19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандық депутаттар дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды

10 сентябрь 2020, 12:02
Қазақстандық депутаттар дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды
Сенаторлар премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында дәрігерлер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Мұрат Бақтиярұлы пандемиямен күрес кезінде отандық медицина саласының ең осал тұстары анықталғанын атап өтті. Отандық медицина нарығы ауыр сынаққа төтеп бере алмаған.

"Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Оған триллиондаған теңге бөлінді. Алайда саланы нығайтуға бағытталған жұмыстар денсаулық сақтаудың қазіргі проблемаларын неге жоя алмады, жүйені жоспарлы жаңғыртуды көздеген реформалардың игілігін неге көре алмадық деген заңды сұрақ туындайды. Қаншама қабылданған шараларға қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығын қорғауды дамытудың жүйелі жолын таба алмағаны түсініксіз", - деп қапаланды Бақтиярұлы.

Айтуынша, еліміздегі көптеген ауруханада тыныс алу аппараттары, орталықтандырылған оттегі, компьютерлік томография тапшы. Стандарт бойынша ауруханалардағы төсек-орынның кемінде 10 проценті жасанды тыныс алу аппараттарымен жарақтандырылуы тиіс. Алайда Қазақстанда мұның бірде бірі сақталмаған. Депутат осындай ауруханалардың қызметіне лицензия қалай беріліп келгеніне таңғалды.

Мұрат Бақтиярұлы Маңғыстау облысындағы 170 мыңнан астам тұрғыны бар Мұнайлы ауданын мысалға келтірді.

"Көптеген аудандарда, ірі елді мекендерде аудандық ауруханалар, ауылдық амбулаториялар тапшы не талапқа сай емес. Мысалы, Маңғыстау облысы бойынша ең ірі аудандардың бірі саналатын 170 мыңнан астам халқы бар Мұнайлы ауданында көпсалалы аурухана жоқ болғандықтан, тұрғындар емделу үшін Ақтау қаласына сабылып, онсызда төсек-орны жетпей жатқан қала ауруханаларына үлкен салмақ түсіруде. Осындай жағдай Шымкент қаласында да орын алуда", - деді ол.

Сонымен қатар, халық қалаулысы отандық дәрі-дәрмек өндірісіне де тоқталды. Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмектің үлесі небәрі 20 процент, қалған 80%-і шет елдерден импортталады.

"Жеріміз дәрі жасайтын шөптерге өте бай. Өкінішке қарай, өзімізде оларды пайдалану жеткілікті түрде жолға қойылмаған. Есесіне дәрілік шөптерді заңсыз сыртқа шығару күшейіп келеді. Бұлай жалғаса берсе, кейбір дәрілік қасиеті мол шөптердің тұқымы құрып кетуі мүмкін", - деп алаңдады сенатор.

4 мың дәрігер жетіспейді

Медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі – кадр тапшылығы.

"Мысалы қазір емдеу орындарында 4 мың дәрігер жетіспейді. Тіпті індет қаупі сейілмей тұрған ірі орталықтар мен өңірлерде 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр. 2018 жылы "Диплломмен ауылға" бағдарламасымен барған 706 жас маманның тек 355-і ғана көтерме ақы алды. 102 дәрігерге тұрғын үй бұйырды. Қазір дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші қалада 56,8 пайыз болса, ауылда небәрі 16,1 процент қана", - дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Сенат депутаттары медицина мамандарын даярлайтын 6 жоғары оқу орнында жабылып қалған медициналық, профилактикалық факультеттерді қайта ашу қажет деп санайды.

"Қазақстанда денсаулық сақтау саласында 250 мың медицина қызметкері, оның ішінде 72 мың дәрігер қызмет етеді. Денсаулық саласын қандай озық технологиялармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсек те, ол білікті дәрігерді алмастыра алмасы анық. Сондықтан адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, ажалға араша түскен дәрігерлер қауымы үшін дәрігерлер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынамыз", - деп түйіндеді сөзін ол.



Просмотров материала: 683

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 147 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 746 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 257 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 306 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 664 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 418 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 510 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 804 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 292 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 387 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 690 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930