісу жері егін егуге таптырмайтын жер. Мұнда жалғыз Қазақстанды ғана емес, бірнеше елді асырауға болады. Пилоттық жоба Алматы мен Талдықорғанға дейінгі тас жол бойын израильдік кибуциге ұқсатуға мүмкіндік береді. Бұл схеманың барлығы мал шаруашылығында да, жеміс және егін өсіру шаруашылығында да жұмыс істей береді. Әрине, әрбір саланың өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар екенін ұмытпау керек.
- Кибуци өте қызық естіледі екен...
- Кем дегенде, біз тиімді ауылшаруашылық өндірісінің негізін қалап, бірнеше нақты, өткір және материалдық мәселелерді шеше аламыз.
Біріншіден, игерілмей бос жатқан жерлерді іске қосамыз. Екіншіден – еңбек өнімділігін арттырамыз. Өйткені, өндірісте заманауи технологияларды қолдану міндетті саналады. Үшіншіден, ауыл тұрғындарының табысы артады. Соңғысына мен үлкен басымдық беремін. Өйткені, өзім ауылда туып, ауылда өскен соң, мұндағы проблемаларды бес саусақтай білемін.
- Сіз парламентке баруға ниеттеніп отырсыз. Бірінші кезекте идеяңыздың жүзеге асуына кедергі болатын заңнама мензаңға бағынышты ережелердегі олқылықтар қызықтыратын шығар?
- Сөз жоқ, мұндай олқылықар бар және олар аз емес. Фермерлік саладағы ең үлкен қасірет – 2021 жылға дейін жерді сатып алуға жарияланған мораторий. Бұл мәселені қайта қарайды деп үміттенемін. Өйткені, жер өз қожайынын тауып, тауар функциясын атқармайынша, қолданысқа тиімді түрде енбейді.
Біз қожайыны жоқ жер проблемасын шешуге тиіспіз. Өйткені, бұл жай жарылатын бомба іспетті. Мұның салдары үлкен әлеуметтік жағдайларға соқтыруы мүмкін.
- Жерді шетелдіктерге сатуға қатысты ойыңыз қандай?
- Жоқ, жерді шетелдіктерге мүлде сатуға болмайды. Одан бөлек, бұл жердегі мүмкін болған саңылаулардың барлығын жабу керек.
Сондай-ақ, фермелерді несиелеу туралы сұрақтың өзі сол мәселемен бірдей. Бұл кедергілердің барлығын жою қажет. Сол кезде ғана біз Президент пен Елбасының ауылды дамыту туралы тапсырмасын орындап, «Ауылым – Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асырамыз.
Өйткені, мұның бәрі бір-бірімен тікелей байланысты. Ауылды ауылшаруашылық өндірісінен бөліп қарауға болмайды.
Ауылда дамыту туралы сөз қозғағанда, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды ұмытпауымыз қажет. Бұл мен үшін әлеуметтік аукцион секілді құрал ұсынамын. Яғни, мемлекеттік қордан жер бөлу кезінде әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың жер алуына басымдық берілуі қажет.
- Осы орайда, олар да бәрімен бірдей декларация толтыруы қажет пе?
- Әрине. Дұрыс айтасыз. Өйткені, мұнда берілетін мүмкіндіктер бәріне де бірдей. Біз оған бағыт-бағдар береміз. Егер жермен жұмыс істесе, оның жерін ешкім де тартып алмайтынына кепілдік бұл. Осылайша, біз өз азаматтарымызды агроөнеркәсіп кешенінен тартып аламыз. Өйткені, агроөнеркәсіп кешенінің пайдалы жағынан тиімсіз тұстары көп екенін бәріміз де білеміз.
Ал фермелерлерге келетін болсақ, оларды қолдау талаптары толығымен ойға қонымды дей алмаймын. Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы түзілімдерін бірдей және тең талап қоюы тиіс. Қазір біра олқылықтар бар, біз соны түзетуіміз қажет.
- Сіздің ұсынысыңызға қатысты әкімдер не айтады? Оларға хат жазға боларсыз?
- Хат жаздық, бірақ бізде хатты төмендегілерге ығыстыру әдетке айналған. Ал төменгі жақта бәрі қолданыстағы заңды негізге алады. Жалпы алғанда, бәрі де заңды. Бірақ осының салдарынан процесс бұзылады.
Парламент қатарында, құзырет пен мүмкіндіктерге ие бола отырып, әсер ету механизмдерімен процесті жүзге асыру оңай болмақ. Біздің идеямыз мемлекет пен үкімет саясатына қарсы емес. Керісінше, аталған саясатты қолдап, күшейтіп, ауылды өркендету міндетін қойдық. Мен сол үшін өмір сүремін. Сол үшін бар күшімді саламын.
Просмотров материала: 4 581