23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жеке және заңды тұлғалардың несиелері кешірілсін – депутаттар Маминге сауал жолдады

16 сентябрь 2020, 14:07
Жеке және заңды тұлғалардың несиелері кешірілсін – депутаттар Маминге сауал жолдады
А.Қоңыров, Ж.Ахметбеков, Г.Баймаханова, В.Косарев, М.Магеррамов, И.Смирнова, Т.Сыздықов бастаған «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Халық коммунистері» фракциясы карантин салдарынан жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің кірісінің төмендеуіне немесе тіптен жоғалуына әкелгеніне ерекше назар аударды.

Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі, карантин және локдаун секілді шектеу шараларын енгізу уақыт көрсеткендей, аурудың ерекше қарқынмен дамуын тоқтатуға септігін тигізген шешім болды. Осы орайда «Халық коммунистері» фракциясы бұл шаралар жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің кірісінің төмендеуіне немесе жоғалуына әкелгеніне назар аударып отыр. Әрине, бұл жағдай оларға байланысты емес. Бірақ ешкім халық пен бизнестің қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерінің күшін жойған жоқ, - деді депутаттар.

Олардың айтуынша, карантинге байланысты ресми мәліметтерді де келтірді. Мәселен, шектеу шаралары кезінде 4 млн-ға жуық адам жұмыстан шығып қалған.

Карантин кезінде ШОБ саласында өндіріс көлемі күрт төмендеді: қоғамдық тамақтану – 53%-ға, бөлшек сауда – 45%-ға, көлік – 37%-ға. Бұл кәсіпкерлердің де, олардың қызметкерлерінің де кәсіпорындарды жабу, банкроттық жариялау, банктермен сот ісін жүргізу секілді тәуекелін арттырады. Ресми мәлімет бойынша, карантин кезінде жұмыспен қамту аймағынан 4 миллион 200 мың адам шығып қалды. Шын мәнінде, жұмыссыздық 46%-ға жетті. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған деңгей. Қазіргі дағдарыс тек санитарлық-эпидемиологиялық қана емес, сонымен бірге еңбек нарығындағы төтенше жағдай сипатына ие. Тиісінше, төтенше шара қажет, - деп атап өтті «Халық коммунистері» фракциясының өкілдері.

Депутаттар «кредиттік рақымшылық» 2019 жылы қоғам мен қаржы институттарына оң әсерін тигізгенін айтып өтті.
Президенттің Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі тапсырмасын орындау, яғни «кредиттік рақымшылық» 2019 жылы қоғам мен қаржы институттарына оң әсерін тигізді. Бірақ 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында микрокредит көлемі айтарлықтай өсті. ШОБ-қа берілген микрокредит көлемі 850%-ға өсті. Бұл ретте негізгі борыш немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек 283%-ға жетті. Жеке тұлғалар шағын несиелерді 145%-ға ұлғайтты. Мерзімі өткен берешек 332%-ға өсті. Бұрын азаматтар тұрмыстық техника, қымбат киім сатып алу, түрлі отбасылық іс-шараларды өткізу үшін несие алса, шектеу шаралары жағдайында және одан кейінгі кезеңде уақыты өтіп кеткен несиені өтеуге, оқуға, емделуге, киім мен азық-түлікке қарыз алатын болды. Қаржы институттары қарыз алушыларға төлемді кейінге қалдырып төлеуді ұсынды. Бірақ Президент жариялаған мораторий мерзімі қыркүйек айында аяқталады. Коммунистер оған дейін қарыз алушылар төлем қабілеттілігін қалпына келтіреді дегенге күмәнмен қарайды, - деді олар.

Мамандардың болжамынша, 3 миллионға жуық қазақстандық шағын және орта бизнеске шоғырланған.

Егер жаңа шектеу шаралары енгізілмесе, шағын және орта бизнеске шамамен бір жыл бойы қалпына келу қажет болады. Түрлі бағалауларға сәйкес, ШОБ субъектілерінің 30-50%-ы жабылады деп күтілуде. ШОБ пен қызметкерлердің жоғарыда аталған барлық проблемасы қарыз бойынша дефолт тәуекелін арттырады. Экономиканың құлдырауы жағдайында көптеген ел тұтынушылық сұранысты, салықтық, несиелік амнистиялар мен демалыстарды ынталандыру бағдарламалары негізінде халық пен бизнесті қолдаудың түрлі шараларын қолданып жатыр. Нақты немесе минималды базалық кіріс енгізілуде, - деді фракция өкілдері.
Депутаттардың сөзінше, елде шектеу шаралары енгізілгенге дейін тұрақты түрде салық төлеген, жұмыс орындарын құрған, қазір объективті себепке байланысты несиелерге қызмет көрсету бойынша күрделі жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие рақымшылығын жүргізу қажет.

Депутаттар Қазақстанда дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде жұмыспен қамтуды және экономикалық белсенділікті қолдауды ынталандыратын шараларға да айтарлықтай қаражат бөлінетінін айтты. Олар тағы да коммерциялық банктер мен квазимемлекеттік институттар арқылы жіберіледі. Демек, оларға тағы да қолдау көрсетіледі. Алдыңғы кезеңдердегі дағдарысқа қарсы шаралардың тәжірибесін ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясы басымдықты қайта қарауды және жеке тұлғалар мен ШОБ-ты қолдауға ерекше назар аударуды ұсынады. Елде шектеу шаралары енгізілгенге дейін тұрақты түрде салық төлеген, жұмыс орындарын құрған, қазір объективті себепке байланысты несиелерге қызмет көрсету бойынша күрделі жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие рақымшылығын жүргізу қажет. Олар өмір сүруге қаражат таппай, қаржы институттарының қысымына ұшырауы мүмкін. Несие рақымшылығын әзірлеу аясында коммунистер барлық мүдделі тараптың өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік комиссия құруды, несие аудитін жүргізуді, қаржыландыру көздері мен рақымшылыққа қатысушылар үшін критерийлерді анықтауды ұсынады, - деп атап өтті депутаттар.

Коммунистер қаржыландыру көзі әкімшілік-шаруашылық қызметке және салықтық маневрге мемлекеттік шығыстарды оңтайландырудан босаған қаражатты бағыттауға болады деп болжайды.

Атап айтқанда, азаматтардың мұрасына және үстеме кірістеріне салық салуды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін, яғни 30%-ға арттыруды, жеке тұлғалардың ақша аударымдарына салық салуды енгізуді, кампаниялардың таза кірісін шетелге сараланған салықпен 10%-ға дейін шығаруды, тұруға арналған жылжымайтын мүлік объектілерінің саны үшеу және одан да көп, азаматтардың екі және одан да көп нысандарына коммерциялық жылжымайтын мүліктің әрбір объектісі үшін 2 еселенген коэффициентпен ірі шетелдік технологиялық компаниялардың жергілікті түсімінен 3%-дық цифрлы салық енгізуді ұсынады. Депутаттық сауалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша қарауды және қабылданған шаралар туралы жазбаша жауап беруді сұраймыз, - деді коммунистік фракция өкілдері.

Просмотров материала: 1 541

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 331 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 164 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 804 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 828 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 136 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 721 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 911 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 168 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930