22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қисық қабырғаны" түзеу үшін ұру керек пе?

17 август 2020, 11:10
"Қисық қабырғаны" түзеу үшін ұру керек пе?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғам үшін таңсық емес. Карантин басталғалы бұл мәселе тіпті өршіп кетті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын мемлекет қалай қорғап жатыр? Заңнама қалай жүзеге асырылуда? Қазақстандағы жағдайға халықаралық ұйымдар қандай баға береді? Ал статистика не дейді? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап іздеп көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес - әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрақты дамудың 17 мақсатын қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі қабылданды. БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын 2030 жылға дейін жүзеге асыруға Қазақстан да білек сыбана кірісті.

Соның ішінде тұрақты дамудың 5-мақсаты - гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйел мен қыздың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және 16.1-мақсаты - зорлықтың барлық түрінің таралуын айтарлықтай азайту және осыдан пайда болатын өлімнің бүкіл әлемдегі көрсеткіштерін төмендету тармақтарына тоқталмақпыз.

Халықаралық сайттың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жиі кездесетін елдердің картасында Африка мен Азия елдері көш бастап тұрғанын көруге болады. Әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстар бойынша бірінші тұрған ел Ауғанстан болса, ең төмен қылмыс саны тіркелген ел Иордания болып отыр.


"Қисық қабырғаны" түзеу үшін ұру керек пе?

Өткен жылдың қорытындысында Қазақстан пайыздық көрсеткіште 14,2-ні құрады. Ол көршілес жатқан өзге Азия елдерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Алайда біз өркениетті елдердің қатарына қосылуды көздегендіктен, индекстерді Батыс елдермен салыстырған жөн шығар.



Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сарапшысы Маргарита Өскенбаева көп жылдан бері гендерлік теңдік пен саясат саласында еңбек етіп келе жатқан маман.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық - зорлықтың бір түрі ғана. Өкінішке қарай, зорлықтың қатігез түрі көп. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң талқыланып жатыр. Заңның 10 жылдық тәжірибесінен шыққан жаңа ұсынымдар ескеріледі. Сондай-ақ елімізде отбасылық гендерлік саясат аясында гендерлік күн тәртібі жүзеге асырылады. Бұл сала бойынша алға ілгерілеу айтарлықтай байқалады, - дейді ол.

"Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мақсұтбек Айтмағанбет БҰҰ қазір кибербуллинг мәселесіне де ерекше көңіл аударып отырғанын айтты.

Интернеттен келетін агрессия да өте көп. Оны реттеу мүмкін емес. Қазір смартфоны бар кез келген адам ғаламдық желіге қол жеткізе алады. Біз қазір екі өмірде күн кешіп жатырмыз. Бірі – офлайн, екіншісі-онлайн. Кейде онлайн өмір офлайнға қарағанда көп уақыт алады. Біз осы мәселелерді қолға алуымыз керек, - дейді ол.

Ал "НеМолчи.kz" зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова әйелдерді ұратын еркектер өздері сондай отбасыдан шыққанын айтады.

Қазір қоғамдық нарызылық жұмыс істемейді. Қазір біз әйелдерді агрессормен бетпе-бет қалдырдық. Себебі, полиция келіп алып кеткен күннің өзінде де, тек 2-3 немесе 4 сағат ұстауға ғана құқылы. Сол себепті де тұрмыстық зорлық құрбандары айтарлықтай көп. Мұндай әрекетке еркектер неге барады? Қоғамда агрессия көп. Қоғамдық орындарда, отбасында, мектепте агрессияға куә болып өскен бала оған үйреніп алады. Ол нормаға айналады. Мәселен, бір бала агрессияға толы, ішетін, жөн сөз айтпайтын отбасында, тұрмыстық зорлықта тәрбиеленсе, ол бала агрессияны трансформациялай алмайды. Оны қоғамға апарып шығарады. Өзінен кіші адамға, жануарға не болмаса басқа біреуге агрессия көрсетеді. Бұл "ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген мақалға саяды. Ал екінші бала отбасы мүшелері балаға, бір-біріне сыйластықпен қарап, қоршаған ортадағы адамдармен сыпайы сөйлесуге куә болып, көп оқитын, театрға бірге баратын отбасында тәрбиеленсе, ол біреуге қол көтермек түгілі артық сөз айту туралы ешқашан ойламайды. Бұл олар үшін норма емес. Осы екі жағдайда өскен екі бала отбасындағы тәрбиенің көрінісі. Егер біз қоғамдағы осы мәселені тұрақтандырып, ретке келтірмесек, қиын болады. Қазір ол мүмкін болмай отыр. Себебі, қоғамда агрессия көп, - дейді ол.

"EXPO & WOMEN" басқарма төрайымы Ләззат Асқарованың айтуынша, Қазақстанда гендерлік теңдік сақталмай отырғанын айтты. Әсіресе, ол тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесіне қатысты болып отыр.

Пандемия кезінде Қазақстанда балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршіп кетуіне байланысты БҰҰ-ның өзі үндеу жасады. Біз көбінесе дәстүрмен ақтап аламыз. "Күйеуің ұрса, жақсы көреді" дейді. Осы сынды тұрпайы, жаттанды түсініктен арылу керек. Бұл орайда БАҚ-тың да алатын орны ерекше, - деді ол.
Дағдарыс орталықтары халықаралық стандартқа сай емес

"Human Rights Watch" құқық қорғау ұйымының жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда 40-қа жуық дағдарыс орталығы бар. Ол адам басына шаққанда аздық етеді. Сондай-ақ, ұйым мемлекеттік дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін айтады. Қазақстандық әйелдер әлі күнге дейін кімнен көмек сұрау керек екенін білмейді.

"Human Rights Watch" қызметкерлері барған дағдарыс орталықтарындағы қызмет көрсету деңгейі көңіл көншітпеген. Орталық қызметкерлері жәбірленушілердің өздерін кінәлап, жәбір көрсеткен агрессорлармен қайта қосылуға кеңес берген.

Қазақстандық әйелдер зорлық-зомбылықсыз, жәбірленусіз өмір сүруге құқылы. Қазақстан билігі әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша өзінің халықаралық міндетін атқаруы керек, - дейді "Human Rights Watch" зерттеушісінің Орталық Азия бойынша көмекшісі Виктория Ким.
Дағдарыс орталықтарының жұмысын ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да сынға алған болатын.

Дағдарыс орталықтарының жұмысын талдап, жұмыс регламентін реттеу керек. Онда адам қанша күн болуы керек? Әйелдер орталықтан шыққан соң бұрынғы өміріне қайта оралып жатады. Бұл әйелдерге ойлануға мүмкіндік беріп, қайта бұрынғы күйіне оралады деген сөз бе? Онда мұндай дағдарыс орталықтарынан не пайда? Бұл мәселені де ұжымдық тұрғыда талқылауымыз керек. Бұл орталықтарда әйелдерге, балаларға, отбасыларға нақты қандай көмек көрсетілуі керек? Осы мәселелерді шешу керек.Бұл жерде ата-аналардың да іс-қимылы өте маңызды. Себебі, балада психологиялық зақым болса, есейген соң ол белгілі бір әрекетке баруы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысу да аса маңызды. Барлық мемлекеттік органның күші зорлық-зомбылық жағдайын жоюға немесе барынша төмендетуге бағытталуы керек, – деген еді Балаева.

Қазақстандағы барлық дағдарыс орталықтары әйелдерге бағытталған. Еркектерге арналған дағдарыс орталықтары жоқ. Дағдарыс орталықтары тікелей жұмыс істеуі керек тұлғалар – әйелін ұратын еркектер.
Маргарита Өскенбаева атап өткендей, дағдарыс орталықтарына еркектер де бара алады.

Дағдарыс орталықтары гендерлік ерекшелігіне қарай жұмыс істемейді. Орталықтар барлығына ортақ. Алайда тәжірибе көрсеткендей, еркектер орталықтарға жүгінбейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары көбінесе әйелдер болады. Қазақстан тәжірибесінде ерлерге арналған дағдарыс орталықтары болған. Бірақ оған ешкім жүгінбегендіктен жабылып қалған. Дағдарыс орталықтары барлығына арналған, - деді ол.

Сөйлейді сандар

Иә, пандемияға байланысты енгізілген карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артқан. Өзін-өзі оқшаулау кезінде 8 мыңнан астам азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапқа тартылды. Оның жартысы әкімшілік қамауға алынды. Дағдарыс орталығына 500-ден астам жәбірленуші бағытталды.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер полицияның сотқа отбасылық тиранның жүйелік зорлығына қатысты деректерді жинап көрсетуге мүмкіндік бергенін айтты.

Денсаулыққа зиян келтірген отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жаза қарастырылған. Ол бұрындары тек жәбірленушінің арызы бойынша ғана жүзеге асырылатын. Сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы санкция 3-тен 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау күшейді. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша санкция 5-10 тәулік пен айыппұл қарастырылған. Осы бұзушылық 1 жылдың ішінде қайталанса, баптардың санкция бойынша денсаулыққа мақсатты түрде зиян келтіргені үшін 20 тәулікке, қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке жаза қолданылады, - деді ол.

Әсет Оспанов биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында әкімшілік тәртіпке 13 мыңнан астам құқық бұзушы тартылғанын айтқан болатын.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша 6,5 мың адам, қол жұмсағаны үшін 3,5 мың адам, қорғау нұсқамасын бұзғандар - 3,5 адам тіркелді. Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жүйесіндегі басты негіз - 2009 жылдың желтоқсанында қабылданған "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" арнайы заң, - деді Оспанов.

Ал ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан биылғы 1 қаңтардан 5 тамызға дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 454 қылмыстық бұзушылық тіркелгенін айтты.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебіне сәйкес, 2015 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 412 қылмыстық бұзушылық тіркелді, оның 293-і сотқа жолданды. 2019 жылы 898 қылмыстық бұзушылық тіркелді, 525-сі сотқа жолданды.

16 наурыз бен 11 мамыр аралығында 156 қылмыстық бұзушылық тіркелді. 5 шілдеден 5 тамызға дейін 7 қылмыстық бұзушылық тіркелді. Оның екеуі сотқа кетті. 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 5 тамызға дейінгі аралықта 241 тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс тіркелді. Оның ішінде 33-і адам өлімімен аяқталды.

P.S: Бір хадисте әйел еркектің қабырғасынан жаратылған деп айтылады. Көп еркек осыны басшылыққа алып, әйелін өзінің меншігіне айналдырып алатындай. Теңдіктің сақталмауы осы жерден басталса керек. Бірақ Алла елшісі айтқан: "Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзулеймін десеңіз, сындырып аласыз.

Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер". Біреуді ұрып-соғу – қиянат және қылмыс. Қылмыс жасағандар міндетті түрде жазаға тартылуы керек. Осыны күші мен танысына сенетін "ұр тоқпақтар" есінде сақтаса екен деген тілек бар.

Просмотров материала: 1 015

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 237 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 053 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 708 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 727 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 034 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 663 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 911 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 151 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 663 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 500 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031