23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО-да балабақшада химиялық зат ішіп қойған бала 4 айдан бері ауруханада жатыр

СҚО-да балабақшада химиялық зат ішіп қойған бала 4 айдан бері ауруханада жатыр
Солтүстікқазақстандық 5 жасар Максим Бардин 4 айдан бері өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр. Оған бүлдіршіннің балабақшада химиялық сұйықтық ішіп улануы себеп болған. Өңеші мен асқазаны күйіп қалған науқасқа мамыр айынан бері бірнеше рет ота жасалды, ал бұл іске айыптылар әлі жауапқа тартылмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«БІР СӘТТЕ ӨМІРІМДІ АСТАҢ-КЕСТЕҢ ЕТТІ...»

Келеңсіз оқиға Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылындағы «Бөбекжан» балабақшасында болған. Сәбидің анасы Наталья Топорищева қайғыдан қан жұтып отыр. Сол күнді есіне алса, көз жасын тыя алмайды.

«Күндегі әдетім бойынша еш алаңсыз баламды тәрбиешінің қолына табыстадым. Біраз уақыт өткен соң дәрігерлер қоңырау шалып, баланың ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Мен телефон нөмірін шатастырған екен деп, «Ұлым балабақшада, сіз нөмірді қате терген боларсыз» деп қоямын. Телефон тұтқасының ар жағындағы адамның айтып жатқанын ұзақ уақыт бойы түсіне алмадым. Өкінішке қарай, ол қателеспеген екен. Уланған менің Максимім екен», - дейді Наталья.



АЙЫПТЫЛАР ЖАЗАЛАНҒАН ЖОҚ

Сол қоңыраудан кейін Наталья ұлымен бірге ауруханада жатыр. 4 айдан бері үйін көрмеген. Ауылда күйеуі мен екі баласы бар. Жұмысқа бара алмағандықтан, тұрақты табысынан да айрылған. Ал Максимге күн сайын арнайы тағам мен дәрумендер сатып алу қажет. Ол өздігінен тамақ іше алмайды. Ағзаға қажетті қоректі гастростома арқылы ғана қабылдайды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, биылғы жылдың 21 мамыры күні кішкентай баланың «Бөбекжан» балабақшасындағы кезекші топта болғаны анықталды. Сағат 11:30 шамасында ол жалғыз өзі дәретханаға шыққан, сол жерде байқамай тазалағыш затты ішіп қойған. Бұдан кейін, бала Явленка аудандық ауруханасына жеткізілген. «Ауыз қуысының және өңешінің химиялық күюі» диагнозымен Петропавл қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған, онда қазіргі уақытқа дейін ем қабылдап жатыр. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Есіл ауданының ПБ тергеу бөлімшесі жүргізуде. Келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін СҚО бойынша ССИ-да сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, М.А. Бардиннің өңешінің және асқазанының беткі қабатында химиялық күйік бар», - дейді СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мадина Балғашоқова.

Ал тазалағыш зат үстелдің үстінде тұрған. Оны үстелге кім, қандай мақсатпен қойғаны белгісіз.

МАКСИМНІҢ ҚАНДАЙ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТ ІШКЕНІ БЕЙМӘЛІМ

Аталған факт бойынша Есіл ауданы полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс қозғалған. Мамандар процедуралық шешім баланы емдегеннен және денсаулыққа келтірілген зиянның деңгейін анықтау үшін сараптамалар тағайындалғаннан кейін ғана қабылданады дейді. Ал әзірге айыптылар қызметін жалғастырып жүр.

«Балабақшада жағымсыз оқиға болғанын естіген сәтте Николаевка ауылына бірден жеттік. Оқиғаның мән-жайын зерттедік. Ондағылар баланың әжетхананы тазалауға арналған «Утенок» құралын ішіп қойғанын айтты. Терезеде езілген дихлор да тұрды. Оны «жаңа қойдық» деп ақталды. Тәрбиешіге, дене шынықтыру мұғалімі мен тағы бірнеше қызметкерге сөгіс жарияланды. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Оған дейін ешкімді қатаң жазалай алмаймыз. Істің ақ-қарасын полицейлер ажыратады», – деді Есіл аудандық білім бөлімінің жетекшісі Гүлмира Дәуітбаева.

Наталья Топорищеваның «Бөбекжан» балабақшасына деген өкпесі қара қазандай. Меңгерушісі хабарласып, кешірім сұрауды да жөн көрмепті.

«Тәрбиеші ғана телефон соғып, көмек ұсынды. Мен бас тарттым. Ал балабақша басшылығы өздерін кінәлі деп санамайды. Тіпті, болған жағдайды маған хабарлауға жарамады. Баланы ала тартып, аудандық ауруханаға апарған. Максимнің «Утенок» ішкенін айтады. Мен оған сенбеймін. Химиялық құрамы күшті зат ішкені анық. Балам сұйықтықты жұтып қалып, есінен танып қалған», - дейді ашынған ана.

Максим есін жиғанымен, біразға дейін сөйлей алмаған. 5 жасар баланың салмағы небәрі 13 келі болып қалған.
СҚО-да балабақшада химиялық зат ішіп қойған бала 4 айдан бері ауруханада жатыр


«БАЛА МҮГЕДЕК БОЛЫП ҚАЛДЫ...»

Баланың күйіп қалған өңеші тарыла бастаған. Оны кеңейту үшін бірнеше рет ота жасалған. Әр операциядан кейін – жансақтау бөлімі. Жаны қиналған бала мен анасы әбден титықтаған. Дәрігерлер болжамы жабырқау Натальяның көңілін көншітпейді.

«Бала мүгедек болып қалды. Дәл қазіргі сәтте оның оңалып, қоғамға бейімделуі жайында айтуға болмас. Әлі қаншама емделу керек. Күйіп қалғандықтан өңеші тартылып, тыртық болып қалған. Біз алғашқы көмек көрсетіп, бірнеше ота жасадық. Ал негізгі, өңеш алмастыру отасы жасалатын болса, Нұр-Сұлтан қаласына, Ана мен бала орталығына жолдама берілуі шарт», - дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Геннадий Беляев.

Максим мен оның анасының ауруханада тағы қанша жататыны белгісіз.
Просмотров материала: 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 266 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 082 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 737 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 756 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 063 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 153 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 665 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031