24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еңбекке жарамды халықтың 92%-ы келесі жылы зейнетақы қорындағы салымын ала алмайды

11 сентябрь 2020, 9:37
Еңбекке жарамды халықтың 92%-ы келесі жылы зейнетақы қорындағы салымын ала алмайды
2021 жылдың басынан бастап, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағының бір бөлігін шеше алады. Жақында нақты шекті сомалары белгіленді. Осы орайда GSB UIB биз­несті талдау орталығының сарапшысы, эко­но­мист Мақсат Халықтың пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдауы кезінде зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға берілетінін айтты. Алайда қаражат адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, келесі жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болады.

Шектік сомалары өзгерді

Жыл басында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаңтар айында президентке екі ұсыныс бергенін айтқан еді.

Біріншісі, ер азаматтардың жинағы жеткілікті шектен асатын болса, яғни, 30 жастағы азаматтың жинағы 6,7 млн теңгеден, 50 жастағы азаматтың жинағы 7,2 млн теңгеден, зейнет жасына жеткен азаматтың жинағы 8,2 млн теңгеден асқан жағдайда, ол осы сомадан жоғары қаржының бөлігін ала алады. Осылайша, ақшаны есепшоттан алу адамның жасына байланысты болуы керек. Себебі, ер адам 30 жаста болса, оның 63-ке дейін ақша жинайтын тағы 33 жыл мүмкіндігі бар. Қазақстанда мұндай жинақ тек 113 мың адамда бар. Ал бұл ретте әйелдердің шекті жасы жоғары. Мұның себебі – әйелдердің ерлерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 5 жылдан 22 жылға дейін артық болуында. Зейнет жасына дейін ақша жинап, әрі қарай тағы 22 жыл өмір сүру үшін үлкен сома керек. Сол себепті, 30 жастағы ер адамға 6,7 млн теңге десек, әйелдер үшін шекті сома – 9,6 млн теңге. Дәл осындай мүмкіндігі бар зейнет жасына жеткен жандардың саны – 119 мың 500, - деген болатын министр.
Қыркүйек айындағы Президенттің Жолдауынан кейін министр шектік соманы азайтты.
Алдын ала есептеулер бойынша, мысалы, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңгені құрайды. Осы сомадан қалғанын олар жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерге қалауы бойынша жұмсай алады. 35 жас үшін – 2 млн 961 мың теңге; 40 жас үшін – 3 млн 437 мың теңге; 45 жас үшін – 3 млн 947 мың теңге; 50 жас үшін – 4 млн 495 мың теңге; 55 жас үшін – 5 млн 084 мың теңге; 59 және одан үлкен жас үшін – 5 млн 586 мың теңге. Осы «шекті» сомаларға қол жеткізу табысы ел бойынша орташа айлық жалақы деңгейінде болатын тұрақты жұмыс істейтін азаматтар үшін қолжетімді, - дейді Біржан Нұрымбетов.
Алғашқы қадам жасалды, енді екінші қадам бар

9 айдың ішінде министрліктің мұндай қадамға барғанын экономист Мақсат Халық былай түсіндірді.

Халықпен санасты деп айтуға негіз бар. Өйткені жауап беретін тиісті министрліктің жыл басында берген шектері ақылға сыймайтын сандар болады. Оны жинау мүмкін емес еді. Ол үшін орта тап өкілі болуыңыз керек. Бізде орта тап деген 2 миллион теңгенің көлемінде табысы бар азаматтар. Нақтырақ айтқанда миллион мен 2 миллионның арасында табыс табатындар. Сол кезде сіз өзіңіздің белгілі дәрежеде зейнеатқы қорындағы қаржыңызды шешіп алатын едіңіз. Ол тұста мұндай адамдардың саны 113 мың деп айтты. Яғни елімізде орта таптың үлесі 1 пайыз көлемінде 5ана. Шын мәнінде орта таптың өкілдері 100 мыңға да жетпейді. Бұл да үлкен проблемалардың бірі болып отыр, - дейді Мақсат Халық.
Оның айтуынша, егер елімізде орта тап өкілдері көп болғанда, экономикамыздың да сыртқы факторларға төтеп беруі, халықтың әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жақсы болар еді.
Өкінішке қарай, ондай орта тап әлі қалыптасқан жоқ. Ал мемлекетіміздің осы кезде аздап болса да халыққа қарай бет бұра бастағаны байқалады. Әлде де бұл шекті соманы түсіруге болар еді... Дегенмен, тәуекелдері дұрыс есептеліп отырған болар. Бұған әсер еткен тікелей Президенттің өзі. Себебі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаңтар айындағы шектік сомадан келіспейтінін айтқан еді. Министр мен орынбасарының сұхбаттарын қарасаңыздар түсінесіздер, - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, зейнетақы қорынан ақша шешіп алуға шамасы жететіндердің саны келесі 721 мың болады екен. Ол еңбекке жарамды халықтың 7-8 пайызы.

Өйткені бізде 10 млн-ға жуық халық бар. Қалған еңбекке жарамды халықтың 92 пайызы келесі жылы зейнетақы қорындағы қаржысын ала алмайды. Шынын айту керек, 5 млн 300 мыңға жуық салымшының зейнетақы қорындағы қаражаты 1 млн теңгеге де жетпейді. Демек, түсінікті. Алдағы 2-3 жылдықта 721 мың деген көрсеткіш 1-2 миллионға жетіп қалуы мүмкін. Бірақ жаппай алатын дәрежеге әзір жетпейміз. Дегенмен, бұл да аз болса тенденцияның қалыптасуына әсер етеді. Халық үшін бір мотивация, қаржылық сауаттылықтары да артады, - дейді экономист.
Оның айтуынша, қазіргі кездегі шектік сомаларға қарасаңыз үш есеге түскені байқалады. Қаңтар айында 30 толмаған азамат 6,7 миллион теңге жинау керек десе, қазір мұны 2,5 миллион теңгеге түсіріп отыр.

Аз да болса халыққа қарай бір қадам жасалды. Енді халық та осы процесске байланысты бір қадам жасау керек. Халықтың арасында да көптеген адам да жұмыс берушімен келіскен кезде зейнетақы шотына аударымдар жасамауға келіседі. Яғни ол ақшаны өзіме беріңіздер дейтіндер жетерлік. Әсіресе, жеке секторда жағдай солай. Фрилансерлер де ешқашан зейнеатқы қорына ақша аударуды қаламайды. Өйткені, зейнетақы қорына сенім жоқ. Сондықтан ол кісілерді түсінемін. Әзірбайжанға барып бір күйді, «Бозгул аурум» комапания ол талан-таражға ұшыратты. Қазірдің өзінде зейнетақы активтері табыстылығы төмен құнды-қағаздарға салынып жатыр. Сол себепті инфлция жеп қояды. Қартайғанда түкке мардымсыз ақша болып қалады. Азаматтардың көбінің зейнетақы қорына ақша аударуға ниетті болмайтыны осыдан, - дейлі Мақсат Халық.
Оның айтуынша, зейнетақы қорынан ертерек ақшаны шешіп алу бұл тенденцияны жояды.

Неге менің зейнеатқы қорымдағы қаржым аз? неге толтырмаймын» деген сауалдар туындай бастайды. Тиісті ақшаны жинау үшін қанша айлық болу керектігін ойланады. Басшыларының алдына талап қояды. Бірінші қадам жасалды, енді халықтың табысын арттыру керек .Халықтың табысы артпай, осы шектерге жете қою екіталай. Бұл қиын мәселе. Елдің табысы өсетін болса, жинақтары, аударымдары да көбейеді. Сол кезде шектеулерді қуып жету оңай болады. Тағы бір айта кететін жайт, үкімет осы шектерді кемі 4-5 жыл өзгертпеу керек. Халық қызығушылықпен ақшаларын жинауға ұмтылу тиіс. Содан кейін ғана ақырындап шектерді көтеруге болады. Өйткені, инфляция әсер ететіні түсінікті, - дейді экономист.
Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді

Зейнетақыны шешіп алу жыры мұнымен бітпейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді.

Комитет қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынатынын (Салық кодексінің 326-бабы) мәлімдеді.

Бұл ретте, жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі (42 500 теңге) салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. Бұл - 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады, - дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Мақсат Халықтың пікірі бойынша, мұны әлі жетілдіру керек. Өйткені өте көп ньюанстары бар.

Негізі мемлекетімізді заң жүзінде 10 пайыз көлеміндегі табыс салығы бар. Зейнетақы қорындағы қаржы негізі мұрагерлікке қалып жатады ғой. Ата-анасы қайтқан кезде балалары ақшаны шешкенде 10 пайыз ұстайды. Бұл да сол ғой. Зейнеатқы қорынан ақша шығарамыз десеңіз 10 пайыз жеке табыс салығын сұрайды. Бұл тақырыпты әлі де көтеріп көруге болады. Тартысты тақырып. Өйткені зейнетақы қорынан ақша шешіп алған адам оны «тұрғын үй жинақ банкіне» салады. Нарықта ол ақшаны бәрібір жұмсайды. Құрылыс компаниялары табыс тапқаннан кейін бәрібір де салық төлеп жатыр. Сол себепті бұл тақырыпты әлі де жетілдіре түсу керек, - дейді GSB UIB биз­несті талдау орталығының сарапшысы.
Сонымен қатар, біздің зейнетақы қорындағы жинағымыздың үстіне инвестициялық табыс түсіп тұрады. Егер толық жинаққа емес, шешкен кезде тек инвестициялық табысқа салық саламыз десе түсінікті болар еді. Елімізде прогресивті табыс салығының жеке шкаласы енгізілмеген. Жалақының бәріне бірдей 10 пайыздан ұстап жатыр. Ең дұрыс табыс көлеміне қарай болғаны жөн. Азаматтардың қолына алатын жалақысы артар еді. Одан кейін мемлекеттің алдында тұрған тағы бір міндет, халықтың табысын арттыру.

Зейнетақы қорынан шешкен ақшаны қайда жұмсауға болады:

· баспана (жаңа және қолданыстағы үйлерден) немесе жер учаскесін сатып алу;
· ипотеканы қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
· жеке тұрғын үй салу, кеңейту немесе жөндеу;
· ем ақысын төлеу;
· зейнетақы жинағын қаржы компанияларына басқаруға беру.
Зейнетақы шотындағы ақша қолға берілмейді, бірыңғай оператор арқылы мақсатты түрде пайдаланылады
Просмотров материала: 647

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 502 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 333 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 974 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 998 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 306 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 663 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 732 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 924 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 068 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 448 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930