18 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экология пәні мектеп бағдарламасына биыл енгізілмейді – Аймағамбетов

17 август 2020, 18:02
Экология пәні мектеп бағдарламасына биыл енгізілмейді – Аймағамбетов
Қазақстан мектептеріне экологиялық мәдениет бойынша білім беру бағдарламасы биыл толық енгізілмейді. Бұл туралы бүгін KUN.KZ жобасы өткізген онлайн-конференцияда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Талқылауға Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және экологтар, қоғам белсенділері мен ғалымдар қатысты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Экология сабағын 1 қыркүйекке дейін асығыс енгізу мәселесі алдымызда тұрған жоқ. Біз ең алдымен берілетін білімнің жас ерекшелігіне қалай сәйкес келетінін, әдістемелік мәселелерді қарап, ұйымдастырып жатырмыз. Әрине, сабақтан тыс уақытта да экологиялық білім беру маңызды. Бәрін бір пәнге кіріктіріп қойсаң, тиімділігі жоғары болмайтыны белгілі... Көп мәселе ойын, тәжірибе арқылы, қолмен жасап шығару, олимпиадалар, мейкатон арқылы жүру керек. Бала тек құлағымен естіп қана қоймай, іс-әрекетпен қатысқанда ғана білімі дұрыс болады», - дейді А.Аймағамбетов.

Дегенмен білім министрі биыл 1 қыркүйектен бастап мектептерде қосымша экологиялық сағаттар жүре бастайтынын жеткізді. Яғни, экологиялық білім бағдарламасына біртіндеп енгізіледі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да осы пікірмен келіседі.

«Біріншіден, экология пәнін толыққанды сабақ ретінде мектеп бағдарламасына бірден енгізуге асықпаған жөн. Себебі, бала санасы қоршаған орта туралы күрделі ғылымға дайын болуы тиіс. Сондықтан алдымен факультативтік үйірме санын көбейтіп, осы арқылы негізін қалаған дұрыс. Екіншіден, экологиялық білім беру жүйесін үздіксіз ету керек. Яғни, орта, арнайы, жоғарғы білім деңгейлерінде бірыңғай әрі сабақтас білім негіздерін қалыптастыру қажет. Үшіншіден ЖОО-лардағы экология пәні бойынша бағдарламаларды ретке келтіру керек. Себебі, қазір әр ЖОО-ның өз еркі өзінде, жалпыға ортақ кешенді бағдарлама жоқ», - деді А.Балаева.

Сонымен бірге Балаева экологиялық мәдениет халық арасында жеткілікті насихатталмай жатқанын алға тартты. Оның пікірінше, осы бағытта жұмыс істейтін еліміздегі 170 үкіметтік емес ұйым аздық етеді.

«Экологиялық мәдениеттің бастауы білім мен тәрбиеде жатыр. Қалада өсіп жатқан балалардың ішінде қой мен ешкіні білмейтіндер, шөп пен тікенді ажырата алмайтындар көп. Бұл, әрине, ежелден табиғатпен бірге өсіп, аң-құстың киесін құрметтеген, оны жеті қазынасына қосқан халықтың ұрпағы үшін үлкен сын. Сондықтан экобілімді де, экомәдениетті де ең алдымен мектептен бастау керек», - деп айтты министр.

Мағзұм Мырзағалиев экологиялық тәрбиені кешенді жұмыс ретінде қарастырып, барлық шараға бастамашы болуға дайын екенін жеткізді.

«Экологиялық білім мектептегі бір ғана пәнмен шектеліп қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Ол қоғамның барлық өкілдерінің, сарапшылардың, мемлекеттік органдардың ортақ кешенді жұмысы болуы тиіс. Барлығы ата-аналардың берген экологиялық тәрбиесінен басталады», - деді ол.

Еске салсақ, 10 шілде күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде балаларға экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырған.
Просмотров материала: 1 209

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 756 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 428 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 923 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 962 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 335 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 377 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 407 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 728 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 377 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 446 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 759 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 849 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 533 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 410 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 302 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 643 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 380 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 782 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 583 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 416 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 261 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 459 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 346 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 113 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 410 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 796 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 089 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 165 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 387 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 538 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31