13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бұл сын орынды – Аймағамбетов болашақ ұстаздарды дайындаудағы кемшіліктерге тоқталды

08 сентябрь 2020, 16:19
Бұл сын орынды – Аймағамбетов болашақ ұстаздарды дайындаудағы кемшіліктерге тоқталды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында мұғалімдерді даярлау мәселесі жөнінде жазба қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мектептердің білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Бұл мақсатқа біліктілігі жоғары мұғалімдерді даярлау жүйесін енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осы мәселе туралы сөз қозғайық. Болашақ ұстаздарды дайындаудың қолданыстағы жүйесі, әсіресе жоғары оқу орындарында берілетін білім сапасы жиі сынға алынып жатады. Бұл сын орынды. Ескірген оқу бағдарламаларын, оқу барысында практикадан өту кезіндегі салғырттықты айтпағанда, статистикалық көрсеткіштердің өзінен бұл проблемалар айқын көрінеді. Сарапшылардың айтуынша, орта білімнің сапалы болуының негізгі құрамдас бөліктері – мұғалімдік жұмыстың тартымдылығы, осы мамандыққа түсушілер арасындағы бәсекеге қабілеттілік, оларды оқуға қабылдау барысында мұқият іріктеу және білім беру бағдарламаларының сапасы.

Бұған Финляндияның тәжірибесі жақсы мысал бола алады. Ал біздің елімізде бұл мамандықты «әлсіз» түлектер таңдап, университетке түсіп, диплом алған соң, мектепке жұмысқа орналасқан жағдайлар да бар. Мұндай «маман» сабақ берген соң оқушылар да «әлсіз» болады, мектептегі білімнің сапасы да нашар болады. Одан кейін осы оқушылар ЖОО-ға түседі. Нәтижесінде экономикаға әлсіз мамандар келеді. Міне, осы мысал мәселенің маңыздылығын көрсетеді, - деді ол.

Министр педагогикалық мамандықтар бойынша ресми статистикаға да тоқталып өтті.

Енді қайтадан статистикалық көрсеткіштерге тоқталайын. Біраз уақыт педагогикалық мамандықтар бойынша грант жеңіп, оқуға түскен түлектердің орташа балы 60-65 болатын. Бұл ретте ең төменгі шекті балдың 50 болғанын ескеру қажет. Оған қоса, педагогикалық мамандықты таңдағандардың арасында мектепті үздік бітіргендер немесе «Алтын белгі» иегерлері аз болды. Сонымен қатар, жыл сайын ЖОО бітіретін 40 мыңнан астам түлектің төрттен бірі ғана білім беру мекемелеріне мамандық бойынша жұмысқа орналасатын. Шынтуайтын айтқанда, жас мұғалімдердің біліктілік деңгейінің төмендігі университтердегі білімнің сапасыздығына ғана емес, сонымен қатар мұғалімдік қызмет тартымдылығының төмендігіне де байланысты. Әрине, бұл ауқамды мәселе кешенді түрде шешілуі тиіс. Аталған бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Аймағамбетов.

Білім министрі қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларын жаңартып, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жаңа жүйесін, дуалды оқыту жүйесін енгізіліп жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, мұғалім болып жұмыс істеуге кірісетін түлектердің дайындық деңгейін анықтайтын арнайы емтихан да жетілдіріліп жатыр. Сонымен қатар, 2020 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін ең төменгі шекті балл 70-ке дейін көтерілді. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша болашақ мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-ға қойылатын талаптарды да күшейттік. Бұған дейін олардың саны 86 болса, енді күрт азайып келеді. Біз үшін басты қағида – сан емес, сапа және тиісті жағдайлардың жасалуы, - деп атап өтті ол.

Асхат Аймағамбетов болашақ ұстаздарға талап қана қоймай, ынталандыру үшін де жағдай жасалып жатқанын айтты.

Бірақ біз талаптарды күшейтіп қана қоймай, ынталандыру үшін де жағдай жасап жатырмыз. Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қыркүйегінен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 000 теңгеге дейін өсті. Салыстырмалы түрде алсақ, басқа мамандықтар бойынша оқитын студенттердің стипендиясы 26 мың теңгені құрайды. Бұдан бөлек, мұғалімдердің жалақысы қазірдің өзінде ұлғайтылды және ол жыл сайын 25%-ға өсіп отырады. Сондай-ақ, педагогтерді міндетіне жатпайтын жұмысқа тартуды болдырмау және артық есептіліктен арылту бойынша шаралар қабылданып жатыр, - деді министр.

Министрің сөзінше, мемлекеттік тапсырысты орналастыру және түлектерді мақсатты даярлау арқылы гранттарды бөлу жүйесі де өзгеріп жатыр.

2021 жылдан бастап барлық түлек сертификаттау рәсімінен өтуі керек. Жұмысқа орналасу кезінде бәсекелестік болуы үшін конкурс негізінде қабылдау жүйесі енгізіліп жатыр. Бірақ ең маңызды шара «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы болды. Міне, осының нәтижесінде біз соңғы жылы дарынды жастардың педагог мамандығына деген қызығушылығының айтарлықтай артқанын байқадық. Мәселен, биыл шекті балл көтерілді. Конкурс нәтижесіне сәйкес грант 8506 түлекке тағайындалды. Оқуға түсушілер арасында «Алтын белгі» иегерлерінің қатары да көбейген – 1565 адам (грантқа ие болғандардың жалпы санының шамамен 20%-ы), бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есе көп. Жалпы педагогикалық мамандықтар бойынша орташа ұпай айтарлықтай өсті. Биыл «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» (шекті балл – 104), «Математика мұғалімдерін даярлау» (шекті балл – 111), «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» (шекті балл – 107), «Педагогика және психология» (шекті балл – 97), «Арнайы педагогика бойынша мамандарды даярлау» (шекті балл – 89) және т.б. бағыттар бойынша үлкен конкурс болды, - деді министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, басқа салалардағыдай жұмысына немқұрайлы қарайтын мұғалімдер де кездеседі.

Біз, әрине, жалақыны көтеру және басқа да әлеуметтік кепілдіктер міндетті түрде педагогтерге қойылатын талаптарды арттырумен де сай келуі тиіс екенін түсінеміз. Өкініштісі, басқа салалардағыдай жұмысына немқұрайлы қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Ондай мамандардың орнына қызметіне жауапты қарайтын әріптестеріміз қелетін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауында ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болуы керектігін, ал әрбір істің негізінде кәсібилік болу шарт екенін атап өтті. ҰБТ қортындысының жақсы жаңалығы – бұл педагог мамандығының түлектер арасында, әсіресе мықты талапкерлердің сұранысына ие болуы. Бұл – еңбектің зая кетпегенінің дәлелі. Жаңа Заң қазірдің өзінде алғашқы жемісін беріп жатыр, қатарымызға әріптес ретінде мықты тұлғалардың келетініне сенімдімін, - деді ол.


Просмотров материала: 999

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 063 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 753 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 251 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 285 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 659 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 851 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 863 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 893 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031