5 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жетім балалардың қажеттілігі қандай?

03 сентябрь 2020, 11:07
Жетім балалардың қажеттілігі қандай?
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде бес миллион баланың 26 мыңы - жетім бала. Олардың 78%-і қазіргі уақытта қазақстандық отбасыларда патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек 21%-і, яғни 5 631 бала жетім балаларға арналған 137 мекемеде тәрбиеленіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында қамқоршысынан айырылған 2717 кәмелетке толмаған және ересек жетім болса, оның 1451-і 18-29 жас аралығындағы жастар. Ал Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқрамасы» ММ-нің қорғаншылық және қамқоршылылық бөлімінің мәліметі бойынша 0-18 жасқа дейін жетім балалар саны 858, осыған дейін 862 бала болған, яғни статистикалық мәліметтерге мониторинг жүргізіліп отырады.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау» жобасы жолға қойылып, сол жастармен нақты жұмыстарды бастады.

Алдымен жоба шеңберінде әлеуметтік сауалнама жасалды.

Сауалнамаға 18 бен 29 аралығындағы 86 жас қатысты. Мектеп бітірген соң жұмыспен қамтылмаған, оқуға орналаспаған, тағдыр тәлкегіне түскен балаларды қатал өмір қайта қарсы алады. Бірі жалданып нанын тапса, енді біреулері қылмыстық әлемнің қақпасынан әрі асады. Бүгінде ата-анасынан айырылғандарға байланысты шешімін таппаған шиеленістер тіптен көп.

Осыны ескерген қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен халықаралық қазақ тілі қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы сауалнама барысында кәмелеттік жасқа толғандарға тұрғын үй беру мәселесі, жұмыспен қамту, оқуға орналастыру сияқты бірнеше әлеуметтік сұрақтарды қамти отырып, оларға әлеуметтік жағдаймен қоса психологиялық-педагогикалық, құқықтық көмек қажеттігін анықтады.

Әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың ең жасы 17-де болса, үлкені 29 жаста. 59,3%-і әйел адам, 40,7%-і ер адам. Білім деңгейлері де әртүрлі. Басым пайызы орта білімнен кейін оқуын жалғастырмаған. Сауалнамаға сүйенсек 30,2% жұмыссыз, басым бөлігі жалдамалы немесе тұрақсыз жұмыста жүргендігін айтып шағымданған.
Сауалнама нәтижесінде жетім балалардың барлығы дерлік жалдамалы пәтерде тұрып жатқаны белгілі болды. Тек 3,5%-і ғана жеке пәтерге қол жеткізген. Жатақхана мен жақындарын жағалап күн көріп жүргендер де бар. Сараптай келе, 18 бен 29 жас аралығындағы жетімдердің 82,6% -ы баспанаға кезекке тұрса, 17,4% - үй кезегіне тіркелмегені мәлім болды. Айта кетейік, бүгінде елордада тұрғын үй кезегіне тіркелген 2717 жетім баланың 1451-нің жасы он сегізден асқандар.

Сауалнамадағы қамтылған келесі сұрақ наурыз-сәуір айларындағы еліміздегі төтенше жағдаймен байланысты болды.

Сол кезде мемлекет тарапынан көрсетілген – 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті респонденттердің 30,2% ғана алған, ал жартысынан көбі, яғни 60,5% әлеуметтік көмекті алмаған. Сонымен қатар, жұмыс орнынан да нақты әлеуметтік көмекті алғандар кездесті.

Сауалнамаға қатысушылардың аз бөлігі әлеуметтік осал топ ретінде мемлекет тарапынан көмек күтетіндерін жасырмады. Бұл статисткалық ақпараттар сарапшылардың ең маңызды деп тапқан сұрақтар төңірегінде ғана ұсынылған еді. Алдағы уақытта сұранысқа орай сарапшылар жетім балалар арасында зерттеу жұмыстарын әлі де кеңейте отырып, олардың қызығушылықтары, болашаққа жоспары, қоғамдағы мұқтаждығы және өзге де қажеттіліктеріне орай ақпараттар статистикасын дайындауға мүдделі.

Просмотров материала: 1 307

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 430 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 102 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 601 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 648 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 015 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 512 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 546 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 871 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 533 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 591 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 783 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 797 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 898 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 562 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 436 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 385 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 676 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 417 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 821 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 617 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 287 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 141 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 488 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 371 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 861 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 211 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 192 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 436 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 822 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 170 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 123 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 254 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 196 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 427 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 573 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930