23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Nur Otan Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті

04 сентябрь 2020, 12:45
Nur Otan Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті
«Nur Otan» партиясы Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 186 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда қаза тапқандардың тек 9-ының отбасына ғана өтемақы төленген. Мұндай көңіл жүдететін статистика бүгін «Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің отырысында жария етілді. Партиялықтар COVID-бен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлерге ай сайынғы жалақыға қосымша үстемеақы төлеу, сондай-ақ осы індетті жұқтырған немесе содан қайтыс болған жағдайда медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселелерін қарады.

Сонымен, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бүгінге дейін инфекция жұқтырған 1093 дәрігер ғана 2 млн. теңгеден өтемақы алғанына тоқталды. Ал сол кезде, науқастанған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 11293 адамды құрады.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйреткенін атап өтті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білу, оның маңыздылығын күшейту үшін материалдық тұрғыдан қолдау керек. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығы 9 сәуірде қабылданып қойғанына қарамастан, өтемақы төлеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың алғашқы отырыстары тек тамыз айында өтті. Медицина қызметкерлерінің індет жұқтыруының алғашқы жағдайлары наурыз айында орын алған болса, бұл мәселені осынша созбалаңға салудың себебі неде?! Аймақтық партиялық бақылау комиссиялары бюрократия мен сөзбұйдаға салу фактілерін қарап, кінәлі партия мүшелерін ең қатаң жауапкершілік шараларына тартуы керек», - деді Павел Казанцев.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазіргі уақытта инфекция жұқтырушыларды 3 топқа бөлген. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 3 ай мерзімге қаражат қаралыпты. Үстемеақы нақты жұмыс істеген кезең үшін ай сайын есептеледі.

Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов үстемақы төлеуден бас тартудың негізгі себептері ретінде індетті қайдан жұқтырғанын көрсетпеу немесе оны жұқтырудың жұмыс барысында орын алмауы, деректерді қате көрсету және басқаларды атады.

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы, белгілі пульманолог Абай Байгенжин де қосымша төлемдерге қатысты маңызды мәселе көтерді. Ол ҰҒМО-тың 2 ай бойы жұқпалы аурулар клиникасы ретінде жұмыс істегенін, науқастар тәулік бойы қабылданғанын, ал қосымша жұмыс үшін Денсаулық сақтау министрлігінен үстемеақы түспегенін айтты.

«Тәжірибемізді ескеріп, бізге ең ауыр науқастар жеткізілді. Біздің дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, тәулік бойы жұмыс істеді, өйткені науқастарды емдеу керек. Жұмыс ставкасы туралы ойлаған да жоқпыз. Ұлттық орталық болғандықтан, бізде қаржылық ресурстар бар, мен шығындарды орталық есебінен жаптым. Ал бұл ақшаны қайтару үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінгенгенімізде, бізге бұл сіздердің шығындарыңыз, біз оны қайтармаймыз деді. Өңірлердегі әріптестерімнің жағдайы қаншалықты қиын болғанын жақсы түсінемін. Олардың жағдайы бізден он есе ауыр. Үстемақы төлеу соншалықты қиын ба?»,- деді Абай Байгенжин.

ПБК мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов аймақтарда орын алған ауыр жағдайлардың бір көрінісі ретінде Көкшетау қаласындағы медициналық мекемені мысалға келтірді. Мұндағы медицина қызметкерлерінің жұмыс күнінің басында және жұмыстан соң ИФА (қанның иммуноферменттік талдауы) әдісімен қажетті тестілеуден өтуге мүмкіндіктері болмаған.

«Көкшетау ауруханасынадағы кезекшілік ауысымның қалай жүзеге асатынын өз көзіммен көрдім. Адамдар автобусқа отырды да, үйді-үйіне кетіп қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан неге олардың алдымен тестілеуден өтпейтінін сұрадым. Сөйтсек, Көкшетаудағы жеке меншік зертханаларда да, мемлекеттік зертханаларда да ИФА әдісімен тексеру жүргізілмейтін болып шықты. Шын мәнінде, осы 4-5 ай бойы олар бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзды. Сонда сіздер (Денсаулық сақтау министрлігіне қаратып айтып отыр) олардың қайсысы жұмысқа басқа жерден ауру жұқтырып келгенін, қайсысы кезекшілік ауысымын атқару барысында жұқтырып алғанын қалай анықтадыңыздар? Індетті кімнің қай жерден жұқтырғанын қалай анықтауға болады?»,- деді Мұрат Теміржанов. Партиялықтар ҚР ДСМ жанындағы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК қызметіне жеке тоқталды.

Партбақылау комитетінің мәліметі бойынша, «Mapcovid» жүйесін Еңбек министрлігінің Ақпараттық жүйесімен интеграциялану процесіне байланысты қателіктер орын алып отыр. Жүйе стационарда емделмеген, бірақ амбулаториялық ем қабылдаған медицина қызметкерлерінің құжаттарын қабылдамайды (жүйе «Диагноз табылмады» деген қате табады).

«Бұл неге бұрынырақ жасалып қоймаған? Техникалық тұрғыдан бұл соншалықты қиын ба әлде оны шешу енді ғана қолға алынып жатыр ма? Қарапайым нәрсе ғой. Excel-дегі бірнеше кестені бір жерге жинау кез келген студенттің де қолынан келеді! Ал мұнда осыны бүтіндей бір ШЖҚ РМК атқара алмай отыр. Бұл не сонда қасарысу ма әлде бейқамдық па?», - деді Павел Казанцев.

Отырыс соңында партиялық бақылау комитеті денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованы және еңбек вице-министрі Ербол Оспановты сөгіс түріндегі партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Еңбек министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болса, өтемақы төлеу мәселесі осы жылдың 14 қыркүйегіне дейін шешілетініне сендірді.
Просмотров материала: 812

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 265 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 081 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 736 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 755 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 062 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 153 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031